Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет11/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83
КІРІСПЕ 
 
Қиял-ғажайып  ертегілері  –  халық  ауыз  әдебиетінің  ең  көне 
жанрларының бірі. Ол аңыздардың, салт-дәстүрлердің, наным-сенімдердің, 
ырым-жоралғылардың  негізі  болып  табылады.  Ертегілер  адам  санасының 
ажырамас  бөлігі  бола  тұрып,  тікелей  ұлттық  сана-сезімнің  қалыптасуына 
ықпал  етеді.  Олар  ғажайып  мистикаға  негізделген  діни  көзқарастардан 
құралып, кейіпкерлердің бақытқа, сұлулық пен шындыққа деген талпыныс-
ниеттерін  сипаттайды.  Ертегілер  адамдардың  жүзеге  асыра  алмай  келе 
жатқан  ежелгі  арманын  суреттейді:  уақытты  тәуелді  ету,  мәңгілік  жастық 
пен  байлыққа  кенелу,  өлімге  қарсы  тұру,  жеңу,  т.б.  Халық  қиял-ғажайып 
ертегілері мистикалық бастамадан басқа да маңызды қолданбалы мағынаға 
ие:  олар  жасөспірімдер  буынын  үлкен  өмірге  дайындап,  негізгі 
сценарийлерді  қалыптастырып,  ең  маңызды  және  күрделі  мәдени 
құндылықтармен таныстырады. 
Фольклор  туындыларының  ғылыми  зерттелуі  XIX  ғасырда,  әсіресе 
еуропалық  романтизм  бағытының  ұлтқа  қатысты,  белгілі  бір  ұлтқа  тән 
ерекшеліктерге  деген  зерттеушілік  қызығушылықтың  артуы  нәтижесінде 
басталғаны  белгілі.  Шетелдік  тіл  мен  әдебиет  ғылымында  халық 
ертегілерінің  жалпы  мәселелеріне  арналған  көптеген  еңбектер  мен 
мақалалар  жарық  көрді.  Мысалы,  Л.Н.Афанасьев,  ағайынды  В.Гримм  мен 
Я.Гримм, Т.Бенфей, А.Н.Веселовский, Э.Тэйлор, В.В. Радлов, И.Н.Березин, 
Г.Н.Потанин,  А.В.Васильев,  А.Е.Алекторов,т.б.  Қазақ  ғылымында 
Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, Ә.Диваев, М.Көпеевтің, М.Әуезовтің, 
С.Қасқабасовтың,  Т.Қоңыратбаевтың,  С.Қондыбай  т.б.  еңбектерін  ерекше 
атап көрсеткен жөн. 
Халық  ертегілерін  зерттеуде  нағыз  түбегейлі  өзгеріс  алып  келген 
В.Я.Пропптың  «Қиял-ғажайып  ертегінің  морфологиясы»  атты  еңбегі.  Бұл 
еңбек  функционалды  лингвистика  тұрғысынан  қарастырылатын  зерттеу 
жаңа  жол  ашып  берді.  В.Я.Пропп  теориясы  бойынша,  қиял-ғажайып 
ертегілердің барлығын 31 қызмет аясында қарастыруға болады. Ғалымның 
аталған 31 қызметінің бүкілі қазақтың бір ғана ертегісінде (Ер Төстік) орын 
алатыны  жан-жақты  ғылыми  әдебиеттерде  дәлелденген  (С.Қасқабасов, 
С.Қондыбай). Әрине, көп жағдайда бұл қызметтердің бірқатары бір-бірімен 
жұп,  үштік  құрап,  синтагматикалық  және  парадигматикалық  қатынастар 
арқылы байланысып жататыны да белгілі.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет