69
құда түсіп келген кісілерге анасы дастархан жайып отырып: «Мұның бәрін
дайындаған қызым. Қолынан келмейтіні жоқ! Өзі пысық, өзі аспаз әрі шебер.
Әй, осыдан артық келін таппайсыздар-ау, сірә!». Ананың мақсаты қызын
жақсы жағынан көрсетіп, тұрмысқа беру. Алайда бұл қулығы іске аспайды,
себебі іс жүзінде қызының қолынан түк келмейді.
Аталған сценарийде анасы мен қызы, құда түсіп келушілерден басқа да
жаңа кейіпкерлер пайда болады. Анасы қызын қуып, тоқпақтап ұрып, ұрсып
жатқан кезінде алдарынан хан кезігіп, қызын не үшін ұрып жатқанын
сұрайды. Сонда ханның сұрағына анасы емес, қызының өзі жауап береді:
«Себебі осы өңірдегі ер-азаматтардың түгелі мен үшін таласып, бір-бірін
қырды. Сол...Бұл дүниеде менен пысық, менен шебер жан таппайсыз!». Хан
қыздың бұл жауабына орай өз сарайына кілем тоқып беруін сұрайды. «Тоқып
берген жағдайда өзіңді алам, ал болмаған жағдайда басыңды алам», - деп
серт береді. Бұл ретте ағылшын ертегісінен айырмашылығы «алдау»
сценарийі екі рет орын алады: біріншісінде, анасы құдаларды алдамақ болса,
екіншісінде, ханды қыздың өзі алдайды.
Алдау сценарийі үнемі «кейіпкер алданады» сценарийімен жұп
құрайды. Іс-әрекет етуші тұлғалар сол күйінде қалады, тек мақсат қана
трансформацияға ұшырайды: хан пысық әрі шебер қызға үйленгісі келеді.
Әрі қарай «қиын тапсырма» қызметімен айқындалатын сценарий орын
алады. Бұл сценарийлердің аздаған айырмашылықтары бар: ағылшын
нұсқасында қыз бір ай ішінде бес орам жіп иіруі қажет, қазақ ертегісінде ол
кілем тоқып беруі керек. Қазақ тіліндегі нұсқада өрмекші сиқырлы жан
иесіне айналып, үш жыл ішінде қызға кілем тоқып үйретуге уәде береді.
Жалпы, «үш» саны екі ертегінің де тұрақты өлшемі болып табылады,
ол терең және үстіңгі құрылымдарды біріктіруші қызметін атқарады. Біздің
ойымызша, ең қиын сынақ үнемі үш тапсырмадан тұрады. Сөйтіп, кейінгі
сюжетте орын алатын сценарийлердің ағылшын нұсқасынан ешбір айырмасы
жоқ деуге де болады. Хан сиқырлы жан иесінің өз атын айтып отырған әнін
кездейсоқ естіп қояды. Қызға оны ханның өзі айтып береді. Ал қыз
болса оны
сиқырлы жан иесіне айтқан кезде ол жоқ болып кетеді. Сонымен, үстіңгі де,
сондай-ақ терең құрылым деңгейінде де ағылшын және қазақ ертегілерінің
ешбір айырмашылығы жоқ деп қорытындылауға болады. Алайда, бұл қазақ
ертегісінің сюжеті бойынша түсірілген анимациялық фильм екені күмән
келтіреді. Өйткені ағылшынша нұсқадан ешбір айырмашылығы жоқ.
Оның үстіне, қазақ халқы әрқашан да қызын қадір тұтқан, қасиетке
балаған, үнемі төрін ұсынған. Өйткені қыз – кие, қыз – халқының шырайы,
қыз – өріс, қыз – өмірдің бастауы, қыз – тіршіліктің тірегі деп, алақанында
көтерген. Сондықтан да, қызын ұрып, ұрсып қуған мазмұнды фреймдері,
шын мәнінде, қазақ ертегілеріне тән сценарийлерге жатпайтыны анық.
Керісінше, қазақ ертегілерінде қызға күйеуді таңдап, небір шарттар мен
сынақтар арқылы тапқан: «Күн астындағы Күнікей қыз От тауының ар
жағында тұратын бір ханның қызы екен. Ол ханның бір үлкен көк төбет иті
бар екен. Сол ит күн астындағы Күнікей қызға келе жатқан адам болса,
70
соның дыбысын сезіп, жүз шақырым жерден, алдынан шығады екен. Қандай
батыр, мықты адамдар болса да көк төбет ит барлығын да
жалғыз өзі қиратып
салады екен. Қызды іздеп барған адам сау қайтпайтын болған. Мұны білген
көп адамдар көк
төбеттен қорқып, қызға бара алмайды екен».
Жалпы, халық қиял-ғажайып ертегінің дискурсы – үнемі бір-бірімен
өзара әрекеттестікте болатын үстіңгі және терең құрылымдардың күрделі
жүйесі болып табылады. Бұл өзара әрекеттестік тікелей уақыт факторына
тәуелді: синхрония мен диахронияға. Ф.Соссюрдің ашқан жаңалығынан
кейін біршама уақыт өтті, сол себепті де оның лингвистикалық теориясы
біраз өзгерістерге де ұшырағаны белгілі. Алайда осының нәтижесінде
«синхронды талдау барысында тіл тарихының мәліметтерін қолдану қажет
емес деген қағида жойылды. Себебі, тілдің үнемі тұрақты түрде өзгеріп
тұруы, оның жұмсалым ерекшеліктерінің ең маңыздысы болып саналады.
Сондықтан да тілдің толық сипаты, оның диахрондық аспектілерін де ескеруі
қажет» [108].
Ғалым В.В.Виноградовтың айтуы бойынша: «Сөздің синхрондық
тұлғасында оның бұрынғы өзгерістер іздері сақталып, болашақ даму барысы
көрініс табады. Сол себепті де синхрондық пен диахрондық – бір тарихи
үдерістердің екі түрлі жағы ғана. Қазіргінің динамикасы – болашаққа деген
ұмтылыс. Сөздің қазіргі қолданысындағы мағыналар сәйкестігі, олардың бір-
біріне сатылы тәуелділігі, олардың фразеологиялық мәнмәтіндері мен
экспрессивтік бояулары – өткен ғасырлардың диахрондық қабаттарынан
жасалады» [109].
Зерттеу жұмысымызда ұсынып отырған сұлбамыз халық қиял-ғажайып
ертегілер дискурсын синхронды тұрғыдан – қызметтер реттілігі ретінде, ал
диахронды қырынан элементарлық сюжеттердің уақыт шеңберіндегі дамуы
тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Біздің сұлбамыз бойынша, үстіңгі
құрылымның элементарлық сюжеттері мен оларды құрайтын қызметтері
бірінен соң бірі Х өсі бойынша жылжып отырады, ал терең құрылымның
жоспарлары, сценарий мен фреймдері Ү өсі бойынша таралады. Нәтижесінде
шаршы жасалып, дәл соның ішінде кейіпкерлердің параллель ғаламдары
өзара әрекеттестікте болып, өрбіп жатады.
Осы тұрғыдан келгенде, қызмет – кездейсоқ категория емес: үстіңгі
құрылымда матрица құрау арқылы ол терең құрылым деңгейінде
сценарийлер,
фреймдер
мен
оларды
құраушы
слоттарға
трансформацияланады. Оның үстіне, қызметтің диахрония мен синхрониядан
тәуелді екенін байқауға болады. Яғни ертегінің терең мазмұны уақыт
факторына байланысты өзгеріске ұшырайды. Өйткені «уақыт, кеңістік пен
сан мәдениеттің ең маңызды концептілері болып табылады. Олар
философияның, жаратылыстанудың, әлеуметтанудың, физиканың және т.б.
гуманитарлық пен нақты ғылымдардың іргелі категориялары болып
саналады» [110]. Ал ғалым А.Я.Гуревич бұл категорияларды «координаттар
торы» деп атайды да, «олар арқылы адамдар өз санасында орын алатын