Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет406/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
273
 
-
 
тарихилығы; 
-
 
ғылымилығы; 
-
 
əлемдік мəдениет жүйесіне ұлттық мəдениеттің дидактикалық түрде енгізілуі;    
-
 
көпмəдениеттілікке сəйкестендірілу жəне тұлғаның маңыздылығы;  
-
 
білім беру мазмұнының тұлғаны дамыту талаптарына сəйкестігі;    
-
 
оқу материалдарын интеграциялау; 
-
 
оқулық мазмұнының, оқу мен кəсіби икемділігінің, дағдысының жүйелі тұтастығы.
 
Кез  келген  оқулықты  жазу  оқылатын  пəннің  немесе  құбылыстың  барлық  ішкі  жəне  сыртқы  бай-
ланысын  анықтау  мен  терең  талдау  жасауға  септігін  тигізетін  жүйелі  жұмыстың  атқарылуын  талап 
етеді.  Мысалы,  оқулықтағы  сабақ  тақырыбы  өзінің  арнайы  ерекшеліктерін  олардың  атқаратын  қыз-
меттері мен орнын ескеретін əр элементіне нақты сілтеу жасай отырып, өзіндік табиғи тұтастылықты 
жеткізуі  тиіс.  Жүйелі  түрде  жұмыс  жасалынғанда  тарихилықтың,  тұтастықтың,  құрылымдылықтың, 
өзара тəуелділіктің, сатылықтың қағидаттары іске асады. 
Бүгінгі  жаһандану  мен  ақпараттандыру  кезеңінде  жаңа  пəндер  мен  жаңа  оқулықтарға  қажеттілік 
туындауда. Педагогикалық үдеріске жаңа оқу пəндерін енгізу туралы туындап жатқан пікірталастар - 
кең  ауқымдағы  жұртшылықтың  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  дамуы  мен  білімді  болуына  бейжай 
қарамайтындығының көрсеткіші.
 
Ресейде жаңа ұрпақ оқулығын жазудағы мəселелерді талқылауда академик Г. Граник: «Жаңа үлгідегі 
оқулықтар  ең  алдымен,  оқушылардың  мектеп  пəніне  деген  сүйіспеншіліктері  мен  қызығушылықтарын 
ояту болып табылатын білім алудың басты мақсаттарының бірін шешуге мүмкіндік береді. Ол үшін 
оқулық ынталандыру, назар аудару, түсіну, еркіндік, ерікті жəне еріксіз есте сақтау, елестету, эмоция 
жəне сезім сияқты психологиялық үдерістерді жандандырады. Оқулықты бұрынғыдай, құрғақ, білім-
сіздік тілімен жазуға болмайды. 
Жаңа  үлгідегі  оқулықтар  ерекше  тілде  жазылуды  талап  етті.  Ол  үшін  «жазу  үлгісіндегі  ауызекі 
тіл» деп аталатын тіл пайда болды. Оқулықтар балаларға шын мəнісінде қызықты болуы үшін автор 
əртүрлі  мүмкіндіктерді  пайдаланады,  мысалы,  оқушылардың  эмоционалды-бейнелі  жəне  абстрактылы-
логикалық ойлауына бірмезгілде бағытталған  материалды баяндау түрін таңдайды», - деді [2]. 
Қазақстанның  оқу  үдерісінде  «Өзін-өзі  тану»  оқу  пəнінің  пайда  болуы  мен  енгізілуі  –  уақыт 
талабы. Жастарды рухани-адамгершілік аясында дамыту кезек күттірмейтін мəселеге айналды. 
Соңғы  уақыттарда  балаларымыздың  интеллектуалды  əлеуетін  дамытуға  баса  назар  аударып  кет-
кеніміз белгілі болды. Олардың шетел тілінде өте жақсы сөйлейтіндігіне, бір жарым жасар баланың 
электронды  планшет  пернетақтасында  монитордағы  өмірде  жоқ  бейнемен  сөйлескенде  сақсақтарының 
дəл қимылдайтынына, оқушылардың əртүрлі тестік емтихандардағы, олимпиадалардағы жеңістеріне 
мəз боламыз.  
Алайда олар мейірімді, қайырымды адам болып өсіп келеді ме? Біздің балаларымыз шындық пен 
əділдік  жолында  жан  аямауға  дайын  ба?  Олар  ізгі  əрекеттерімен,  ата-аналарына,  қарт  адамдарға 
құрмет көрсетулерімен ерекшеленеді ме? 
Осы  сияқты  сұрақтардың  шешімін  оқу  əдебиеттерін  пайдалану  арқылы  табу  екінші  кезекке 
жылжып кеткен сияқты. Бірақта оларды тез арада шешу керек.  
 «Өзін-өзі  тану»  оқу  пəнінің  ерекшелігі  өзінің  зияткерлік  қабілеттерін  жоғары  руханилық  пен 
адамгершілік  бірлігінде  дамыта  отырып  көрсететін  үйлесімді  дамыған  тұлғаны  қалыптастыруға 
бағытталғандығында.  Интеллект  пен  адамгершілік  –  өзін-өзі  тану  оқулықтары  мен  оқу-əдістемелік 
əдебиеттеріне сай келетін, оқу пəнінің мəн-мағынасын көрсететін негізгі түсініктер. Өзін-өзі тануды 
басқа  пəндермен  интеграциялау  да  біздің  балаларымыздың  толыққанды  дамуына  септігін  тигізеді, 
яғни ғылым мен өнердің əр саласында білімдерін жетілдірумен қатар, оқулық мазмұнындағы жалпы-
адамзаттық құндылықтарды ашуға, қайырымдылық пен мейірімділік, əділдік пен жауапкершілік жайында 
ой толғап, мəнін тереңнен түсінуге мүмкіндік алады. 
Өзін-өзі тану оқулығын жəне оған арналған оқу-əдістемелік құралдарды жазу барысында авторлар 
келесі талаптарды сақтауға тырысады:  
-
 
білім алуды білім алушылар тұлғасының интеллектуалды жəне рухани-адамгершілікті бірлікте 
дамуына бағыттауды қамтамасыз етуге;  
-
 
ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
274
 
-
 
заманауи  ойлау,  қоғамның,  табиғаттың  дамуының  деңгейімен  сəйкес  келетін  жаңа  сенімді 
білімді хабарлауға; 
-
 
білім  алушылар  тұлғасының  жағымды  үйлесімді  дамуына  септігін  тигізетін  тереңнен  талдап, 
ойлай алуын дамытуға; 
-
 
өзін-өзі  танудың  өзіндік ерекшеліктеріне  жəне  тұлғаның  өзін жетілдіруге бағытталған  ғылым-
дағы соңғы жетістіктерін ескере отырып, ақыл-ой қызметінің негізгі тəсілдерін қалыптастыру; 
-
 
тұлғаның өзіндік білім алуына жəне өзіндік жетілуіне дайындықты қамтамасыз ету; 
-
 
білім  алушылардың  жас  ерекшеліктеріне  мазмұнымен  де,  оқитын  тілімен  де,  эмоционалдық 
əсер ету тəсілдерімен де сəйкес келуі; 
-
 
негізгі  түсініктерді,  маңызды  жағдайларды,  өз  бетінше  орындайтын  тапсырмаларды,  шешім-
дерді анық құрылымдық бөлудің жəне графикалық айқындаудың болуы; 
-
 
оқу  материалдарын  қабылдау  мен  пайымдауды  жеңілдететін  суреттердің  жеткілікті  болуы, 
суреттерге  қойылатын  талаптарды  сақтау,  олардың  мəтінмен  өзара  байланысының  болуы,  дұрыс 
орналасуы; 
-
 
оқу материалының жəне басқа оқу пəндерінің өзін-өзі танумен интеграциялануы; 
-
 
пайдаланылған теориялық дереккөзіне сілтеменің болуы; 
-
 
өзін-өзі  тануға,  қойылған  мəселелерді  шешудің  əдістері  мен  тəсілдеріне  өзіндік  танымдық 
ізденіс  тудыруға,  білім  алушылардың  шығармашылығын  дамытуға  ынталандыратын  тапсырмалардың 
болуы; 
-
 
өмірлік жағдайдағы қалыпты жəне қалыпты емес міндеттерді шеше алу дағдыларын қалыптастыру; 
-
 
əдістемелік  безендіру  (кіріспе,  мазмұны,  тараулары,  пəндік-атаулық  белгілер,  сілтемелер  мен 
нұсқаулар) талаптарына сəйкестілігі.  
Мектеп  оқулықтарының  сапалы  жазылғандығын  айқындайтын  басты  ерекшелік  –  ол  балалардың 
өзіндік  бағалаулары:  бұл  оқулықтар  біздер  үшін  жазылған,  оны  оқығың  келе  береді,  оны  оқыған 
қызық!  Оқулықтар оқырман-оқушымен сөйлесіп  тұрғандай, олармен əңгімелеседі, ойлауға итермелейді. 
Өзін-өзі  тану  оқулықтары  мен  оқу-əдістемелік  құралдарына  енгізілген  өсиет  əңгімелер,  ұлы  ағар-
тушылардың,  ғалымдардың,  қарапайым  адамдардың    өмірлерінен  алынған  мысалдар  мен  шығармалары 
білім  алушылардың  жағымды  ойлау,  өмірлік  қиын  жағдайлардан  дұрыс  шешім  тауып  шыға  білу 
дағдыларының дамуына, адамгершілікті тұрғыдағы сезімдерінің жандануына септігін тигізе отырып, 
ізгілікті адам тəрбиелейді. 
Оқулықтарға «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының басты идеяларын 
негізделген  түрде  енгізу  –  оңай  міндет  емес.  Оқу  материалдарын  тыңғылықты  таңдау,  тəжірибелік 
сараптау,  жаңарту  жұмыстары,  оқулықтар  мен  оқу-əдістемелік  құралдарын  жақсарту  мақсатында  жаңа 
идеяларды  іздеу,  өзін-өзі  тану  мұғалімдерімен  іскерлік  қарым-қатынаста  болу  –  осылардың  бəрі 
«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру жəне сауықтыру орталығы авторлары жұмыстарының 
біразы ғана. 
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының авторы –  Сара Алпысқызы былай 
дейді:  «Баланың  өзін  түсінуіне  жол  табуы,  өз  күшіне,  өзінің  болмысына  сенуі  сияқты  қабілеттерін 
ашу – бұл өте маңызды. Өзін құметтеуін, ар тұрғысынан өмір сүруін жəне дұрыс емес əрекетінің өзі 
үшін зияндығын нақты білуі тиіс. Мейірімділігі мен Сүйіспеншілігі жүректен жүрекке жетіп, əлемде 
Сүйіспеншілік  пен  қайырымдылықтың  аясын  жасайды.  Сол  кезде  қазіргі  жас  өспірімдер  өсіп  келе 
жатқан елді мүмкіндіктерін іске асырмаған өлке деп айтуға ешкімнің аузы бармайтын болады»
 
[3, б. 
62].
 
Өзін-өзі  тану  оқулықтары  мен  оқу-əдістемелік  құралдары  қоғамдағы  -  нағыз  Адамды  тəрбиелеу 
өзекті мəселесін шешуге қабілетті. 
 
1
 
Қазақ энциклопедиясы. 7- том. 
2
 
«На что способен школьный учебник?» // Под ред. академика РАО Г. Г.  Граник "Учительская газета",   
№ 43, 23.10. 2012. 
3
 
Назарбаева С.А. Өмір əдебі. – Алматы, 2001. 
 
 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
275
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет