Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»


FEATURES OF FORMATION OF SPEECH READINESS OF CHILDREN



Pdf көрінісі
бет24/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   158
FEATURES OF FORMATION OF SPEECH READINESS OF CHILDREN
WITH HEARING IMPAIRMENTS 
 
Abstract 
Preparing children with impaired hearing for school is a complex task that covers all aspects of a child's 
life and is closely related to the entire content of correctional and educational work in kindergarten. The 
possibilities of oral communication of children with hearing disorders require the formation of skills of 
auditory-visual perception of speech. Therefore, this type of speech activity occupies a large place in the 
work on speech development, including in individual pronunciation classes.
The article discusses the features of the formation of speech readiness of children with hearing disorders. 
Key words:
 
speech readiness, the formation of speech, form of speech 
 
Есту қабілеті зақымдаллған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру, дамыту мәселесі бүгінгі 
күнге дейін сурдопедагогика, арнайы педагогика, психология саласында өз өзектілігін жойған жоқ.
Қоғам мен білім берудің дамуының заманауи кезеңінде бірқатар Ресейлік ғалымдардың
(Р.М. Боскис, А.Г. Зикеев, Т.С. Зыкова, К.Г. Коровин, М.И. Никитина, Л.П. Назарова, Т.В. Розанова, 
Л.И.Тигранова), шетелдік ғалымдардың (В.Вейс, К.Леймитц, О.Перье) назарын алып отырған 
мәселелердің бірі ол есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін дамыту болып келеді.
Р.М. Боскис, И.М. Гилевич, Т.М. Власова, А.Г. Зиксева, К.Г. Коровина, М.И. Никитина,
Л.И. Тигранова сияқты ғалымдардың еңбектерінде есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі 
балалардың гармониялық және психофизикалық, тұлғалық дамуы мен мектепте дайындығын 
қалыптастырып, оқуы мен қоғамға әрі қарай әлеуметтенуінде сөйлеу тілдік іс-әрекеттті белсендіру-
дің рөлі атап өтіледі.
Л.В. Андреева, Т.Г. Богданова, О.А. Красильникова, Н.М. Назарова, М.И. Никитина, Ф.Ф. Рау 
сияқты ғалымдардың еңбектерінде сөйлеу тілдік орта мүмкіндіктерін максимальды қолдану үшін 
арнайы оқыту мен тәрбиелеу үрдсінің нәтижесін көтерудің маңыздылығы айқындалған.
Сурдопедагогикада есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру, дамытуға 
оқытудың ретроспективті көзқарастары, оның көпжылдық тарихында конструктитві көзқарастар 
бектілді. Оның басты негізі есту қабілетінің бұзылысы баланың дамуына, әлеуметтік бейімделу жолы-
на, қарым қатынас құрлдарын меңгеруіне, қоршаған әлеммен қарым қатынас құруына ықпал ететіндігі.
Сурдопедагогика тарихынан оқыту жүйесінің бірқатар түрлерінің болғадығын аңғаруға болады: 
мимикалық жүйе, таза ауызша сөйлеу тілі әдісі, «америкалық күрделі жүйе» т.б. Бұл жүйелер бір 
бірінен ажыратылғанымен, олардың ұқсастықтары да бар.
А.Н. Леонтьев толыққанды тұлғаны «жүйелік сапа» ретінде елестетіп, дамудағы кез келген 
дефект, жүйелік сипатқа ие деген. Себебі, бұнда біріншілікті ғана емес, сонымен қатар екіншілік 
кемістікті де есепке алу керек.
Естімейтін және нашар еститін балалар ерекше білім беруді қажет ететін, есту қабілеті зақым-
далған балаларды оқыту жолы мен мүмкіндіктерін таңдау ең алдымен жасерекшелік кезеңді есепке 
алып, және аталмыш даму кезеңіне тән психикалық белсенділік деңгейін де есепке алуды қажет ететі.
А.Н. Леонтьев «әр психикалық даму кезеңі іс-әрекеттің жетекші типіне сай келеді». Әр жас 
ерекшелік кезеңінің сапалық ерекшелігі туралы қалыптар олардың әрқайсысының өзінің белсенділік 
үрлері, қабылдауы, жетекші әрекет түрлерінің бар екендігін көрсетеді. Бұл мәселе физиологтар, 
психологтар мен дефектологтар т.с. сөзге ғалымдар тарапынан да анықталған.
Даму кезеңдері арасында қатар шекара жоқ, дегенімен диалектикалық байланыстың бары анық. 
Сондықтан да белгілі жас кезеңдерінің сензитивтілігі туралы ілім осыдан шығады. Л.И. Божови «бір 
кезеңнен екіншісіне өту эволюциялық үрдісті емес, жаңа сапаға деген диалектикалық қадамды» 
құрайды.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалардың 
жетекші әрекеті ойын әрекеті болса, ал мектеп жасында оқу әрекеті болады. Осы орайда оқу мен оқу 
әрекетінің айырмашылығын да ажырату маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет