А. Т. Аязбаева имидж технологиясы монография



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата11.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#137408
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Н
әт
иж
еле
р 
У
әждеме
 


50 
жеткілікті неғұрлым жоғары болса, ақыл-ой соғұрлым төмендеп, адам дұрыс 
шешім қабылдау қабілетінен айырылады. Тым қиын жағдайларда дүрбелең 
реакция пайда болуы мүмкін. Дегенмен, қауіпті жағдайларда да ойлау 
қабілеттері анық, жемісті қызмет ететін адамдар баршылық. Басқа сөздермен 
айтатын болсақ, ауытқыманың оң төменгі жағында белсенділік пайда болады, 
оның амплитудасы тым жоғары болуы мүмкін. Осы себептен заң туралы емес, 
сөзсіз емес екендігін және ерекшеліктері болу мүмкіндігін есепке ала отырып, 
Еркес-Додсонның ережесі туралы сөз қозғалған жөн. Кәсіби қызметте ақпарат 
пен ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында ұйым үшін шешім қабылдау 
маңызды болып табылған кезде, осы сияқты қауырт жағдайлар төтенше жағдай 
болмай қалады, керісінше, қалыпты жағдай болып көрінеді. Сондықтан, 
шығармашылық ынталандырулары мен уәждерін білу оқу үрдісін 
ұйымдастырушылары үшін, басқарушылардың шығармашылық ойлаудың 
моделін жасауға тырысатын басшылар үшін ерекше мағынаға ие болады. Оқу 
кезінде қалыптасатын ынталандыру мен уәждер іс жүзіндегі өмірлік 
жағдайлардың арақатынасын белгілеуі қажет.
Оқу үрдісі барысында ойлау қызметінің нәтижелері, білім, білік пен 
дағдылар субъект арқылы беріліп, игеріледі (интериориздендіріледі). Алған 
Өздерінің алған білімдер де, ұжымда қалыптасқан білімдер де берілуі мүмкін. 
Білімдер пән әлеміне де, кез-келген мәселелерді шешу үрдісіне де, шешім 
қабылдау әдістемесіне де жатады. Оқытушы болашақ маманның қоғамдық-
маңызды білімдерді игеру қызметінде дәнекерші (медиатор) ғана болуы мүмкін. 
Материалды меңгеру үрдісінің қарама-қайшылық ерекшелігі бар. Бір жағынан, 
болашақ маманның ойлау қызметі оның кәсіптік мүмкіндіктерінің кеңеюіне 
жол беретін жаңа құралдармен қамтылады, ал екінші жағынан қарайтын болсақ, 
индивид осы білімді қалыптастыру бойынша өздігінен ойлау жұмысын 
жасаудан босатылады, оның ойлау қабілеті білімді игеру кезінде ғана 
белсендіріледі. «Стильдік ойлау» мәселесін жасау кезінде имиджді жобалаудың 
нақты ішкі және сыртқы шектерін енгізу қажет. Біріншісі де, екіншісі де ерікті 
және еріксіз болуы мүмкін. Ойлау үрдісінің эмоциялық тұрғыдан реттелуі – 
ойлау қызметінің ішкі, еріксіз басқаруының үлгісі. Эксперимент жасушының 
және өздігінен мақсат қою механизмдерінің арнайы әсерлерімен адам 
реакциясының аффекті әдістерін қалыптастыру – танымдық қызметті сыртқы, 
ерікті мақсатқа бағытталған басқарудың үлгісі. Сыртқы басқарудың ойлау 
қызметін өздігінен реттеуі ішкі механизмдерге қашанда қатысы бар.
Америка психологі Дж. Уотсон оқу үрдісінің үш негізгі формаларын 
белгіледі. Біздің ойымызша, олардың өздерінің имиджді жобалау дағдыларын 
жаңғыртуға қатысы бар. Біріншісіне қарапайым сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру, сөздердің орын тәртібін бұзбай мәтінді еске түсіру, қарапайым 
қайталау сияқты негізгі тәжірибелік дағдылар жатады. Екіншісіне шешудің 
күрделі алгоритмі бар теориялық сипаттау мен талдауды талап ететін 
мәселелерді шешу жатады. Үшіншісіне анық көрсетілген әрекет жасалғанша, 
сөздік шешімді талап ететін, субъектіні қиын жағдайға ұшырататын жаңа 


51 
мәселелерді шешу жатады. Дж. Уотсонның пікірі бойынша, осы форма 
«лабиринтке түскен егеуқұйрықтың реакциясы тәрізді болып, маңызды емес, 
өтпелі сәттерден босатылған адамның жүріс-тұрысының ең аз бөлігін құрайды. 
Адам сөйлеу қабілеті бар жануар». Дж. Уотсон «ойлау қызметін ұштау әдістері 
кез-келген оқу үрдісінің негізгі дағдылары» дегенді және олар «қандай да бір 
салада пайдаланылуы мүмкін» деген иой айтады..
Бәздің пікірімізше, ойлауды ақпаратты алу, әзірлеу және беру механизмі 
ретінде ғана түсіну дұрыс емес. Бұл жағдайда ақпараттық-кибернетикалық және 
жеке 
психологиялық 
жүйелер 
бөлінбейді, 
ойлаудың 
субъектіге 
байланыстылығы назарға алынбайды және мән беруге, мақсат қоюға, ойлаудың 
эмоциялық-уәждемелік ретіне, ойлау үрдістерінің дамуына талдау жасалмайды.
Ойлауды зерттеу барысында ойша оқиғалардың моделін жасауды 
ойлаудың мәні деп түсінеді, алайда осы модельдеу үрдісінің өзі жасырын 
қалпында қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет