А. Таңжарықова Қазіргі қазақ прозасындағы фольклорлық сарындар



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата15.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#25532
1   2   3
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 

 

231

1. Ортағасырлық «символизмнен» табиғатқа 

еліктеуге,  шынайылықты  өмірдің  дəлме-дəл 

нышандарында  бейнелеуге  көшу  үшін  дəстүрлі 

сюжет  пен  «топиктерден»  саналы  түрде  бас 

тарту. 

2.  Мифті  (нышаны  емес,  оның  рухын) 

саналы, нағыз биресми,  дəстүрден  тыс  қолдану, 

бұл  кейде  дербес  поэтикалық  мифтік  шығар- 

машылық сипатқа ие болады. 

Реалистік прозаны шарттылықтың  бір түрлі 

нышандарына  ресми  түрде  салу  кеңестік  кезең 

кезіндегі  отандық  əдебиеттің  мифтендіру 

\мифологизация\ үдерісіне кері əсер етті. 

Бірақ бірқатар жазушылардың шығармашы- 

лығындағы  реалистік  əдісті  мифологиялық 

логика  элементтерімен  біріктіру  ұмтылыстары 

шығарманың  құрылымын  құруға,  шынайы 

өмірді  тұрақты  мифологияның  модельдер  мен 

образдар арқылы түсіндіруге ықпал етті. [3.121] 

Ə.Кекілбаевтың  «Күй»  повесінде  ежелгі 

аңыз-əңгімені,  өткен  күннің  елесін  ой  елегінен 

өткізіп,  бүгінгі  күннің  көкейкесті  мəселелерін 

қозғайды.  Жазушы  ескі  аңызды  қайта  жаңғыр- 

тып,  қайта  баяндап  қана  қоймайды,  оған  фило- 

софиялық, психологиялық реңк үстемелей отыра 

аңыздың  əлеуметтік  сипаты, (қырын)  ашады. 

Шығармада  ежелден  қоңсы  отырған  бірде 

жауласып,  бірде  татуласып,  талас-тартыспен 

күшін  көрген  қазақ  пен  түркімен  арасындағы 

бітіспеспен  жаулығы  сөз  болады.  Бітімге 

келмей,  тек  қана  жауласумен  болған,  өзара 

сыйыса  алмай,  ұғыса  алмай  өткен  екі  бауырлас 

жұрт  талай  тауқыметті  бастан  кешіріпті,  бірін-

бірі  кешіре  алмапты.  Автор  талай  замандар 

бойы қазақ даласы мен түркімен құмдарындағы 

зорлық-зомбылықтың  неше  алуан  түрі:  алып 

кету,  шауып  кету,  жер  дауы,  жесір  дауы, 

жазушының  ең  ауыр  сұмдық  түрі – мəңгүрт 

жасау сияқты аңыздық желілерді шебер қолдана 

білген.  

Шығармада  түркімен  батыры  Жөнейттің 

қолға түскен тұтқын жас өспірімдерді мəңгүртке 

айналдырып,  жаулықтың,  дұшпандықтың  ең 

ауыр  да  сорақы  үлгісін  көрсетеді.  Бағзы 

заманнан  адам  баласына  неше  түрлі  қиянат 

зұлымдық-əрекеттер  жасаудың  ішіндегі  ең 

сұмдығы,  ең  шектен  шыққаны – адамды  қинап, 

мəңгүрт  жасау  болып  табылады.  Мəңгүрттіктің 

қасында  басқа  зұлымдық,  жауыздық  дегеніңіз 

түк  емес.  Бұл  қорлау – мəңгүрт  жасап,  жеңген 

жауының  тұқымын  құрту,  болашақтың  тамы- 

рына балта шабу  мақсатында жасалған мəңгілік 

азап. «Кенет тұтқын балалардың бірі артындағы 

тұтқынның  кеудесіне  екі  шекесін  алма  кезек 

ұрғылап  шыңғырып  жіберді.  Ақ  тайлақтың  те- 

рісі  күнге  күйіп,  тырысып  барады.  Қаудырап 

кеуіп  жатқан  түйенің  кеуі  бас  сүйекті  сы- 

тырлатып  шаға  түсті.  Қазір-ақ  ұн  қылып  уатып 

жіберетіндей.  Басқа  тұтқындар  да  бебеулей 

бастады» [5. 225]. 

Автор  повестің  сюжет  желісіне  мəңгүрттік 

туралы  аңызды  орынды  ала  білген.  Жауласқан 

елдер тарихында мəңгүрттік жəне мəңгүрт жасау 

ежелден  бар  екендігі  белгілі.  Бұл  жайлы  кейбір 

мəліметтер  ауыз  əдебиеті  нұсқаларында  кезде- 

седі.  Мысалы  қырғыздың  əйгілі  «Манас» 

жырында  да  жас  балаларды  алып  қашып  кетіп, 

олардың  басына  шіре  байлайтыны    жайлы  ай- 

тылады. «Кепеш кигізу», «шіре байлау» дегенді 

мəңгүрттікпен  қатарластыра  алуға  болады.  Төл 

əдебиетімізге,  жалпы  өз  кезеңінде,  одақтық 

əдебиетке  мəңгүрт  ұғымын  алғаш  алып  келген 

қаламгер - Əбіш Кекілбаев. 

«Олар  бір  апта  бойы  осылай  зар  илеп, 

шыңғырды  да  жүрді.  Сосын  бастарына  шаш 

шықты, ол түйенің көнінен өте алмай, қайтадан 

бастың  құйқасын  тесіп  кері  өсті.  Алты  тұтқын 

елі қайда, жері қайда екенін білмейтін мəңгүртке 

айналды.  Жүре-жүре  тілден  де  айырылды. 

Түйемен  бірге  өреді,  түйемен  бірге  келеді» [5. 

225]. 

Автордың  айтпағы  əр  заманның,  əр  қоғам- 



ның өз мəңгүрті болады  деп ой түйдіреді. Пат- 

ша  үкіметі  тұсындағы  бертін  келе,  Кеңес 

Үкіметі  тұсындағы  күшпен  енгізілген  отаршы- 

лықтың  таз  кепеші  мəңгүрт  болып  жалғасын 

тапты.  Бүгінгі  күні  ешкімнің  зорлық-қорлы- 

ғынсыз-ақ  туған  тілімізден,  дінімізден  айы- 

рылған,  тегін  білмейтін  «шала  қазақ»  дейтін - 

«рухани      мəңгүрт»  ұрпақ  дүниеге  келді.  Автор 

танымы  рухани  мəңгүрттік  мəңгүрттіктің  ішін- 

дегі  аса  қауіптісі  деген  байламға  көз  жеткізеді. 

Ежелгі  аңыздағы  тарихи  шындыққа  сүйеніп, 

жазушының өткенді шолып, болашаққа жасаған 

ишара – тұспалы  аңызбен  астасып,  қазіргі 

күнмен  үндесіп,  психологиялық – параллелизм 

тұрғысынан мəні ашыла түседі.  

Негізгі  кейіпкер – түркімен  батыры  Жө- 

нейттің  өш  алу,  кек  алу  жолында  туған  бауы- 

рынан  да,  баласынан  да  айырылуын,  өмірінің 

соңында  құлағына  келген  күй  əуені  арқылы 

түсінеді. Екі елді татуластырып табыстырған да, 

бітістірген  де  өнердің  құдіреті. «Күй»  пове- 

сіндегі  аңыздық  желідегі  сол  кездегі  мəң- 

гүрттікті  қолдан  жасау  болса,  бүгінде  рухани 

мəңгүрттіктің  белең  алуын  жəне  екі  кезең 

мəңгүрттігін  бір-біріне  қарама-қарсы,  антитеза 

формасында  алынуы  шығарманың  əлеуметтік 

салмағын арттыра түседі.  

Ол  күйдің  астарында – рухани  таным,  ұлт- 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет