А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие


Тыңайтқыштардың ауыр металлдармен ластануы



бет20/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90
Байланысты:
Агроэкология,учебное пособие на государственном языке Хусаинова Р.К., Хусаинов А.Т редактировано АЕ

2. Тыңайтқыштардың ауыр металлдармен ластануы.
Минералдық тыңайтқыштардың ғылыми негізде ұсынылған дозаларының өзі қоршаған ортаны ластағыш көзі бола алады. Үйткені олар ұзақ мерзімде пайдалынады және олардың құрамында ауыр металлдар бар (1 кесте).
1 кесте – Минералдық тыңатқыштардағы 0,1 н НС1 шығарылатын ауыр металлдар мөлшері, мг/кг (М.А. Глазовская бойынша)


Тыңайтқыш

Fe

Мn

Сu

Ni

Сг

РЬ

Zn

Cd

Апатит

710

49,5

11,3

3,5

1,75

89,8

7,5

0

Нитрофоска

360

67,5

11,3

6,0

3,3

14,8

9,0

0,03

Жай суперфосфат

643

113,5

32,0

6,0

3,3

15,3

17,5

0,25

Қос суперфосфат

1467

455,0

1,0

15,0

6,8

31,8

17,3

0,48

Нитроа

Ммофос

272

181,0

8,5

0,8

8,8

9,8

0,38

20,0

Минералдық тыңайтқыштардағы металл мөлшері бастапқы шикізат пен оны қайта өңдеу әдісіне байланысты болады.

Ауыр металлдармен ең көп ластанған фосфорлық тыңайтқыштар, сонымен қатар олардың құрамында басқа да улы элементтер бар – фтор, күшала (мышьяк). Мысалы фосфориттер мен апатиттер құрамында 3 % жақын фтор бар. Топыраққа нитратты және сульфатты тыңайтқыштармен, сонымен қатар несепнәрмен (мочевина) 1 гектарға 1-ден 10 г-ға дейін күшала түседі, ал қос суперфосфатпен осы элементтің - 30-300 г-ға дейіні түседі.

Фосфорлық тыңайтқыштар топырақты табиғи радионуклидтер - торий, уран, радиймен ластағыш көзі болып саналады. ТМД елдеріндегі фосфорлы тыңайтқыштар шикізаттарында уран мөлшері 0,11-ден 35-ке, ал торий 8-ден 32 мг/кг-ге дейін құбылады. Топырақтың орташа радиоактивтілігі 30 Бк/кг болғанда Новомосковский химия комбинатының нитрофоскасы 30 Бк/кг, «Фосфорит» комбинатының нитроаммофосы – шамамен 600, Каратау апатиті – шамамен 30 Бк/кг радиоактивті элементтер береді.
3. Тыңайтқыштардың экологиялық қауіптілігін төмендетуге арналған шаралар.
Топырақтар мен ландшафттарды тыңайтқыш ензізу барысында әртүрлі элементтермен ластанудан қорғау үшін агротехникалық, агроорманмелиоративтік және гидротехникалық шаралар комплексін қолдану керек. Сонымен қатар тазартудың табиғи механизмдерін интенсификациялау немесе агробиоценоздарды нысаналы бағытта теңестірілген экокомплекстерге түрлендіру.

Мұндай тәсілдерге мыналарды жатқызуға болады: жасанды және табиғи құрылымқұраушыларды пайдаланатын топырақты қорғау агротехникасы; құрамында көп жылдық шөптер бар топырақтықорғау ауыспалы егістері; тыңайтқыштардың түрлерін жетілдіру (еруді тежейтіндерді, капсулдардағы заттарды пайдалану); тыңайтқыштарды аз- және микромөлшерде тұқымдармен енгізу; тыңайтқыштарды енгізу мерзімін, дозасын оңтайландыру және агроорманмелиоративтік жүйелерін құрау. Сонымен бірге минералдық тыңайтқыштардың химиялық құрамындағы ауыр металлдар мен улы элементтер мөлшерлерін қадағалау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет