А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет172/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

қоректік тізбек 
немесе
трофикалық тізбек 
– бұл бір-бі рі нен орга-
никалық заттар мен энергияны жүйелі түрде алып отыратын тірі ағзалар 
қатары.
Қоректік тізбек бойынша энергия берудің маңызды бөлі гі – оны 
жоғалту болып табылады. Бір қоректік (трофикалық) деңгейден басқасына 


220
10%-дай энергия өтеді. Қалғаны алдыңғы ағзаның тіршілік әрекетін 
сақтауға жұмсалады, жылу түрінде жойылады және т.б. Мысалы, егер 
өсімдік Күннен 1000 кДж энергия алса, шөпқоректі жануарларға тек 100 
кДж энергия өтеді. Осы шөпқоректі жануармен қоректенген жыртқыш 
10 кДж, ал жыртқыштың жыртқышы 1 кДж энергия алады. Сондықтан 
қоректік тізбекте 4–5 буын нан артық болмайды (109-сурет).
109-сурет.
Бұл суретте тунец пен акула үшінші-төртінші реттік консументке тиісілі. Ал түскі 
тамаққа қалбырдағы тунецті жеген мысық төртінші-бесінші реттік консументке жатады
майшабақ
көк акула
құмбалық
нәлім
тунец
теңіз құрты
күрекаяқтылар
ескек аяқты 
шаяндар
асшаян
жануар планктон
өсімдік планктон
Продуценттер
Бірінші реттік тұтынушылар
Екінші реттік тұтынушылар


221
1 2 - с ы з б а
1-консументтер
продуценттер
3-кон. 
2-кон. 
2-консументтер 
1-консументтер 
продуценттер
3-кон
а)
ә)
Қоректік тізбекте энергия жойылуының сандық бей не сіне 
эко-
логиялық­ пирамида­ ережесі
жатады
.
Пирамида – ағзалардың шынайы 
немесе модельденген мөлшері көрсетілген бірінші деңгейден бастап 
соңғысына дейінгі қоректік (трофикалық) деңгейлер. Ол көбінесе дана-
мен емес, қандай да бір басқа бірлікпен, мысалы, тоннамен белгіленеді. 
Пирамида табаны (продуценттер) төбесінен (үшінші-төртінші реттік кон-
сумент) едәуір артық болуы керек. Барлық биіктігі бойынша пирамида 
дұрыс, бірдей болғаны жөн. Сонда оның сол экожүйедегі тұрақтылығы 
қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет