126
бастамасындағы сөз құрылысының ауызекі интонациясы; үш саны
(басқа сандар кештеу жазып алынған ертегілерде кездеседі); ертегі
клишелер; ертегілерде шынайы да және шындыққа сәйкес
келмейтін де оқиғалар қатар орын алады.
Ертегі дискурсы терең құрылымдарының мазмұны әрбір
фольклорлық дәстүрде бір мәдениеттен келесі бір мәдениетке дейін
түрленіп өзгеріп отырады. Оның үстіне сценарий, фреймдер мен
слоттардан тұратын терең құрылымдар белгілі бір этнос өкілдері үшін ең
бір релевантты деген концептілерді қалыптастырады. Сондықтан да
ертегі дискурсы кішкентай балалар үшін қоршаған ортаны танып
ұғынудың оқыту үлгісі болып саналады.
Әрбір кейіпкердің өз мақсаты болады және соның негізінде белгілі
бір сценарийлер мен фреймдер іріктеліп алынады. Бұл мақсаттарды
ертегідегі интенционалдылықтың бастапқы нүктелері ретінде қабылдау
арқылы халық қиял-ғажайып ертегілері дискурсының топологиялық
кеңістігінде басты кейіпкерлер жоспарларының дамуын айқындап
көрсетуге болады. Ертегі кейіпкерлерін ғажайып әлемімен танысу
барысында жас оқырмандар өздеріне ең жақын деп санаған
сценарийлерді таңдап алады. Содан кейін ертегі кейіпкерлеріне еліктеп,
алған білімдерін өмірде бейнелеу үшін ойнай бастайды. Ойын – өте
күрделі тетік. Ол арқылы балалар мәдениетті, әдеп-ғұрыптар мен
дәстүрлерді танып ұғынады. Ертегі дискурсының ойын бағытының
көмегімен балалар өз өмірлік тәжірибесін екі есе ұлғайтады, өйткені
басқа адам болуды үйренеді.
Халық қиял-ғажайып ертегілерін ойын дискурсы негізінде ырғақ
жасаушы сан болатыны дәлелденді. Ол іс-әрекет етуші тұлғалардың
жоспарлары мен элементарлық сюжеттері түйісуі мен сәйкес келуі
нәтижесінде пайда болады. Терең құрылымдар деңгейінде сан
мифологиямен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылыс ретінде
сипатталады. Ол- ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жасырын
сакралды мағынаға ие тілдік құбылыс. Сан халық дәстүрлерінің, ырым-
жоралғылары мен әдеп-ғұрыптарын ажырамас бөлігін құрайды.
Сондықтан да ол мәдени артефакт бола тұрып, оның мағынасы ертегі
дискурсының терең құрылымдарында кодталған.
Сандардан басқа мәдени маркерлер қалыптастырушы ретінде жалқы
есімдер де бола алатыны қарастырылды. Бұл есімдер- көптеген
ұрпақтардың тәжірибесін бойына сіңіріп, ғасырлар бойы жете іріктеуден
сүзіліп өткен атаулар. Ертегілердің мифтерден туындағанын ескере
отырып, біз ертегі кейіпкерлерінің есімдерін маңызды мәдени мән-
мағыналарды айқындайтын тілдік бірліктер деп анықтадық. Оларды
меңгеру арқылы балалар өз ата-бабаларының мәдениетімен етене
танысады.
Достарыңызбен бөлісу: