Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет17/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   158

Қосымша білім беру
.
Оқушылар оқу жылында «Ақ ниет» мектеп-интернатында тұрады және 
бұл бағытта біз ақпараттық технологияларға, жүйелік, инженерлік, сындарлы ойлауды дамытуға 
басымдық бердік, осыған орай «робототехника» сыныбы ашылды, үлкен интеллектуалды ойындар 
жиынтығы бар Intellectum кабинеті, Akniet құзыреттілік орталығындағы - Абилимпикс келесі 
бағыттар бойынша: ерте жастан кәсіптік бағдар беру бойынша және Абилимпикс қозғалысының 
кәсіби жарыстарына қатысу үшін: инженерлік дизайн, тұрмыстық техникаларды жөндеу (қолданыл-
ған киім, тұрмыстық техника, зергерлік бұйымдар, жиһаз), киімді қайта көркемдеп өңдеу дизайны, 
бисермен кесте тігу, тырнақ әрлеу, заманауи фотосуреттер, кәдесыйлар жасау бағыттары бойынша 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
10 
қызығушылықтары мен икем дағдыларына қарай сабақтар жүргізіледі. Сабақтарды өткізуге студент-
еріктілер мен колледж оқытушылары жұмылдырылған.
Алғашқы үш жыл ішіндегі тәрбиеленушілердің қол жеткізген жетістіктеріне қарап қуанамыз. 
2017 жылы Абилимпикс қозғалысы кәсіптік шеберлігінің Халықаралық чемпионатында 3 орын алды 
(Лахно В., Табиев Е.) 
2018 жылы «Мультимедиялық журналистика» номинациясы облыстық чемпионатта 2 орын; 
2018 жылы Республикалық «Жұлдызайда» «Аспаппен орындау» (домбыра) номинациясы 
бойынша Газраилова Меруерт 2 орын; 
2018 жылы Астана қаласында Халықаралық фестиваль «Я МОГУ!» «Вокал» номинациясы 
бойынша Туспекова Алуа 2 орын; 
2018 жылы Бекенов Жасұлан мен Ермек Мұхамедрахым IT-форумында «Diqital East Challendqe» 
- Болашақ міне бүгін» StartUp оқушылары жобасында сертификатпен мектеп-интернат маңына 
«Ақылды жылыжай» жобасын орнатуға 3 миллион алды; 
2019 жылы Табиев Ерзат «Информациялық технологиялар» I аймақтық чемпионатта «Abilimpics 
Shyqys-2019» worldskills Shyqys-2019 шеңберінде Гран-Примен «КазЦинк» АО қоғамының 
70000тенгелік сертификатын алды; 
2019 жылы – Синицына Снежана мен Смирнова Милена «Құстарға асхана» атты робо-жобасы 
бойынша Астана қаласында «Kaz roboProject-2019» Республикалық жарыста 3 орын алды; 
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен II Халықтық чемпионатта (жастар мен мүгедектер) 
«Бисермен өңдеу» сайысында 1 орын алды. 
Осылайша, мектеп-интернат ұжымының ұйымдастырған жайлы жағдайлары тәрбиеленушілер-
дің табысты әлеуметтенуіне оң ықпал етеді. 
«Ақ ниет» мектеп-интернатында бастауыш сынып мұғалімдері Қазақстан Рекпубликасының заң-
дылықтары мен әр жылы жасалатын «Әдістемелік нұсқау хатқа» сәйкес жұмыстарын жоспарлайды. 
Әр бастауыш сынып мұғалімі вариативті пәндер бойынша балалардың ерекшелігін ескере оты-
рып бағдарлама құрастырады. Ол бағдарлама негізгі сабақтардан білімдерін толықтырып, орынбасу-
шылық қызметін атқарады. Оны облыстық білім беру басқармасының сарапшылары тексеріп, бектеді. 
Жаңартылған білім беру бойынша критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық 
бағалаулардан тұрады. Жиынтық бағалауға келетін болсақ, оларға әртүрлі рубрикалар беріледі, және 
әр тапсырманың дискрипторы болады. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың формальді 
және формальді емес түрін қолдану қажет. Биылғы жылы барлық Қазақстан мектептерінде кіргізіл-
ген 10 баллдық жүйеге бізде көшіп отырмыз. Күнделікті сабақтарда оқушыларды 10 баллдық жүйе-
мен бағалап күнделік.кз-ке қойып отырамыз. БЖБ мен ТЖБ баллдары да күнделік.кз қойылып 
оқушының тоқсандық бағасы шығарылады. 
Арнайы сала мамандарының нұсқаулықтары ескере отырып бастауыш сынып мұғалімдері жеке – 
түзете - дамытушылық бағдарламалар құрастырып, сабақ барысында жекелей келісті қамтамасыз етеді.
Оқушылардың денсаулық және жеке таным ерекшеліктеріне байланысты командалық жұмыс 
жүргізіліп, педагогтер ұжымы тығыз қарым-қатынас жасайды. Бастауыш сынып мұғалімдері сабақ 
барысында оқушыларды жалықтырмаужәне денсаулықтарын сақтау мақсатында ір түрлі тапсырма-
ларды түрлендіріп ұсынады, сергітусәттерін (қимыл-қозғалысқа, көру қабілетін нығайтуға, артикуля-
циялық аппаратты белсендіруге арналған жаттығуларды) дәстүрлі түрде өткізіп отырады.
Бағдарламаны игеру барысында әр түрлі тапсырмаларды (жаттығуларды, дидактикалық 
материалды, ТБЖ мен БЖБ-ны) ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балардың ерекшелігіне сай 
бейімдеп алады. Көлемді тапсырмаларды қысқартады, жазба тапсырмаларының көлемін азайтады. 
Тапсырмадағы шрифті өзгертеді, аудио жазба, бейне жазбалар ұсынады.


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г. 
11 
Ал, тірек қиымыл-қозғалысы бұзылған балаларға семантикалық карта толтыруға сәйкестендіру 
сияқты тапсырмалар ұсыналы. Жазба жұмыстарын бағалау кезінде сөйлеу қабілеті бұзылған 
балалардың жазба жұмыстарындағы қателікеріне аса мән беру керек. Әріптердің орнын ауыстыру, 
әріп қосу, қосымшаны жалғаудағы қателіктерді оқушының ерекшелігіне сай ескеру керек. 
Білім беру үдерісінде бастауыш сынып мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұны аясында 
тиімді оқыту жүйесі маңызды болып табылады. 
Оқушылар «Ақ ниет» мектеп-интернаты қабырғасына алғаш келгенде әр түрлі дәрежедегі 
дайындықпен келеді, олардың бұзылыстары да әр түрлі, әлеуметтік жағдайлары да сан-алуан, жеке 
және психофизиологиялық жағынана да әр түрлілік болады, бастауыш сынып мұғалімдері қажетті 
көмек қолын созып әр баланың мүмкіндігін ашу үшін көптеген қиындықтарды жеңе отырып әр түрлі 
әдіс-тәсілдерге сүйенеді. Олар:
-
әр оқушының таным-өрісінің ерекшелігіне сай психологиялық-педагогикалық жетелеу үшін 
жеке түзете-дамытушылық бағдарламаны арнайы сала мамандарымен бірлесе отырып құрастырады. 
-
бірқатар проблемалармен тығыз байланысты құзыреттілікке негізделген әдісті енгізу, оның бірі 
- білім беру саласында ғана емес, сонымен қатар басқа қызмет салаларында дербес әрекет ете алатын, 
арнайы ОЕҚ бар кіші сынып оқушынысын дайындау. 
-
пәндер бойынша білім, білік және дағдыларды игеруді қамтамасыз ететін білім беру процесінің 
құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде 
критериалды бағалауды пайдалану; 
-
жаңартылған білім беру мазмұны шеңберіндегі бағалау туралы айта отырып, бағалау тек 
критерийлер бола алады, ол, әрине, OEТҚ бар балалардың мүмкіндігіне бейімделуі керек, бұл 
сапаны жақсарту үшін оқытудың тиімді әдістерін таңдау білім беру процесі үшін өте маңызды. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
12 
Қорыта келгенде оқушылардың жұмыстарын бағалау үшін: 
1) олардың ерекшеліктерін ескере отырып, өзін-өзі бағалау, топтық, жұптық бағалау түрлерін 
ұсынуға болады; 
2) сыныпта өздеріне қажетті атмосфераның болуы (көрнекіліктер, аудио, видео жазбалар
сызбалар); 
3) тапсырмалардың балалардың ерекшеліктеріне сай әзірленуі; 
4) тапсырмалардың орындалу қадамдары; 
5) берілген мәтіндерді оқушы ерекшеліктеріне сай өзгерту (шрифт, қысқарту); 
6) оқушыға әрқашан қолдау көрсету; 
7) тапсырманы орындауға уақыт беру; 
8) зейіні шашыраңқы болса, демалуға уақыт беру. 
Бағалау. 
-
Оқушыны бағалауда әртүрлі әдіс-тәсілдерді кері байланыста қолдану. 
-
Әр оқушының ерекшелігін ескере отырып бағалау. 
-
Қате жіберген тапсырманы қайта орындауға мүмкіндік беру. 
-
Оқушыны бағалау кезінде ынталандыру, «Сенің қолыңнан келеді. Саған сенемін!» - сөздерін 
жиі айту. 
-
Сабақта қорытынды бағалау кезінде «Бүгін, осы тапсырманы жақсы орындадың. Осы жерің 
ұнады» - деп, айтсақ оқушы өте жақсы жетістікке жетуге талпынып отырады. 
-
Сабақта оқушы емес оның жұмысы бағаланады, ал жұмыстың біз жақсы жақтарын көруіміз 
керек. 
-
Тапсырмаларды сұрыптап, қысқартып оқушының ерекшеліктерін ескере отырып дайындап
жекелей жұмыстар, түзету жұмыстарын жүргізу арқылы біз оқушылардың білім-білік дағдыларын 
қалыптастыра аламыз және бастауыш сыныпты бітіріп біздің оқушыларымыз жалпы оқу мектеп-
теріндегі инклюзивтік сыныптарға барып оқыған кезде көп кедергілерге кездеспейтін болады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы 
Ұлттық білім академиясы. – Нұр-Сұлтан, 2019 ж. 
2.
 
Искакова А.Т., Мовкебаева З.А., Закаева Г., Айтбаева А.Б., Байтурсынова А.А. Основы 
инклюзивного образования: Учебное пособие. – Алматы: L-Pride, 2013. – 280 с. 
3.
 
Елисеева И.Г., Ерсарина А.К., Психолого-педагогическое сопровождение детей с особыми 
образовательными потребностями в общеобразовательной школы. Методические рекомендации. –
Алматы, 2019 г. – 96 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет