Абай – кемеңгер, ойшыл, философ



Дата24.07.2023
өлшемі16,53 Kb.
#104700
Байланысты:
Абай


Абай – кемеңгер, ойшыл, философ

Төлеубек Аружан Төлеубекқызы


Жетекшісі: Байкенова Мадина Сүйіндікқызы
Жезқазған қаласы

Асыл сөзді іздесең,


Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге, - деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың ұлы мұрасын біз оқып, мақтан тұтып қанша келе жатсақ та, әлі қадіріне жете алдық дей алмаймыз. Ұлт алдындағы, ұлы дала алдындағы перзенттік парызымыздың өтеудің негізгі жолы – күнделікті тыныс-тіршілігімізді Абаймен үндестіру емес пе? Ұлы кемеңгердің өмір жолы біздер үшін қай заманда да сара жол болып, өз құдіретіне, парасатына бас идірте бермек. Францияда, Венгрияда, Мысырда, Ресейде, Қытайда,Өзбекстанда, Иранда, Әзербайжанда, т.б. талай мемлекеттерде ойшылымызды ұлықтап, «Абай үйі», ескерткіші орнатылып жатқанда, қазақ құрсағынан дала құрсағына сыйланған хакім Абайды біздің миллион мәрте артық бағалауымыз шарт.
Жастайынан ел ісіне араласып, өз қоғамындағы бірталай бассыздықтарды көзімен көріп қскен зерек Абайдың басқалай тұлға болуы мүмкін де емес еді. Зередей әже мен Ұлжандай анасы болған ақынның өз мұратынан тайынып, құмар қуып кеткенін елестету де – миға сыймайтын дүние. Демек, бұл орайда Абай тұлғасының алғашқы іргетасын қалаған – Зере мен Ұлжан екені хақ. Қанмен келген саяси тұлғалық қасиеттер үшін Өскенбай мен Ырғызбайды атамай кету, әсте жарамас. Ауыл молдасы, Ахмет Риза медресесі, Приходская школаның да Ибраһимнің санасына өзгеріс енгізіп, әлемтануға айрықша көмектескені бесенеден белгілі. Оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы да оның дүниетанымын, әдебиетке деген құштарлығын едәуір кеңейтті.
Ақынның жастық шағы патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстігіне қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған кезімен тұспа-тұс келді. Ол патша үкіметінің округтық приказдағы жағдайының барған сайын нығая түскенін, 19 ғасырдың 60-90 жылдарындағы әкімшілік реформалардың ел ішіне енгізілгенін өз көзімен көрді. Әкесінің Құнанбай болуы да Абайды бала кезінен саясаттан алшақ жүруге жібере қоймасы анық еді. Абайды Абай етіп, әр істі адалынан шешуге де, ел тақырыбына келгенде ерекше отансүйгіш болуы да – санасынан, іргетасынан және Құнанбайдан аса туғанынан деп білемін.
Қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырған кемеңгер һзі де еңбектен құр алақан қалған кезі болған емес. Қазақтардың жэаппай кедейленіп, қайыршылық хәлге түсе бастауы, патша үкіметінің шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, пайдакүнем, парақор болыстардың жергілікті жерді басқаруы мен сараң байлардың туысқандарына сояудай тырнақтарын батырып отырғаны ақынды қатты ашындырды. Осы себептен де ащы өксікке толы қаншама өлеңдер жарияланып, халықтың өзегінде шемен боп тұрған тақырыптар қозғалды. Бұл тақырыпта заманында Абайдан артық жырлаған хакім болған жоқ. Осы орайда Абайдың сом тұлғасын жасап шығаруға үлкен әсері тиген - халықтың мұң-мұқтажы екенін айту керек.
Ақынның өз пікірінше, адам болу үшін адам бойынан үш т.рлі фактор толық табылуға тиісті. Әуелі, шыққан тегі жақсы болуы, екіншіден, қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайы дұрыс болуы керек, үшінші, балаға гуманизм тұрғысында мықты тәрбие берілуі қажет деп таниды. Адам неғұрлым зиянды дүниелерден бойын алшақ ұстаса, соғұрлым оның өрісі, парасаты, адамдық орны биіктейтінін айтады. Өзінің бүтін саналы ғұмырының халқыма іске жарар әлдеңе қалдырсам екен деп, ашкөздікпен, білімсіздікпен тайталасуға арнаған ақынның есімі қазір осынлай деңгейде әлемге танылып отырғаны да оның ғұмырлық бейнетінің зейнеті деп ойлаймын. Абай әркез ар менен арамдықтар соғысында тек арды, әділетті жақтау қажет екенін ерінбей жазды және ол өз мұратына қол жеткізді.
Әдебиетіміз бен тарихымызда ойып тұрып орын алған абай есімі дүниежүзі халықтар әдебиетінде Шекспир, Гете, Пушкиндермен қатарласып тұрғаны – біз үшін үлкен мақтаныш пен мәртебе. Ақынның мол мұрасы біздің ғана емес, күллі адамзаттың рухани мүгедектіктен арылу жолында адал болған ұазынасы саналады.
Осындай ел үшін, ұлт үшін, төрткүл дүниенің адамдық парызына әсер ету үшін дүниеге келген ұлы ойшыл Абайдың туғанына 175 жыл толып отыр!
« Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы, өлмей-тұғын артына із қалдырған» Абайдың рухы халықпен бірге мәңгі жасай бермек! Оның себепкері ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп жеткізуші біздер болып қала бермекпіз!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет