А. Соловьева, Б. Ибраимова


Тамақтан уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек



Pdf көрінісі
бет44/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

59
Тамақтан уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек. 
Тез ара-
да дәрігер шақыру керек. Дәрігер келгенше асқазан мен ішекті тазар-
ту қажет. Ол үшін көп мөлшерде су немесе марганцовканың (калий 
перманганатының) жылы, ашық қызғылт түсті әлсіз ерітіндісін ішіп, 
құсу керек. Бұл шараны бірнеше рет қайталау қажет. 
Тағы бір қауіпті ішек ауруына 
ботулизм
жатады. Бұл тамақтан 
уланудың ауыр түрі. Оның қоздырғышы оттексіз ортада тез көбейеді. 
Ауруды бұзылған балық, қалбырдағы ет немесе көгөніс тудыруы мүмкін. 
Егер консервілейтін өнімге (саңырауқұлақ, көгөніс, балық) то пырақ тисе, 
ал топырақта ботулизм қоздырғышы болса, гер ме тикалық жабылған 
ыдыста ол міндетті түрде көбейеді. Сақтау мерзімі өтіп кеткен немесе 
қақпағы ісіп, көтеріліп тұр ған және ішіндегі түсі өзгерген өнімді жеуге 
болмайды. 
Ботулизмнің ауру белгілері тез байқалады, сирек жағдайда 7 күнге 
дейін жасырын кезеңі болуы ықтимал. Ботулизм кезінде жүйке жүйесі 
зақымдалады (көру, сөйлеу, жұту нашарлайды). Ерте байқалатын 
белгісіне «тамаққа бір нәрсе тұрып қалғандай әсер болады», жұтыну 
қиындайды. Бұл ауруға күмәнданған кезде тез арада дәрігерге қаралу 
керек. Ботулизм – өте қауіпті ауру және дәрігердің көмегінсіз жазылып 
кету мүмкін емес. 
Улы­ саңырауқұлақтармен
улану да қауіпті болып табылады. 
Сондықтан білмейтін саңырауқұлақты ешқашан жеуге болмайды. Жеу-
ге жарамды саңырауқұлақты алдымен тазалап алады, сосын қайнатады. 
Саңырауқұлақты бір рет қайнатып алған соң ғана пісіруге, қуыруға не-
месе тұздауға болады. 
гигиеналық ережелер 
тамақ жұқпаларының, ішекқұрт тардан 
уланудың алдын алады. Аурудың алдын алу үшін жекебас гигиенасын 
сақтау керек. Тамақ жеу алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды 
жуу қажет. Сонымен қатар тырнақты міндетті түрде алып отыру керек. 
Себебі көбінесе тырнақтың астына паразит құрттардың жұмыртқалары 
жиналады. Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау керек. 
уланудың алдын алу үшін азық-түлік өнімдерін тоңазытқышта сақтау 
қажет. Жылы жерде сақталған шұжық (колбаса) пен қалбырдағы 
тамақты пайдалануға болмайды. 
Абай болыңдар! Дәрі-дәр мек терді дәрігердің тағайындауынсыз қабыл-
дауға болмайды!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет