Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
247
пайдалылық секілді адамның əлеуметтік қасиеттерімен анықталған. Осылайша, Германияда қолөнерге
баулу арқылы заңды орындайтын азаматтарды қалыптастыру мен тəрбиелеу жүзеге асырылды, бұл
үрдіс барысында цехтар маңызды əлеуметік қызмет атқарды. Пруссияда кəсіптік оқуды аяқтағаны
туралы куəлікте (1734 ж.) шəкіртке ешқандай квалификация берілмеген, қайта, «өзін құдайды құрмет-
тейтін жəне əдепті жас жігіт ретінде ұстауға» кеңес берілу факті кəсіптік оқытуда идеологиялық
бастаманың басымдығын растайды. Дəстүрді сақтау қолөнершінің өмірлік позициясы мен мүддесінің
көрінісі болып табылды. Қолөнердегі дəстүрлілік цех жарғысы шеңберінен шығатын кез-келген əрекетті
жоққа шығарды, осылайша шəкірттердің тек цех регистріне енген қолөнерлік мамандықтарды ғана
меңгеруіне ықпал етті. Қолөнер-сословиелік дəстүрді сақтау цех жарғысында көрініс тапты, онда цех
мүшелері ең лайықты азаматтар болуы тиіс екені айтылған. Ал қолөнершілер өз қызметінде ғасырлар
бойы қалыптасқан дəстүр бекіткен канондарды ұстануға міндеті.
Бір жағынан, мұнда цехтар техникалық прогрессті қабылдамағанын, ал екінші жағынан – олардың
шəкірттерді тəрбиелеуде авторитарлық талаптарын көреміз. Бұл барьерді фабрика қызметкерлері
ұсынған оқытудың прогрессивті формаларының көмегімен жеңу мүмкін емес, өйткені онда оқығандар
цех шеберлерінің құқықтарын пайдалана алмайтын жəне, цех старейшиндерінің пікірі бойынша, тек
олардың ортасында ғана тəрбиеленетін əдептілік, тəртіптілік деген қасиеттерден жұрдай болды.
Германиядағы қолөнер шəкірттігінің тарихы мемлекеттің əртүрлі шектеулерге қарсы, «əдептілік,
тəртіптілік» туралы заң дегенді қоса, күресін де қамтиды. Дегенмен мемлекет цехтарға қатысты бей-
тараптылық позициясын ұстанды, өйткені олар мемлекет анықтаған қызметті атқаратын адамдардың
сословиелік ұйымының бір бөлігін білдірді. Мемлекеттің цехтық нормалар мен белгіленген уақытта
өзін ұстау ережелерінің əсер күшін əлсіретуге тырысуы табысты бола алмады, себебі цех жарғысы
белгіліген өзін-өзі ұстау нормасы қолөнершілер сословиесінің күнделікті өмірімен тығыз байланысты
болды [3].
Германиядағы кəсіби білім беруде қолөнерге баулу үрдісін зерттей отырып біз:
дуалды оқытудың
құрамдас бөлігі – практикалық, өндірістік-қолөнерлік, мазмұнының қалыптасу жолын байқадық.Ол
қазріге дейін кəсіби білім беруде дуалды оқытуда шешуші рөл атқарады.
Орта ғасырларда діни жексенбілік мектептерде дуалды оқытудың басқа саласы пайда болады –
Достарыңызбен бөлісу: