Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет157/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
98
 
Болашақ  мамандарды  кəсіби  даярлауда  субъектілігі  мен  кəсіби  құзыреттілігін  дамытудың  екінші 
педагогикалық  шарты  -  оқу  үрдісінің  полисубъектілік  немесе  диалогтік  сипатта  ұйымдастырылуы. 
Себебі,  В.А.  Петровский  тұлға  болу  –  ол  өз  өмірінің  субъектісі  болу,  əлеммен  өзінің  қатынастарын 
орнату деп көрсетеді [2, 103 б.]. 
Демек,  адам  өз  өмірін  өз  бетімен  бағдарлап  ұйымдастыру  қабілетіне  ие  болған  кезде,  қоршаған 
табиғи  жəне  əлеуметтік  ортасымен  дене,  психофизиологиялық  жəне  əлеуметтік  байланыстарын  орната 
алған  кезде  ғана  субъект  позициясына  ие  болады.  Бұл  тұрғыда  əсіресе  оқу  үрдісінде  студенттердің 
əлеуметтік қатынастардағы субъектілігін дамыту мəселесі ерекше маңызды. Оқу үрдісі студенттерді 
таным  субъектісі  ретінде,  яғни  өз  бетімен  білімді  меңгере  алу  қабілеттілігін  дамытып  қана  қоймай, 
түрлі рөлдерде (зерттеуші, үйретуші, басқарушы, орындаушы, бағалаушы, бағдарлаушы, тыңдаушы, 
баяндамашы  жəне  т.б.)  қарым-қатынас  субъектісі  болуға,  студенттерге  əлеуметтік  қарым-қатынас 
жүйесінде өзін еркін сезінуге, табысты қарым-қатынасты құру қабілеттілігін дамытуға жағдай жасау 
қажет.  Студенттер  өздерін  түрлі  əлеуметтік  рөлдерде  сынау  үшін  жəне  түрлі  əлеуметтік  жəне  оқу 
қатынастары  жүйесінде  қарым-қатынас  жасау  тəжірибесін  жинақтауға  əлеуметтік-педагогикалық 
орта  құру  тиімді.  Əлеуметтік-педагогикалық  орта  құруда  студенттерге  түрлі  əлеуметтік  рөлдерді 
имитациялауға  мүмкіндік  беретін  рөлдік  жəне  іскерлік  ойындар,  тренингтер,  жұптық  жəне  топтық 
жұмыстар жəне т.б. ұйымдастыру табысты нəтижелер береді. 
Болашақ мамандарды оқыту жүйесінде диалогтық оқытуды тиімді ұйымдастырып ынталандыруда 
сұрақтарды  дұрыс  құрастырып,  дұрыс  қоюдың  да  маңызы  зор.  Бұл  тұрғыда  дəстүрлі  қалыптасқан 
оқытудағы жабық, яғни «иə» немесе «жоқ» деген жауаптармен шектелетін сұрақтар тиімсіз болады. 
Орнына студенттерге өзіндік ойы мен пікірін білдіруге мүмкіндік беретін ашық сұрақтар қойылғаны 
дұрыс. Дегенмен ашық сұрақтардың ішінде жоғары деңгейлі сұрақтар басым болу керектігін ескеру 
маңызды.  Ондай  сұрақтар  кітаптардан  жəне  түрлі  ақпарат  көздерінен  дайын  табуға  болатын  жауап-
тарды емес, студенттің ізденіп, өзінің тұжырымдауын талап ететін жауаптарды ынталандыратындай 
болуы  тиіс.  Жоғары  деңгейлі  сұрақтар  болашақ  мұғалімдердің  сыни  ойлауын  дамыта  отырып 
олардың  кəсіби-тұлғалық  маңызды  құзыреттерін  дамытуға  ықпал  етеді.  Дегенмен,  сабақ  барысында 
студенттер аудиториясында белсенді диалогты ынталандыру үшін диалогты бірден жоғары деңгейлі 
сұрақтарды қоюдан бастау тиімді нəтижеге əкелмейді, себебі оған тек білім-білік деңгейлері жоғары 
студенттер белсенді түрде араласады, қалған студенттер диалогтан тысқары қалып қояды. Кез келген 
диалогты  бірінші  түсіну  сұрақтары,  яғни  жабық  жəне  қарапайым  ашық  сұрақтардан  бастап,  барлық 
студенттер  диалогқа  тартылатындай  жағдай  туғызу  маңызды,  содан  кейін  ғана  жоғары  деңгейлі 
сұрақтар  қою  тиімді  болады.  Сабақтағы  диалог  төрт-бес  студенттермен  шектелік  қалмауы  үшін 
оқытушы  қайта  бағыттау  сұрақтарын,  яғни  сұрақтарға  жауап  берген  студенттердің  пікірімен  кімдер 
жəне  не  үшін  келісетінін,  ол  пікірлермен  кімдер  жəне  не  үшін  келіспейтінін  анықтауға  бағытталған 
сұрақтарын  қою  жоғары  нəтиже  береді.  Бұл  стратегиялар  диалогқа  барынша  көп  студенттерді 
тартуға,  оларды  бір-бірінің  пікірін  мұқият  тыңдау  дағдыларын,  ол  көзқарастардыт  талдап  бағалау 
құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді. 
Ынталандырушы теориясына негізделе отырып, топтық жұмыс барысында топтың барлық мүше-
лерінің  қатысуын  қамтамасыз  ету  үшін  топтық  «Доп»,  «Эстафета»  тəсілдерін  пайдалану  жоспарланған. 
«Доп»  тəсілін  пайдалануда  допты  лақтыру  арқылы  кездейсоқ  əр  топтан  кез-келген  мүшесіне  топ 
жұмысының нəтижелерін қорғауға тапсырма беру. Ол арқылы əр топ мүшелері əр тапсырманы ортада 
жан-жақты  толық  қарастырып,  барлық  топ  мүшелерінің  оны  меңгеруін  қадағалауына  итермелеу. 
«Эстафета»  тəсілін  пайдалану  барысында  топ  мүшелері  эстафета  желісімен  кезектесіп  мəселе  бойынша 
пікірін білдіреді. 
Болашақ  мамандарды  қарым-қатынас  субъектісі  ретінде  дамытудың  маңызы  сонда,  бүгінгі  өндірісті 
басқаруда  жетекші  орын алып  отырған  корпоративтік  басқару,  корпоративтік  мəдениет  жағдайында 
ұжымда  жұмыс  істеу,  ұжыммен  еркін  қатынасқа  түсу  сияқты  кəсіби  маңызды  əлеуметтік  құзырет-
терді меңгереді. Қарым-қатынас субъектісі ретінде даму болашақ маманның көшбасшылығының да-
муының маңызды шарты болып табылады. 
В.А. Петровскийдің тұлғаның мəнін қарастырудағы оның  пəндік əрекеттің субъектісі болу керектігін 
де  негіздейді,  яғни  адам  субъект  ретінде  өз  əрекетін  өз  бетімен  басқарып  жүзеге  асыра  алуымен 
сипатталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет