Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет145/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйін  сөздер:  Құзыр, құзырлылық, кəсіби құзырлылық, педагогикалық құзырлылық, педагогикалық шеберлік, 
рефлекция, кəсіби рефлекция. 
 
Жалпы  əлемдік  білім  кеңістігінде  тұрған  негізгі  мəселе  құзырлы  маман  дайындау.  Құзыр  ұғымы 
өте  көне  ұғымдардың  қатарына  жатады.  Құзырлылық  ұғымы  туралы  мəселе  қозғағанда  алғашқы 
қалыптасқан  жері  Америка  Құрама  Штатында  ХХ  ғасырдың  орта  шенінде  американ  ғалымы             
Н. Хомскийден бастау алатыны белгілі. Құзырлы (латынша компотентный жоғары тұрған қабілетті) 
білгір, белгілі аймаққа жинақтаушы,  өзінің білімі немесе қызметі бойынша бір нəрсені істеуге немесе 
шешуге уəкілдігі бар деген мағынаны білдіреді [1]. 
Сөздікте  құзыр  (латынша  «compentia»  -  компетенция)  қандай  да  бір  мекеменің  немесе  адамның 
уəкілет шеңбері; адамның танымы, тəжірибесі бар сұрақтар шеңбері. Қазақ тілі терминдерінің сапа-
лық  ғылыми  түсіндірме  сөздігінде  құзыр,  білік  1)  жалпы  алғанда  қайсыбір  тапсырманы  орындауға 
қабілеттілік  немесе  бір  нəрсені  жасау;  2)  тіл  мен  психолингвистикада  тілдің  базалық,  абстрактілі 
ережелерін  меңгеру;  3)  сот  психиатриясында  сот  отырысына  қатысуға  психикалық  тұрғыдан  қабілетті 
деп есептелетін адамды белгілеуге қолданылады[2]. 
А.К.  Маркованың  зерттеуінде  кəсіби  құзырлылық,  педагогикалық  құзырлылық  ұғымдырының 
мəнін аша отырып, білім, білік, дағдымен бірге студенттің қызметі, қарым қатынасы, іс əрекеті негі-
зінде  іске  асатынына  тоқталады.  Кəсіби  құзырлылық,  педагогикалық  құзырлылық  теориялық  білім 
мен практикалық дағдылардың өзара байланысының негізгі орын алатынын атап көрсетеді. 
Құзырлылық ұғымының даму тарихын зерттеген ғалымдардың бірі И.А. Зимняя болып табылады. 
Ол  «құзыр,  құзырлылық,  құзыреттілік,  құзырет»  ұғымдырының  мəнін  ғылыми  негіздеді.  Сонымен 
қатар, «кəсіби құзыреттілік», «əлеуметтік құзыреттілік» түрлеріне тоқтала отырып, білім беруді бас-
қару, кəсіби менеджмент басқа түрлеріне тоқталады[3]. 
Құзырлылық жəне кəсіби рефлекция болашақ маманнның кəсіби дайындығының нəтижесі ретінде 
қарастырғанда  құзыр,  құзырлылық,  құзыреттілік,  кəсіби  құзыреттілік,  педагогикалық  құзыреттілік 
ғылыми  терминдерді  мəні  жан  -  жақты  анықталды.  Жоғары  мектептің  оқу-тəрбие    педагогикалық 
үдерістің  негізі  -  болашақ  маманның  бойына  кəсіби  құзырлылық  пен  рефлекцияны  қалыптастыру 
болып табылады. 
Профессор Ш.Т. Таубаева болашақ мұғалімдердің кəсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға 
байланысты  «құзыреттілік»,  «кəсіби  құзыреттілік»  «мұғалім  құзыреттілігі»  ұғымдарына  берілген 
əртүрлі түсініктемелерге талдау жасай келе, «құзыреттілік» ұғымы білім беру, маман даярлау саласы-
ның  қолданыстағы  терминіне  айналғанын  көреміз.  «Құзыреттілік»  термині  əдетте  белгілі  бір  əлеу-
меттік - кəсіби статус иесіне байланысты қолданылады жəне оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, 
білігінің орындалуға тиіс мəселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сəйкестілігі арқылы сипатталады, - 
дей  келе  кəсіби-педагогикалық  құзыреттілікті  қалыптастырудың  ғылыми-педагогикалық  негіздерін 
ғалымдардың бірнеше бағыттарын нақтылайды:  
Бірінші бағыттағы ғалымдар (Т.Г. Браже, Н.Н. Лобанова, Н.И. Запрудский жəне т.б.) кəсіби құзы-
реттілікті  «сапалар  мен  іскерліктердің»  жүйесі  ретінде  түсінеді  жəне  кəсіби-педагогикалық  құзы-
реттілікті  философиялық,  психологиялық,  мəдениеттік,  əлеуметтік  жəне  тұлғалық  тұрғыдағы  жүйе 
ретінде қарастырады. 
Екінші  бағыттағы  ғалымдар  (В.А.  Сластенин,  В.И.  Загвязинский,  А.И.  Мищенко,  Г.И.  Хозяинов 
жəне т.б.) кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктің педагогикалық шеберлікпен байланысын зерттеді. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
89
 
Үшінші  бағыттағы  ғалымдар  (Е.В.  Бондаревская,  А.А.  Вербицкий,  Б.С.  Гершунский,  Н.С.  Розов 
жəне т.б.) кəсіби-педагогикалық құзыреттілікті тұлғаның білімділігімен, дамығандығымен, тəжірибе-
сімен, жеке қабілеттерімен, білімін үнемі жетілдіруге ұмтылысымен, адамдармен мəдениетті қарым-
қатынас жасай білуімен байланыстырады. 
Төртінші  бағыттағы  ғалымдар  (Н.В.  Кузьмина,  М.И.Лукьянова,  А.К.  Маркова,  Л.М.  Митина,   
Е.М. Павлютенков жəне т.б.) кəсіби-педагогикалық құзыреттілікті іс-əрекеттік тұрғыдан қарастырады [4]. 
Жоғарыдағы талдаулардан зерттеуші ғалымдар  кəсіби құзыреттілікті сапалар мен іскерліктердің 
жүйесі  ретінде,  кəсіби-педагогикалық  құзыреттілікті  педагогикалық  шеберлікпен  байланыстырады, 
тұлғаның білімділігімен, дамығандығымен, тəжірибесімен, жеке қабілеттерімен, білімін үнемі жетіл-
діруге  ұмтылысымен,  адамдармен  мəдениетті  қарым-қатынас  жасай  білуімен  байланыстырады, 
кəсіби-педагогикалық құзыреттілікті іс-əрекеттік тұрғысынан қамтиды. 
К.С. Құдайбергенованың «Құзырлылық білім сапасының критерий: əдіснамасы жəне ғылыми тео-
риялық негізі» атты монографиясында алыс жəне жақын шет ел ғалымдардың еңбектеріндегі құзыр-
лылық ұғымына жан - жақты талдаулар жүргізген. Ғалым В.П. Шапалов, А. Савенков, И.А. Зимняя т.б. 
құзырлылық ұғымына берген анықтамаларын, мəселен, В.П. Шапалов  «Құзырлылық – бұл тұлғаның 
əлеуметтік  тəжірибені  меңгерудегі,  адамзаттың  мəдениетімен  барлық  құрылымдық  жағынан  теңдес 
келетін  жəне  өзіне  тек  білімділік,  операционалдық-технологиялық  ғана  емес,  мотивациялық,  этикалық, 
əлеуметтік  жəне  мінез-құлықтық  құрамдас  бөліктерді  қамтитын  қабілеттілік»,  А.  Савенков  «құзыр-
лылық  моделіне  –  білім  жəне  оның  ұйымдастырылуын,  білік  жəне  дағдының  пайдаланылуын, 
шығармашылық  –  интеллектуалдық  əлеуетін,  əлемге  деген  эмоционалдық-адамгершілік  жағымды 
бағдарын,  яғни,  эмоционалдық,  еркіндік,  адамгершілік,  эстетикалық  тəрбиелілік  жүйесі»,  И.А.  Зимняя 
жоғары  оқу  орындарындағы  реформалаудың  құзыр  негізіндегі  кəсіби  оқуға  бағдарлануына  байла-
нысты,  білімді  бағалаудағы  басымдықты  оқыту  үрдісінен  нəтижеге  бағыттау  керек  деген  қорытын-
дысын»  жəне  т.б ғалымдардың  тұжырымын  негізге  ала  отырып, құзырлылықты  анықтаудың  əдісна-
малық  амалдар  мен  технологиялар  негізінде  мақсат,  ситуация,  нəтиже,  баға  арасындағы  байланыс 
практикалық тəжірибелермен ұштастырылатынын атап көрсетеді. Аталған еңбекте құзырлылық білім 
сапасының  критерий  тұрғысынан  қарастыра  отырып,  педагогикалық  категория  ретінде  философиялық 
негізі ашылады[4, - С. 34-38]. 
Ғ.Ұ.  Сыздықбаева  «Педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  кəсіби  тұлғалық 
құзырлылығын  қалыптастыру»  атты  ғылыми  -  зерттеу  жұмысында  болашақ  маманнның  кəсіби  тұл-
ғалық  құзырлылығының  мəні  мен  үлгісін,  профессор  Ə.М.  Мұханбетжанова  болашақ  педагогты 
құзыреттілік тұрғыдан кəсіби даярлау мəселесі қарастырырады.  
Құзырлылық жəне кəсіби рефлекция болашақ маманнның кəсіби дайындығының нəтижесі ретінде 
қарастыратын  болсақ  кəсіби  рефлексия  жалпы  нəтижелі  білім  алудың  негізгі  деп  қарастырамыз. 
Болашақ  мамандардың  кəсіби  рефлекциясысы  таным  процесімен  тікелей  байланыста,  сыртқы  бол-
мыстың  адам  санасында  бейнеленуі,  білімді  қабылдауы,  оның  іс-əрекет  ретінде  дағдыға  айналуы, 
эмоциялық қабылдауларымен бірге болашақ маманнның кəсіби дайындығында көрініс береді. Кəсіби 
жəне  педагогикалық  рефлекция  өзара  бір-бірімен  байланыста,  даралық,  шығармашылық,  авторлық 
ізденістері мен  соның нəтижесі тұрғысынан қарастырылады. 
Бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  кəсіби-дидактикалық  құзыреттілігін  қалыптастырудың  əдіснамасы, 
теориясы  жəне  технологиясын  зерттеген  Б.Барсайдың  қарастырған  теориялық-əдіснамалық  қағидалары, 
анықтау экспериментінің нəтижелері, оларды болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кəсіби-дидакти-
калық  құзыреттілігін  қалыптастырудың  өлшемдерімен  салыстыруы,  жоғары  оқу  орнындағы  педаго-
гикалық үдерістің мазмұны мен ерекшеліктерін ескере қалыптастыру экспериментінің төрт кезеңнен 
тұратын бағытын анықтаған: Қалыптастырудың бірінші кезеңінде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің 
кəсіби-дидактикалық  құзыреттілігінің  элементтерін  қалыптастыруға  жалпы  білім  беру  пəндерінің 
əсері  мен  жоғары  оқу  орны  педагогтарының  қызметін  теориялық  семинар  арқылы  үйлестіруге  мəн 
берілген.  ЖОО  оқытушысының  əр  пəн  бойынша  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімінің  кəсіби-
дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуына қолайлы əсер ететін, яғни студенттердің мамандығына 
ынтасын,  қызығушылығын  арттыратындай  «элемент»  болуына  назар  аударылған.  Пəндер  арқылы 
студенттердің дүниетанымы, түсінігі кеңейіп, құбылыстар мен үдерістерге ғылыми тұрғыдан қарауға 
үйренетінін, адамдармен өзара қарым-қатынасын реттеуге ұмтылыс пайда болатынын атап көрсетеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет