А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие


Ауыл шаруашылық экологиясына түсініктеме беру, оның зерттеу объектері



бет8/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   90
2. Ауыл шаруашылық экологиясына түсініктеме беру, оның зерттеу объектері. Мәдени ландшафттарды (экожүйелерді) оқып білу немесе зерттеу, оның ішінде ауыл шаруашылығында пайданылатын аумақтар, ауыл шаруашылық экологиясының тақырыбы-заты болып саналады.

Ауыл шаруашылық экологиясы немесе агроэкология - мәдени экожүйелер ретінде агробиоценоздарды, адамның жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсерін зерттейтін экология бөлімі. Сонымен бірге үй жануарлары мен ауыл шаруашылығы өсімдіктерімен қатар жабайы жануарлар мен сол жерлерге тән табиғи өсімдіктерге деген әсерін зерттейді. Көп жылдары экологтар адамның ықпалы шамалы болған немесе жалпы болмаған экожүйелерді зерттеумен болды. Олар биік таулар, сулар, батпақтар, жағалық шағылдар (құмдар), шөлдер, далалар, ормандарды зерттеді, ал ауыл шаруашылығы экожүйелерімен жақын арада айналыса бастады.

Сонымен қатар ауыл шаруашылық экологиясының зерттеу объектісі болып түр, популяция немесе экожүйе саналуы мүмкін. Осылардың әр қайсысына деген іс-амалдардың ерекше қолайлы алғы-шарттары болады. Көбінесе кең тараған өсімдіктер мен жануарлар, олардың биологиясы мен тіршілік ету талаптары жайында әртүрлі географиялық аудандардан ақпараттар болуына байлансты сөз қозғалады. Осының негізінде қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында түрдің физиологиялық потенциалының жүзеге асырылуы туралы қорытынды жасалады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы экожүйелерінде аздаған түрлері бар қарапайым жүйелерден құрауыштарға бай күрделі құрылымдарға дейін ауысуы кездеседі. Мысалы ретінде егін қорғау жолақтары немесе егістікті қорғау екпе ағаштар биоценоздарын қарастыруға болады. Сонымен бірге ауылшаруашылығы жерлеріндегі адамның әдеттегіше жүргізетін шараларының өзі экологиялық бақылауларға көп мүмкіншілік береді. Ауыл шаруашылық экожүйелерінде жоспарланған далалық тәжірибелер жүргізуге болады, сол арқылы бір факторды өзгертіп немесе шығарып тастап басқа құбылыстарды тұрақтандыруға болады. Осындай байқаулар арқылы тұтас экожүйе реттейтін және орнын толтыратын процестері жайында мәліметтер алуға болады. Бақылай алатын жағдайларда жекеленген түрлерді өсіріп дамыту тәжірибелері – бұл тұтас жүйе бөліктерін оқшаулатумен тең деп санауға болады. Жүйенің бұзылуы зиянкестермен күресу үшін химиялық тәсілдерді қолдану, топырақты өңдеу, шөпті шабу немесе шамадан тыс мал жаю арқылы болуы мүмкін. Сырттан бөтен бөліктерді енгізуге орай жүйенің әрекетін топыраққа көң енгізгенде, жергілікті жерге бұрын өспеген жаңа түрді енгізгенде, немесе зиянкестермен күресуде биологиялық тәсілдерді қолдағанда байқауға болады. Экожүйеде бүкіл белдеулердің «ауысуы» ауыспалы егістің көршілес танаптарында өсімдік жамылғысының өзгеру нәтижесінде байқалады.

Адамның қажеттіліктерін, экономикалық талаптарын табиғи процестермен қисынды үйлестіру және адамның қатысымен болатын қосымша әсерлерді жеңілдету немесе болдырмау үшін экожүйелердегі сонымен қатар ауыл шаруашылық экожүйелеріндегі күрделі байланыстарды білу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет