А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет116/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

естеріңде болсын!
Табан күмбезі дене массасын тең бөледі де, 
аяқкиім табанына бұлшық еттердің, қан тамырлары мен жүйкелерінің 
қысылуын болдырмайды; жүрген кезде серіппе сияқты әсер етеді. Ша-
малы жалпақтабандылық орын алғанда, адам жүрген кезде табаны ауы-
рады. 
Қаңқаның дамуына тамақтану да әсер етеді, бірақ шешуші рөлді 
қаңқа бұлшық еттері атқарады. Ал олардың қалыптасуы көп жағдайда 
дене жүктемесіне байланысты
.
Гиподинамия,­гипокинезия,­жалпақтабандылық.
Білу және түсіну:
1. Табан қан тамырларының қысылуы мен өкшенің ауруы не себептен 
болатынын түсіндіріңдер.
87-сурет.
 Қалыпты 
табан қаңқасы 
мен іздері (а); 
жалпақтабандылық 
кезіндегі қаңқа және 
iзі (ә)
а
ә


152
2. Енжар өмір сүру салты бірінші кезекте қандай мүшелерге қауіпті 
екенін түсіндіріңдер. 
қолданылуы:
1. Сіңірдің созылғыштығы, бұлшық еттің дамуы, сүйектердің беріктігі, 
жоғары зат алмасу, ӨТС-тің артуы, қан айналымның жақсаруының 
себептерін айтыңдар. 
2. Дұрыс сымбатты қалай қалыптастыруға және сақтауға болатынын 
сипаттаңдар. 
Талдау:
1. Спарталықтар не себепті ұлы жауынгер болғаны туралы пікірлеріңді 
айтыңдар. 
2. Белсенді өмір сүру салтының маңызды екенін мысалдар келтіріп 
көрсетіңдер. Қан тамырлары тарылғанда және атрофия (сему) кезінде 
қандай аурулар пайда болуы мүмкін? 
Синтез:
1. Денешынықтыру жат тығулары денсаулықты нығайтуға көмектеседі 
деп есеп теген ежелгі грек ғалымын атаңдар. Талқылаңдар. 
2. Омыртқа жотасының қисаюын қандай ауруға жатқызуға болатынына 
жалпы сипаттама беріңдер. 
Бағалау:
1. Спортпен шұғылданатын адамдарда жүрек-қан тамырлары ауру-
ларының даму қаупі қаншалықты төмен болатынын бағалаңдар. 
2. Денешынықтыру белсенділігінің пайдалылығы туралы қысқаша баян-
дама дайындаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет