Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет146/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
90
 
Қалыптастырудың екінші кезеңінде студенттерге базалық пəндер блогының педагогикалық-психо-
логиялық  циклдағы  жəне  тіл,  əдебиет,  математика,  жаратылыстанудың  теориялық  негіздері  пəндері 
арқылы  кəсіби  құзыреттіліктің  теориялық-əдіснамалық  негіздерін  меңгертуге,  жалпы  білім  беретін 
мектептегі педагогикалық үдерістің мəні, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы, əлеуметтенуі, оқытудың 
теориясы мен əдістері, дидактиканың көкейкесті мəселелерімен танысып, мамандығына, кəсіби құзы-
реттілікке  біршама  жақындай  түсуіне  мүмкіндік  жасауға  ықпал  еткен.  Бұл  кезеңде  студенттердің 
өзіне болашақ кəсіби маман ретінде қарап, өзін -өзі тануға, өзін кəсіби қызметтің субъектісі ретінде 
сезінуіне ерекше көңіл бөлінген. 
Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімінің  кəсіби  құзыреттілігін  қалыптастырудың  үшінші  кезеңінде 
кəсіптендіру пəндерінен алатын білім, білік, дағды негізге алынған. Əдістемелік пəндердің əрқайсы-
сының оқыту əдістемесін, технологиясын меңгеру олардың дидактикалық біліктілігін арттыруға, «төменгі 
сынып  оқушыларымен  жүргізілетін  тəрбие  жұмыстарының  технологиясы»,  «педагогикалық  шеберлік» 
пəндері  болашақ  мұғалімнің  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  шеберлігіне,  баламен  жұмыс 
істей білу сапасына əсер етсе, «ғылыми-педагогикалық зерттеулер əдістемесі» зерттеушілік технологиясын 
меңгеріп,  оқушылардың  зерттеушілік  қабілетін  дамытуға  үйренуге  көмектесіп,  кəсіби  құзыреттілік 
тұрғысынан жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға ықпал ететіне аса мəн берілген.  
Тəжірибелік-педагогикалық  жұмыстың  соңғы  төртінші  кезеңі  алдындағы  кезеңдерде  зерделеген 
теориялық, практикалық білімдерін тəжірибеде қолдануға машықтануға арналған. Əр кезеңнен кейін 
студенттердің кəсіби-дидактикалық құзыреттілігінің деңгейі тексеріліп отырған [5]. 
Құзырлылық жəне кəсіби рефлекция болашақ маманның  кəсіби  дайындығының нəтижесі ретінде 
қарастырғанда  біз  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті  Филология  институтының 
«5В011700  –  Қазақ  тілі  мен  əдебиеті»  мамандығының  «Тəрбие  жұмысының  теориясы  мен  əдістемесі» 
пəні бойынша студенттермен жүргізілген дəріс, семинар сабақтары, студенттің оқытушының басшы-
лығымен  жəне  студенттің  өздік  жұмыстарда  қандай  нəтижелі  білім  алғанына  ерекше  көңіл  бөлінді. 
Болашақ  маманның  кəсіби  дайындығының    нəтижелі  білім  алудың  көрсеткішімен  кəсіби  құзіретті 
маман  ретінде  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Болашақ  маманның  бойынан    болашақ  өз  істерін  мəнін 
білу,  мазмұнын  түсінуі,  əдіс  -  тəсілдерді  қолдана  білуі,  іс  -  əрекетінде  іске  асыра  білуі,  баға  беруі, 
мінез - құлық мəдениеті, эмоционалды жағдайы барлығы қамтылады. 
Педагогикалық рефлексия ұлы Абайдың «Егер де есті кісілердің қатарында болғын келсе, күніне 
бір мəртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнің өзің есеп ал!», - деген қара сөзі 
де тұлғаның құзырлылығын қалыптастыруға негізгі қағида болып табылады. Ғұламаның тұжырымы 
бойынша құзырлылық жəне кəсіби рефлекция адамның тұлға ретінде өзіндік болмысы, беделі, ақылы, 
есеп беру арқылы өз білік, білімін, дағдысын қалыптастыруы деп бағалауға болады. 
Құзырлылық жəне  кəсіби  рефлекция  болашақ  маманның  кəсіби  дайындығының  нəтижесі  ретінде 
«Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі» пəнінің мақсаты – тəрбиелік іс-əрекетті ұйымдастыру 
мен жүзеге асыру технологиясын, тəрбие үдерісінің негіздерін танып білуде болашақ мұғалімдердің 
кəсіби-педагогикалық  құзыреттіліктігін  қалыптастыру  болып  табылады.  «Тəрбие  жұмысының  териясы 
мен əдістемесі» курсын оқыту барысында студент тəрбие жұмысының мəні, мақсаты мен міндеттері, 
мектеп мен əлеуметтік ортаның тəрбиелік жүйесі, сынып жетекшісі іс-əрекетінің жүйесі мен бағыттары, 
олардың міндеттері, балалардың ұйымы, тəрбие жұмысының формалары, əдістері, құралдары, тəрбие 
технологиялары жəне олардық басқа технологиялармен өзара байланыста ықпал етуі,  оқушылардың 
тəрбиелілік деңгейлерінің жəне тəрбие жұмысының диагностикасы туралы білімдерді меңгеріп шығады. 
«Тəрбие  жұмысының  теориясы  мен  əдістемесі»  курсын  оқыту  барысында  студентте  келесі  білік-
тіліктер  мен  дағдылары:  сыныпта  тəрбие  жұмыстарын  жопарлау;  сынып  жетекшісінің  міндеттері, 
балалар ұжымын қалыптастыру  жəне оның жағдайын  диагностикалау,  дарынды  баламен жəне қиын 
балалармен  жұмыс,  ата-аналармен  жəне  қосымша  білім  беру  ұйымдарымен  өзара  əрекеттестік,  оқу-
шылардың  бос  уақытын  ұйымдастыру,  ата-аналар  жиналысын  дайындау  жəне  өткізу,  мектептегі 
кəсіптік бағдар беру жұмыстарын  жүргізуді теориялық тұрғыда менгерумен қатар, теориялық білімді 
педагогикалық практикада болашақ маманның  кəсіби құзіреттілігі қалыптастыруға мүмкіндік болды 
деп есептеуге болады. 
Сонымен қатар, «Тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесін» пəні «Педагогика», «Этнопедагогика», 
«Өзін өзі тану» т.б. сабақтастыра жүйелі түрде  оқытылып, бірінші курстағы үздіксіз педагогикалық 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
91
 
практика студенттерде тұтас педагогикалық үдерісте болашақ маманның тұлғасын дамытуға, тəрбие-
леуге, кəсіби құзырлылығын қалыптастыруға белгілі үлес қосады. Мемлекеттік стандартта қарастырылған 
пəндер    болашақ  маманның  тек  кəсіби  құзырлылығын  қалыптастырумен  қатар,  жан  -  жақты  білімді 
болуға, яғни құзырлы болуға бағыттайды. 
Жоғарыдағы  талдаулардан,  ғалымдардың  зерделеуінен  кəсіби  құзырлылықты  білім,  білік,  дағды, 
сапа, іскерлік тұрғысынан, болашақ маманның педагогикалық шеберлігі, білімді менгеруі мен прак-
тикада  еркін  пайдалана  білуімен,  жетілдіру  үрдісіне  үнемі  мəн  беруімен,  тұлғаралық  қатынаста 
мəдениеттілігі жəне кəсіби-педагогикалық құзырлылығы тұрғысынан қамтиды. 
 
1
 
Құдайбергенова  К.С.  Құзырлылық  білім  сапасының  критерий:  əдіснамасы  жəне  ғылыми  теориялық 
негізі. Монография. – Алматы, 2008. – 328 б. 
2
 
Қазақша - орысша сөздік. Редакциясын басқарған Р.Ғ. Сыздықова, К.Ш. Хұсайын. – Алматы, 2002. - 1008 б. 
3
 
Таубаева Ш.Т. Педагогика əдіснамасы. – Алматы: Қарасай, 2013. – 432 б. 
4
 
Зимняя И.А. Компетентностный подход в образовании. – Уфа, 2004. - С. 34-38. 
5
 
Барсай  Б.  Бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  кəсіби-дидактикалық  құзыреттілігін  қалыптастырудың 
əдіснамасы, теориясы жəне технологиясы: Монография. - Алматы: «Əрекет-Print», 2009. – 310 бет.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет