Абай – жаңа Отан шамшырағы



Дата16.05.2023
өлшемі11,74 Kb.
#93600

Абай – жаңа Отан шамшырағы
Ұрпағына бар ғұмырын арнаған
Бүгінде аты әлемді шарлаған.
Түсімде өлең, сөздің патшасы,
Алыстан алты қалам берді маған.

Бұл түсті жақсылыққа жорыдым


Содан бері асыл ойды тоқырдым:
Жырлау үшін ақын болып даланы,
Ең алдымен Абайды алып оқығың.

Шәкәрім де жастарды шақырған ед(і),


Түзу жол әлемі Абайың деп.
Абайды саудагер деп ақыл сатқан
Хакім ақып теңеп ед(і) бір керемет.

Абай жаққан шырақты сезінемін.


Жаман істен оны оқып безінемін.
Шыңғыс тауы бөктерін көркем ғой деп,
Түні бойы армандап көз ілімін.

Армандаймыз біз бүгін жаңа Отанды,


Ілімін оқысайшы, ұлы Абайды.
Әр нәрсеге әсемпаз болып жүрсек,
Атар ма екен жаңаша өмір тауы.

Абай бізді шақырды тура жолға.


Еңбекпен келеді деп бәрі қолға.
Мақтаншақтық, күншілдікпен қамырған ғой
Жақсы адам боласың деп бізге сонда.

Ұлы Абай жаңа әлемге сәуле шашқан


Ақын бар ма ел үшін сенен асқан.
Сенен үлгі алған-ды барлық ақын,
Ахмет, Ілияс та, алып Мағжан.

Мойындайды өзіңді елі тағы


Сендей ұлы тудырған бүгін бағы.
Абайды оқып күнелтелік, халқым менің,
Абай – Жаңа Отанның шамшырағы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет