А. Т. Аязбаева имидж технологиясы монография



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата11.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#137408
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ИМИДЖ 
 
ЖАҒЫМДЫ 
 
СЫ
РТҚ
Ы
КЕ
ЛБЕТ
 
 
ҰЙЫМ 
БЕЙН
ЕСІ
 
 
ІС
КЕР
И 
 К
О
ММ
УНИ
КАЦ
И
ЯЛАР

БАЙСА
ЛДЫ 
ЫМ
-ИШ
АРАТ
 
МІНЕЗ
-ҚҰЛЫҚ 
СТРАТЕГ
ИЯ
СЫ
 


24 
Әртүрлі кәсіптік салалардағы мамандардың баянды түрдегі жағымды 
имиджі оның орта алдындағы сыртқы және ішкі бейнесі болып табылады. Ол 
сыртқы келбет (тартымдылық), мекеменің бейнесі, іскери коммуникациялар, 
байсалды ым-ишарат, іс-әрекеттің ұтымдылығы және өзін-өзі ұстау
стратегиясы арқылы қалыптасады (1-сурет). Оның элементтері маманның 
сыртқы бейнесімен қатар ұйым бейнесі де болып табылады, нақты айтқанда,
оның бастапқы негізі болып саналады. Маманның сыртқы келбеті тиісті киімді 
таңдай білу және киіне білу, шаш қоя білу, мимика мен қимыл мәдениетін 
меңгеру сияқты негізгі қосылғыштардан тұрады. Шетелдік зерттеушілер киім 
мәдениеті деп киімнің көмегімен жасалған бейнені айтады, ол сізді 
басқалардың қалай қабылдауында маңызды рөл атқарады. «Кітапты 
мұқабасына қарай, ал адамды киіміне қарай қабылдаймыз, бұл –тексерілген 
факт» 
1

Энн Мэри Саббат қызметкер ғылыми дәреже алу үшін мыңдаған 
долларын шашып, қаншама күш-жігерін жұмсауға дайын болады, ол сөзсіз 
терең де пайдалы білімді меңгеретініне еш күмән жоқ, бірақ оның сырт келбеті 
өзге адамдарда оның өзі үшін және онымен жұмыс жасау ынтасын тудыратын 
басты факторлардың бірі болып қала береді деп есептейді.
2
В. М. Шепельдің 
пікірінше, өзіңе лайықты киімді таңдай білу өнері, одан да маңызды болып 
есептелетін имидждеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қалай 
айтсақ та, біздің киіміміз сырт көзге біз туралы көрнекті, ауқымды ақпарат 
болып табылады, басқаша айтқанда, өзінше бір визит карточкасы.
3
Кәсіптік 
қызмет киімге ерекше талап қояды. Білікті адамның сыртқы келбеті –табысқа 
жетудің алғашқы қадамы, себебі костюм ол жұмыс істейтін кәсіпорынның 
салиқалылығының және сенімділігінің өзіндік коды болып табылады. Сәнді, 
әдемі және үйлесімді киім адамды көріктендіреді, оның сырт келбетін осы 
заманға лайықты және тартымды етіп көрсетеді, оны іштей жинақы ете түседі, 
айналасындағы адамдарға жағымды әсер, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Іскер адам үшін киім мәртебесінің (престиж) маңызды факторларының 
бірі, өзінің кәсіби жетістігінің дәлелі болып саналады. Дұрыс таңдалған іскери 
костюм жағымды әсер қалдырады, кәсібилігі мен ұйымдастырушылық, 
жинақылық, тазалық сияқты жеке басының басқа да қасиеттерін көрсетеді, 
осылайша қоршаған ортаға жағымды әсер етеді. Жоғары деңгейдегі білікті 
маманның, көшбасшының имиджі қарапайым орындаушының имиджінен 
оқшау болуы тиіс. Егер қызметкерге оның іскерлігі, ұқыптылығы және 
жинақылығы маңызды болса, ал көшбасшы өзінің бейнесі арқылы сенімді әрі 
күшті жеке тұлғаның сипатын көрсете білуі тиіс, осы арқылы оның кәсібилігі 
оның жоғары мәдениетімен және оның мәртебесінің маңыздылығымен ұштасуы 
тиіс. Маманның бейнесінде (сот, басшы және т.б.) өте жоғары ресмилік және 
1
Энн Мэри Саббат . Бизнес этикет. – М.:1999.- 24 б. 
2
Энн Мэри Саббат. Бизнес этикет. - М.: 1999.- 33 б. 
3
Шепель В.М. Имиджелогия: жеке тартымдылық құпиялары. – М.: Культура и спорт. ЮНИТИ, 1997.- 235 б. 


25 
тұрпайылық қарым-қатынастарға жол бермеу сияқты қасиеттер басым болуы 
тиіс.
«Имидж» түсінігін анықтауға енетін келесі компонент іскери 
коммуникациялар болып табылады. Біздің қалай сөйлейтініміз және оны қалай 
іске асыратынымыздың барлығы алға қойған мақсаттарға қол жеткізудегі 
табыстарымызды анықтайтын болады, яғни сөздің дәлдігі, нақтылығы және
тұжырымдылығы, сөз арқылы сенімділік тудыра білу кез-келген іскери қарым-
қатынастың міндетті шарттары болып табылады. Дұрыс сөйлей білу – жеке бас
имиджінің орталық элементі. Ол телефонмен сөйлескенде өзің туралы алғашқы 
түсінік қалыптастырудың бірден-бір каналы болып табылады. Бұл тіл кез-
келген адамның жеке тұлғасын анықтаушы маңызды компоненттердің және 
бүгінгі күні өз ісінің маманының іскери имиджін құрайтын негізгі бөліктерінің 
бірі деген тұжырым жасауға негіз болады.
Вербальдық коммуникациялар вербальдық емес сипаттамалармен қатар 
жүреді. Вербальдық емес сипаттаманың негізіне қимыл экспрессиясы жатады. 
Қозғалыс арқылы әр адам дене тілімен сөйлейді, яғни қимылдардан және 
мимикалардан тұратын дыбыссыз тіл, оларсыз имидждің тиімділігі төмен 
болады. Вербальдық емес коммуникация құралдарын игеру табысты іскерлік 
қарым-қатынас үшін және формалдық емес қарым-қатынастарда әдепті сақтау 
үшін қажет, себебі вербалдық емес коммуникация арқылы, яғни – жүріс-тұрыс, 
ым-ишарат, қимылдар, мимиканың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында 
берілетін және алынатын ақпараттың көп бөлігін беруге болады.
«Имидж» анықтамасына енетін тағы бір компонент – ым-ишараттың 
байсалдылығы. Ым-ишараттың байсалдылығы деген ұғымға этикеттің барлық 
түрлерін қолданудың білім, білік және дағдысы жатады. Этикеттің бірнеше түрі 
болады: іскерлік, қызметтік, телефондық, мейрамханалық, жол этикеті, 
халықаралық этикет, бұл этикеттердің барлығы да терең зерделеуді қажет етеді. 
Барлық мамандар этикеттің жоғарыда көрсетілген түрлерімен қызмет бабында 
тоғысып жатады, өйткені жоғары деңгейдегі кәсіби маман болудың 
алғышарттарының бірі этикет туралы білімге негізделген. 
Этикет сөзінің мәні қарапайым да түсінікке жеңіл анықтамамен 
түсіндіріледі, басқа сөзбен айтқанда «этикет дегеніміз – нені қашан істеу керек 
екенін білу». Этикет ережелерін жақсы білу ым-ишараттың байсалдылығынан 
байқалады, басқа адамдармен тікелей қарым-қатынасқа түсу немесе хат алмасу 
барысында туындайтын көптеген күмәнді жағдайларды жемісті жеңе білуге 
көмектеседі. 
Болашақ маманның жеке имиджін қалыпастыру – бұл, түптеп келгенде, 
жеке және кәсіби қасиеттерін өзгерту. Бұл үрдіс, ең алдымен, іс-қимыл, ойлау 
және жүріс-тұрыс образын дұрыс таңдауды қарастырады. Келесі кезең – жаңа 
рөлдегі жүріс-тұрысыңның, мінез-құлқыңның қандай болатынын ойша 
елестетіп, бекіту. Бұл жағдайда өзің қабылдаған рөлдегі өзіңнің іс-әрекеттеріңе 
ойша жаттығуың керек, болашақ маман қабылдауы тиіс «жаңа адамның» 
өмірінің белгілі бір кезеңдеріне еніп, сол адам болып өмір сүріп көру керек. 


26 
Содан соң қабылданған сол сценарийді өмірге енгізу керек, бұл таңдалған 
рөлді тәжірибеде сынауға мүмкіндік береді. Осылайша, имиджді өзгерту үшін 
болашақ кәсіптік қызметтің жаңа сипаттамасын моделдеу керек болады. Жаңа 
жағымды образды жасау үшін болашақ маман өзін-өзі қайта қарауы тиіс, өзіне 
сырт көзбен қарап, өзінің сырт бейнесін, мимикасын, ым-ишаратын, іс-
қимылын өзгертуі тиіс, ауызша және жазбаша коммуникацияның дағдыларын 
меңгеруі тиіс және қызметтік этиканың ережелері мен нормаларын оқып-
игеріп, кәсіби іс-әрекеттің жаңа үлгісін, жаңа моделін жасауы тиіс.
Демек, егер адам өзінің сыртқы келбетін өзгертсе, онда оған лайық оның 
іс-әрекеті де өзгереді. Іс-әрекет, мінез-құлық жағымды имидждің барлық
компоненттерін құрайды, сонымен қатар айна тәрізді барлық болған 
өзгерістерді бейнелей алады, көрсетеді. Адам өзінің имиджін жағымды жаққа 
қарай өзгертуге тырысса, яғни оны жағымды етуге ұмтылса, онда ол қаласа да, 
қаламаса да, өзгеріске түседі, нақты айтсақ, іс-әрекетінің, мінез-құлқының
қажетті стратегиясының үрдісі жүре бастайды.
1.3.
МАМАННЫҢ КӘСІБИ БЕДЕЛІ 
Мінез-құлық, іс-әрекет – жеке тұлғаның өзінің жеке имиджін бейнелейтін 
айна. Адам мінез-құлық, іс-әрекеттің өзіне табыс әкелетін моделін меңгеруге 
тырысады. Мінез-құлық, іс-әрекеттің моделін таңдау барысында субъект тек 
өзіне ғана тәуелді емес, өзінен басқа өзге де көптеген сыртқы салдарларға 
тәуелді екенін атап өту қажет. Қоғамның өмір сүру деңгейі неғұрлым төмен 
болған сайын, ондағы азаматтардың тұрмыстық қажеттілік туралы уайымдары 
да соншалықты басым болады. Өмір сүру деңгейі жоғары қоғамда адамдар 
рухани тұрғыдан маңызды мәселелерді шешуге бейім тұрады. Алайда, бірінші 
және екінші жағдайда да адамдардың рухани белсенділігі үлкен рөл атқарды. 
Рухани әлсіз адам сыртқы шарттарға неғұрлым тәуелді. Болашақ маманның 
өзінің мінез-құлық, іс-әрекетін қалыптастыруында қарым-қатынас үрдісіндегі 
мінез-құлық, іс-әркетінің саналылығын түсіну қажет деп есептейді В. М. 
Шепель. Егер бұл мінез-құлық, іс-әрекет алдын-ала есептелген, қандай да 
қалыпқа салынған болса, қарым-қатынас әркім үшін неғұрлым аз зиянмен іске 
асады.
Өзінің немесе өзгелердің мінез-құлық, іс-әрекетін түсінуге тырысатын 
адам тиісті мінез-құлық, іс-әрекеттердің себептерін іздестіруден бастайды, яғни 
мінез-құлық, іс-әрекет уәждеріне талдау жасайды. Егер субъектінің мінез-
құлық, іс-әрекеті тек бір ғана уәжге байланысты болатын болса, бұл ізденістер 
ешқандай қиындықтар тудырмас еді. Мінез-құлық, іс-әрекеттің бір мезеттегі
бірнеше уәждің болуымен анықталатыны көптеген сынақтар арқылы 
дәлелденді. Егер хайуандарда қоздырғыштар жиынтығында мінез-құлық, іс-
әрекеттер барысында таңдау реакциясы күрделі шартты рефлекстер деңгейінде 
жүзеге асса, ал адамда нерв жүйесінің реттеуіш механизмдерінің жоғары
эволюциялық деңгейін білдіретін сана функциясынан уәж пайда болады. 


27 
Сондықтан да шешімдер қабылдаудың және өзгертудің белгілі бір рөлін 
«саналы уәж» атқарады.
Қандай да бір мінез-құлық, іс-әрекеттердің сипатына саналы түрде қарау 
сияқты уәж туралы айтқанда, оның өздігінен белгілі бір мақсатқа бағытталған 
іс-қимылдың себебі емес екендігін ұмытпауымыз керек. Ол тек организмнің 
ішкі немесе объективті сыртқы құбылыстардан туындаған қажеттіліктерінің
психикасындағы көріністің нәтижесі болып табылады. Ғылыми зерттеулерде 
осы мәселені шешудің әртүрлі әдістері белгілі. Болашақ маманның кәсіби 
қызметін есепке алмағанда, мінез-құлық, іс-әрекет моделін таңдауда 
басшылыққа алатын критерийлері қандай?
Біріншіден, маманның жағымды имиджі мінез-құлық, іс-әрекеттің 
қабылданған заң нормаларына, яғни заңға сәйкес болуы тиіс. Заңдар мен 
құқықтық нормаларды құрметтеу – өркениетті, дамыған іскерлік қарым-
қатынастардың озық белгісі. 
Екінші маңызды құрамдас бөлігі адамгершілік тұрғыдан мінсіздік болып 
табылады. Қоғамда жалпыға ортақ адалдық, әділеттілік, төзімділік, құрметтеу 
сияқты адамгершілік нормалары бар, оларды сақтай білу маман үшін аса 
маңызды шарт болып табылады. 
Үшіншіден, жеке тұлға мінез-құлық, іс-әрекет жасау барысында немесе 
қандай да бір жағдаят салдарынан тап болған нақты жағдайды, сонымен қатар 
оның алдына қойған мақсаттарын да ескеру қажет. Адам үшін қоғамдық-
маңызды мақсат неғұрлым қажетті болса, оның соншалықты «рухы көтеріңкі» 
болады.
Болашақ маманға біреудің іс-қимылын қайталау өзінің «Менін» 
жоғалтуға әкелетінін түсінуі қажет, «мені» жоғалған адамның даралығы да 
жоғалады. Болашақ маманның жағымды имиджін қалыптастыруда нәтижеге 
ниет пен оны іске асырудың саналы үйлесімділігі арқылы ғана қол жеткізуге 
болады. Бұл өзара байланыс неғұрлым жарасымды болса, соғұрлым адамның 
имиджі жағымды болады. Қоршаған орта мен әріптестердің ықыласына ие 
болуға мүмкіндік беретін жағымды имидждің оңтайлы жобасын қалыптастыру 
үшін болашақ маманға іскери этика нормаларын қатаң сақтай білуді үйренген 
дұрыс. Кәсіби этика кәсіпкерлік қызметке қатысты іс-әрекеттік қағидаттар 
жиынтығын білдіреді. Мұндай этика кәсіпкерлердің іскери қарым-
қатынастарын, сондай-ақ олардың жеке басының іс-әрекеттерінің іскери 
әлемдегі жалпы қабылданған бизнесті жүргізу қағидаттарына сәйкестігін
қарастыруға және бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан да іскери этикада 
оның жүйелі элементтері болып табылатын адамгершілік құндылықтарды атап 
өткен жөн. 
Бірінші және ең маңызды құндылық – іскери қарым-қатынастардағы 
адалдық және әдептілік. Бизнесте адалдықты талап ету оның табиғатынан 
туындайды. Жалғандық қалыпты экономикалық үрдіс үшін негіз бола 
алмайды. Керісінше, ол әріптестердің мүдделеріне қауіп төндіреді. Саналы 
түрде алдауға баратын адамдар іскери әлемде сынға ұшырайды, себебі, түптен 


28 
келгенде, олар ұтпайды, керісінше, ұтылады. Әрине, бизнесте қиындықтар,
асыра пайдаланушылық, қарапайым әдепсіздік және осылардың салдарларынан 
туындайтын дау-жанжалдар да болып тұрады. Дегенменен, бизнесте ең 
бастысы – әріптеспен одан әрі алға даму үшін және осы қатынастарды дамыту 
үшін адалдық, әдептілік, өзара тиімді келісімдер жасауға ұмтылу. 
Іскери этика еркіндік сияқты жалпы адамгершілік құндылыққа
негізделеді. Бұл бизнесмен немесе менеджер тек өзінің коммерциялық іс-
қимылының еркіндігін ғана емес, оның ісіне араласуға жол бермеу, оның 
мүдделеріне қысым жасамау дегенді білдіретін өзінің бәсекелесінің де 
еркіндігін бағалауы тиіс. Іскери қарым-қатынастардың тағы бір негізгі 
қағидаттары төзімділік болып табылады, ол төзімділік – әріптестердің, 
клиенттердің және бағыныштылардың кемшіліктері мен әлсіздігін «айғаймен» 
немесе «күшпен» өзгерте алмайтындығын, оны өзгертудің мүмкін еместігін 
түсіне білу. Төзімділік даулы жағдайларды олар пайда болмай жатып, басып 
тастауды үйретеді. Төзімділік өзара сенімділікті тудырады, түсінбеушілікті 
және сенімсіздікті жоюға мүмкіндік береді. Іскери қарым-қатынастар әркезде 
де түрлі келеңсіз жағдаяттар және негізсіз даулармен қатар жүреді. Сондықтан 
да мұндай қарым-қатынастар әдептілік пен сыпайгершілікті қажет етеді. 
Қарым-қатынастар барысындағы әдептілік іс-әрекет, мінез-құлықтың қажетті 
нормалары мен мақсаттарын түсіну ғана емес, оларды нақты бір адамдарға 
қатысты қолдана білу дағдысы болып табылады. Әдептілік, ең алдымен, 
ізгілікке, қайырымдылық пен адамгершілікке, ілтипат пен сыпайлылыққа
бағытталады. 
Әдептіліктің жалпы ережесі – қоршаған ортадағы адамдар өмірінде 
қарым-қатынастар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау, біздің іс-
әркетімізден туындауы мүмкін болатын қолайсыздықтарды ескере отырып,
жою. Бұл ретте, бір адамның жайлылыққа деген мүддесінің мөлшерін 
арттыруға да болмайды, себебі бұл басқа бір адамға жаңа қолайсыздықтар 
тудыруы мүмкін. Тең дәрежеде сақталған әдептілік мінез-құлық, іс-әрекетті 
жан-жақты 
қамтиды 
және 
айналадағы 
адамдарға 
біздің 
жасаған 
ықыласымыздың сыртқы көрінісі болып табылады.
Әдептілік қарым-қатынастағы сыпайылық пен елгезектікті өзіңнің 
әріптестеріңнің өзіңе деген сүйіспеншілігін құрметтей білу деп түсіну керек. 
Әдептілік – өзара қарым-қатынастардағы сыпайылық пен шынайылықтың 
жоғары деңгейдегі кәсіби бизнесмендер мен менеджерлерге ғана тән ерекше
көрінісі. Әдепке қарағанда оның өзгеше эмоционалдық бояуы, нақты адамға 
көбірек көңіл аудару, ақжарқындық және елгезектік қасиеттері бар. 
Сыпайлылық адамдарға деген нәзік және ерекше қарым-қатынасты, оларға 
деген ақжарқындық пен қайырымдылықты көрсетеді. Сыпайлылықтың басты 
қасиеті қоршаған орта жағдайын нәзік сезініп, қабылдай білу, басқа адамның 
көңіл-күйіне және қажеттіліктеріне қайырымдылық, қамқорлық білдіру, 
сонымен қатар, егер ол қателіктер жіберіп, түсінушілікті, қолдауды қажет етсе,
уақытында және байқатпай көмек көрсете білу болып табылады. Солай бола 


29 
тұрып, әдептілік мәселесінде артық кетпеу керек, ешқандай негізсіз мақтау 
жағымпаздыққа әкеледі. 
Төзімділік және әдептілікпен қатар болашақ маманның имиджін 
қалыптастыру адамдардың жеке басы мен іскерлік қасиеттерін және оның 
қызметін объективті бағалауды болжайтын, олардың даралығын, сынға және 
өзін-өзі сынауға ашықтығын мойындайтын шыншылдық сияқты жалпы 
адамгершілік қағидаларының сапасына бағдарлануы тиіс. Іскер адамның мінез-
құлқын сипаттайтын жалпы адамгершілік қағидаларына оның өзіне деген 
талап қойғыштығын, өз ісіне шынайы беріле білуін, сондай-ақ табандылығын, 
басқалардың пікірімен санаса білуін, әзілге жақындығы мен өзін-өзі мысқылдай 
білуін жатқызуға болады. 
Барлық жоғарыда аталған жалпыадамзаттық құндылықтар мен кәсіби 
іскерлік қасиеттер бір-бірімен өзара байланысты, сонымен қатар, бүтіндей 
алғанда, болашақ маманның іс-әрекет, мінез-құлық жобасын байқатады.
Бүгінгі күннің кәсіби шеберінің жағымды имиджінің жобасына келесі қасиеттер 
жиынтығын жатқызуға болады:
- кәсіби адам өзін жеке тұлға ретінде бағалай біледі және іскерлік өзара 
қарым-қатынастарда төзімділік, сыпайылық және әдептілік көрсете отырып,
басқаларға құрметпен қарайды, өзіне де, өзгелерге де сенім білдіреді; 
- ол өзінің кәсіби беделін құрметтей біледі; сондықтан да оған іскерлік 
қарым-қатынастарда адалдық, шыншылдық, әділеттілік, жауапкершілік, 
құзыреттілік міндетті түрде қажетті болып табылады; 
- кәсіби адам бәсекелестіктің қажеттілігін мойындай біледі, алайда 
ынтымақтастықтың да маңызды екенін түсінеді; ол тек өзінің іс-қимылының 
еркіндігін ғана емес, өзінің бәсекелестерінің де еркіндігін бағалайды;
- тәуекел етуден және қабылданған шешімнің барлық жауапкершілігін 
өзіне алудан қорықпайды. 
Болашақ маманның жағымды имиджінің жобасының негізі ретінде
менеджердің, басшының, көшбасшының имиджінің жағымды бағыттарына 
жатқызуға болатын жалпыадамзаттық құндылықтарды атауға болады.
Олар кәсіби қызметтің табыстылығын алдын-ала есептеп білуге және 
өндірістік іс-әрекеттерді дер кезінде ескеріп отыруға мүмкіндік береді. Бұл 
қағидат өзіңнің іс-қимылдарыңды осы жағдаяттар, орын және уақыт 
шеңберінде неғұрлым жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін бере алатын мінез-
құлық, іс-әрекет алгоритміне сыйдыра білуді талап етеді. Мінез-құлық, іс-
әрекет алгоритмдерін дұрыс таңдай білу дегеніміз жоғары маманға тез тіл 
табысуға көмектесетін, сол себепті оның имиджін неғұрлым тартымды ететін 
дұрыс нұсқаларды табуды білдіреді 
Анықтау үшін жағымды имидж қалыптастыру моделінің төрт критерийін 
бөліп қарастырайық.
Мінез-құлық, іс-әрекеттің алгоритмін таңдауды айқындайтын бірінші 
критерийі болашақ маманның өзінің алдына қойған қандай да бір нақты 
мақсаттары болып табылады. Қандай да бір әріптесімен немесе клиентпен


30 
байланысқа бармай тұрып, маман өзінің осы кездесу барысында не істеуі керек 
екенін, не мақсатпен байланысқа түскелі отырғанын нақтылайды. Сонан соң ол 
өзінің мүдделерін нақты және анық тұжырымдап, оны қарапайым сөздермен 
түсіндіре білуі керек. Қандай да бір нақты мақсатқа қол жеткізу барысында 
оған деген қызығушылықтың салдарынан оған жету жолындағы кезеңдерді рет-
ретімен сақтай білудің маңыздылығын назардан шығармау керек. Оның дәл осы 
сәтте, дәл осы жалғыз кездесуде, осы әңгімелесу немесе сөйлесу барысында
нені көздеп отырғанын нақты айқындай білу білігі аса қажет болады. Тек 
осындай жағдайда ғана алға қойған жалпы мақсатқа қол жеткізу логикасын 
білуге және мақсаттың орындалуында табысқа жетелейтін операциялардың 
бірізділігін таңдауға болады. 
Екінші критерий – кәсіби маман әрекет ететін немесе түрлі жағдайлар 
салдарынан туындаған нақты іскери жағдаяттарды есепке алу. Нақты іскери 
жағдаятты тек дұрыс бағалау ғана осы жағдай үшін оңтайлы болатын жағымды 
имиджді таңдауға мүмкіндік береді. Адам үшін тек өзінің іс-әрекетін ғана емес, 
басқа да адамдардың нақты және әлеуетті іс-қимылын да талдау білу қажет. 
Жағымды 
имидж 
таңдаудың 
үшінші 
критерий 
ретінде 
өз 
мүмкіншіліктерін парасатпен және сыни көзқараспен есепке ала білуді, оларды 
нақты бір жағдайларда дұрыс пайдалана білуді атауға болады. Осы тұста 
маман үшін ең бастысы – өзінің физикалық, эмоциялық, әлеуметтік 
мүмкіндіктерін асыра бағаламау. Асыра бағалаған жағдайда қарама-
қайшылықтарды шешу әлдеқайда күрделене түседі.
Төртінші критерий тұлғаның жыныстық және жас ерекшеліктері 
сипаттарын есепке алу арқылы жүзеге асырылады, бұл жерде түрлі жыныстағы 
іскер әріптестердің өз басшысының олардың ықыласын күтетін тұлға ретінде 
көрінуі мүмкін болатын жайттар ескерілген субъективті және кәсіби 
ерекшеліктер туралы айтылып отыр. Мысалы, әйелдер ер адамның тартымды 
қасиеттері 
ретінде 
«зияткерлік 
ерекшеліктерін», 
«ер 
мінезін», 
«қайырымдылығын» бағаласа, ал ер адамдар әйелдердің «бет-келбетінің 
тартымдылығын» және «сүйкімділігін» ерекше бағалайды екен. Мұндай 
дәмелену өзара әрекет ететін әріптестердің жас ерекшеліктеріне қатысты да 
болады екен. Мұндай критерий туралы айтқанда, тартымды іскери имидж 
жасауда бұл критерийлердің толыққанды қолданылмайтынын да атап өткен 
жөн. Әйел адамдар да, ер адамдар да бір-бірімен іскери қарым-қатынасқа түсу 
барысында өздерінің коммуникацияларын көтерудің, басқаша айтқанда жеке 
тартымдылығын арттырудың орасан зор резервіне ие болады екен.
Бізді қызықтырып отырған мәселені ашудың келесі қадамы – индивидтің 
бойындағы құндылықтардың, ол ұстанатын ережелердің, қағидалардың, 
ұстанымдардың оның кәсіби қызметінің алгоритмдеріне және жағымды
имиджінің қалыптасуына ықпал-әсерін талдау. Құндылықтардың әсерін ықпал 
етудің терең деңгейін орнату деп есептеуге болады.
Имидждің «теориялық» типін шындықтың бетін ашу маңызды болып 
табылатын индивидтер ғана көрсете алады. Мұндай тип өмірге деген ұтымды, 


31 
сыни және эмпириялық ұстанымдарымен сипатталады. «Экономикалық» тип
бәрінен де не пайдалы және не тиімді, тек соны жоғары бағалайды.
«Эстетикалық тип» бәрінен де сыртқы форма мен үйлесімділікті ұнатады. 
«Әлеуметтік тип» үшін ең жоғары құндылықтар адам және оның мүдделері 
болып табылады. «Саяси типті» қызықтыратын басым құндылықтар билік, өз 
еркін іске асыру мүмкіндігі және биліктік құзырет болып табылады.
Жағымды имидж моделінің бір бөлігіне оның іс-әрекетінің кәсібилігін, 
кәсіби білімін, кәсіби қарым-қатынас жасауын және кәсіби деңгейде өзін-өзі 
жетілдіруін жатқызуға болады. Имидждеудің жағымды бағдарлары белгілі бір 
құндылықтар жүйесін білдіреді, ол жүйе болашақ маманның бейнесін 
қалыптастырудың қажеттіліктері мен кәсібилігінен құралады. Өзінің 
болмысында және алдағы кәсіби қызметінде үнемі құндылықтар жүйесінде
басым болып табылатын идеалға, эталонға еліктеу керек. Имиджді 
қалыптастыру құндылықтарының функционалдық мәні қандай да бір белгілі 
модельге ие эталон мен идеал функцияларын орындаудан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет