А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие


Дәріс. Минералдық тыңайтқыштарды пайдаланудағы



бет19/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   90
Байланысты:
Агроэкология,учебное пособие на государственном языке Хусаинова Р.К., Хусаинов А.Т редактировано АЕ

Дәріс. Минералдық тыңайтқыштарды пайдаланудағы

экологиялық проблемалар.
Жоспар

  1. Тыңайтқыштар ластағыш көзі ретінде.

  2. Тыңайтқыштардың ауыр металлдармен ластануы.

  3. Тыңайтқыштардың экологиялық қауіптілігін төмендетуге арналған шаралар.


1. Тыңайтқыштар ластағыш көзі ретінде.

Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды пайдалану топырақтағы өсімдіктерге қажетті қоректік заттар мөлшерін және олардың өнімділігін арттыруға бағытталаған. Бірақ тыңайтқыштарды көбінесе ауыл шаруашылық дақылдарының қажеттілігімен теңестірілмеген шамада енгізеді, соңынан олар топырақтың, ауыл шаруашылық өнімдерінің, топырақ астындағы сулардың , сонымен қатар табиғи су қоймаларын, өзендерді, атмосфераны немесе қоршаған ортаны ластағыш көзі болып қалады.

Минералдық тыңайтқыштарды пайдалану интенсивті егіншіліктің бөлінбес құрамды бөлігі. Ғалымдардың есептеулері бойынша минералдық тыңайтқыштарды қолданудың пайдалы әсері болуы үшін олардың дүниежүзілік пайдалау мөлшері шамамен бір адамға шаққанда жылына 90 кг болуы керек. Бұл үшін тыңайтқыштардың өндірісі жылына 450-500 млн.т. немесе адам басына шаққанда жылына 35-40-ы құрайды.

Минералдық тыңайтқыштарды қолданудың экологиялық мәселелері мына көзқарастар тұрғысынан қарастырылуы қажет:



  1. тыңайтқыштар енгізілітін жерлердегі тыңайтқыштардың жергілікті экожүйелер мен топыраққа әсері;

  2. пайдалану шекарасынан тыс жатқан экожүйелер мен оның звеноларына әсрі,ең алдымен су ортасы және атмосфераға;

  3. тыңайтылған топырақтан алынған өнімнің сапасы және оның адам денсаулығына әсері.

Экожүйеде тыңайтқыштарды енгізуден іс жүзінде өнімнің артуы болмайтын, ал тыңайтқыштар мөлшерініен одан әрі артуы өнімнің төмендеуіне әкелетін жағдай қалыптасуы мүмкін. Бұл жағдайда максималды шамасы бойынша шектеуші факторлар ережесінің орындалуы көрінеді.

Топырақ жүйесінде оның құнарлылығының төмендеуіне әкелетін өзгерістер жүреді: қышқылдығының артуы, топырақ ағзаларының түрлік құрамы артады, заттардың зат алмасуы, құрылымы бұзылады және бвсқа да қасиеттері нашарлайды.

Тыңайтқыштардың, соның ішінде қышқыл азот тыңайтқыштары әсерінен топырақтың қышқылдығының артуы одан кальций мен магнийдің шайылын кетуіне әкеледі. Бұл процесті нейтралдау үшін топыраққа осы элеметтерді енгізу қажет.

Фосфорлық тыңайтқыштардың азоттық тыңайтқыштар тәрізді анық қышқылдандырушы эффектісі болмайды. Олар өсімдіктерде цинктің жетіспеуіне және алынған өнімде стронцийдің жиналуына әсер етеді.

Көптеген тыңайтқыштарда қоспа заттар болады. Олар радиоактивті фонның, ауыр металлдардың мөлшерінің артуына әкелуі мүмкін.

Аталған теріс құбылыстарды болдырмау жолы-тыңайтқыштардың ғылыми негізделген мөлшерін қолдану/оптималды дозасы, зиянды қопалардың минималды мөлшері, органикалық тыңайтқыштармен кезектестіріп отыру және т.б.

Тыңайтқыштардың атмосфералық ауаға, суға әсері ең алдымен азоттық тыңайтқыштармен байланысты. Азоттық минералды тыңайтқыштар ауаға бос күйінде денитрификация нәтижесінде немесе ұшқыш қосылыстар, мысалы, N2 O түрінде түседі. Қазір газ түрінде азотты жоғалту мөлшері себілген азоттық тыңайтқыштардың 10-50 процентін құрайды. Азоттың газ тәріздес түрдегі шығынын кемітудің ең басты құралы-оларды ғылыми негізделген мөлшерде қолдану өсімдік жылдам сіңіру үшін тамыр маңына енгізу, газ тәрізді шығынды тежейтін заттарды, мысалы нитрапирин пайдалану. Азоттық тыңайтқыштар су көздеріне де айтарлықтай әсер етеді. Су қоймаларының тазалығы осы заттарға байланысты. Азот пен фосфор экожүйенің автотрофты звеносы өсімдік үшін шектеуші фактор болып табылады. Суда азот пен фосфордың көп мөлшерде болуы су қоймасында балдырлардың шектен тыс көбеюіне, әсіресе көк жасыл балдырлардың көбеюі арқылы теріс эффект орын алады. Фосфордың судың құрамында аз болуы және улы әсерінің төмен болуына байланысты, ауыз суға тікелей тері әсер етпейді. Бірақ азот туралы мұны айта алмаймыз. Оның судағы концентрациясы көбінесе рұқсат етілітін шамадан жоғары болады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ережелері бойынша (ДДСҰ) нитраттыңқ азоттың зияны жоқ жоғары концентрациясы (ЗЖЖК) 45мг/л болып табылады.

Су мен су жануарларына хлорлы тыңайтқыштар NH4 Cl, KCl, және олардың басқа тыңайтқыштармен қоспалары зиянды әсер етеді. Бұл әсіресе фосфорлық тыңайтқыштарға тән. Олардың құрамында фтор, ауыр металлдар мен радиоактивті элементтер болады. Минералдық тыңайтқыштар тек беттік суларды ғана емес, грунт суларын да ластайды. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану олардың су көздеріне түсуін минимумға дейін кемітеді. Тыңайтқыыштарды қар қабатына, ұшатын аппараттармен су қоймаларына жақын жерлерге шашуға , ащық жерде сақтауға және т.б. болмайды.

Минералдық тыңайтқыштар өсімдіктерге, өсімдік текті өнімнің сапасына, олармен қоректенетін ағзаларға зиянды әсер етеді. Мысалы: азоттық т.-нитраттар түрінде жиналып, өсімдіктердің ауруларға қарсы тұру қабілетін, әсіресе саңырауқұлақты төмендетеді; хлорлы аммоний хлордың жиналуына әкеледі; фосфорлық- көп мөлшерде өсімдіктердің улануына әкеледі, ауыр металлдар, кадмий, мышьяк, селен, радиоактивті элементтер мен фтор арқылы зиянды әсер етеді; калий- негізіне хлорлы калийді хлордың жиналуы.

Көптеген тыңайтқыштар, әсіресе құрамында хлор барлары адам мен жануарларды уландырады.

Сонымен қатар қоршаған ортаны тыңайтқыштар дұрыс тасымалдамау, сақтау және енгізу кезінде ластайды. Тыңайтқыштарға шаруашылықтардың дұрыс қарамауынан көбінесе минералдық тыңайтқыштар нысаналы пайдалынбайды, өзендер, ойлар мен сайларға төгіліп тасталады.

Жалпы минералдық тыңайтқыштарды шамадан тыс немесе теңестірілмей пайдалану салдарынан агроценоздарда келесідей зардаптар болуы мүмкін:



  1. . Тыңайтқыштарды ұзақ мерзімде пайдалану топырақтың өзінің қасиеттерін өзгертеді. Мысалы физиологиялық тұрғыдан қышқыл тыңайтқыштарды пайдалану ондағы гумус мөлшерін азайтады және топырақтың қышқылдылығын арттырады.

  2. . Азот пен фосфордың көп мөлшері жер үстіндегі және топырақ ішіндегі ағынмен топырақтың үстіңгі қабатынан шайылады да гидрографиялық торларға түседі, су қоймаларын эвтрофикациялайды және суларды нитраттармен ластайды.

  3. . Азоттың нитрат түрінде және басқа да макроэлементтердің шамадан тыс мөлшерлері ауыл шаруашылық өнімдеріне түседі, соңынан қоректік тізбек бойынша жылжуы адамдар мен жануарлардың улануына қауіп төндіреді.

  4. . Минералдық тыңайтқыштар топырақты және ауыл шаруашылық өнімдерін ауыр металлдармен басқа да улы элементермен ластаушы көзі болып саналады.

  5. . Тыңайтқыштар топырақтағы ауыр металлдардың жылжуын өзгертеді, осыған орай олардың өсімдіктерге түсуі де арттады, сонымен қатар олардың гидрографиялық торға жылжуын күшейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет