Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
133
3.
оқушылардың дербестігін дамыту, өздерінің күштеріне жəне баланың дара қажеттігіне сүйе-
нуге үйренуі арқылы білімді, оқу-танымдық іс-əрекетті меңгеруіне бағдарлығы;
4.
«танымның қайнары» ретінде мұғалімнің рөлі;
5.
сабақ үстіндегі ашықтық жəне өзара сенім ахуалы;
6.
баланың қамқорлық пен көңіл аударуға деген құқығына құрметпен қарау [2].
Демек, болашақ мамандардың педагогикалық-
функционалды құзыреттіліктерін дамыту қажеттілігі
айқындала түседі.
Əлеуметтік-педагогикалық іс-əрекет азаматтық заманауи қоғамның құқықтық құндылықтарына
негізделеді жəне субъектінің құқықтық білім жəне іскерліктерді балалық шақты əлеуметтік–құқық-
тық жағынан қорғауда қолдану даярлығын жəне оның қабілетін айқындайды. Демек, əлеуметтік-
педагогикалық іс-əрекеттің ерекшелігі - құқықтық құзырлықтың мотивациялық-құндылықтық, когнитивті,
қатысымдық жəне əрекеттік-рефлексивті бөліктерінің болуы. Олай болса, əлеуметтік-педагогикалық
жұмыстың құқықтық негіздерінің қоғамның құқықтық құндылықтарымен ұштасуы «тұлға-қоғам-
мемлекет» жүйесінде əлеуметтік кірігу үдерісінің теңгерілімін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Өйткені
əлеуметтік-педагогикалық жұмыстың сабақтастық, бірізділік, функционалдық, кəсіптік бағыттылық,
ұжымдық өзара əрекеттестік ұстанымдарына негізделуі оның ерекшіліктерін айқындай түседі. Əлеу-
меттік-құқықтық-педагогикалық іс-əрекет мақсаттылық, мазмұндық, ұйымдастырушылық-əрекеттік,
деңгейлі-нəтижелік құрылымдардан тұратындықтан, кейс-əдіс, іскерлік ойын, жоба əдістері т.с.с.
оқытудың белсенді əдістері арқылы жүзеге асырылады [3].
Көрнекті ғалым Ф.Ш.Оразбаеваның пікірінше, «коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны «жалпы
қарым-қатынас», «араласу», «хабарласу», «байланыс» деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адам-
дардың тіл арқылы сөйлесу үдерісін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің əлеуметтік мəні мен қоғамдық
қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілік болып табылады [4].
«Қатысымдық құзыреттілік дегеніміз, - деп жазады Р.С. Рахметова,– студенттің түрлі жағдаятта тең
дəрежеде қарым-қатынас жасауға қабілеттілігі жəне əлеуметтік-мəдени нормаларды сақтай отырып,
ұйымдастыру біліктілігі. Студенттің қатысымдық құзыреттілігі ауызша жəне жазбаша коммуникацияны
меңгеруі мен əлеуметтік өміріне қажетті қабілеттерді игеруінен көрінеді. Тілдік бірліктерді дискурс
пен пікір білдіруде шығармашылықпен қолдана білуі жəне дара тұлға ретінде кез келген жағдаятта
ойын еркін, жүйелі жеткізуінен байқалады» [5].
Жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың математикалық сауаттылық жəне ғылым мен
технологияда базалық құзырлықтарын дамытудың маңызы бар. Когнитивті құзыреттілік білім алу-
шының дербес танымдық репродуктивтік жəне өнімді іс-əрекетке теориялық жəне практикалық
даярлығының бірлігі негізіндегі тұлғаның қасиеті ретінде қарастырылды. Е.В.Вязовова «математиканы
оқытуда когнитивті құзырлықты қалыптастырудың құрылымдық функционалды үлгісі құрылымдық
(оқушылардың танымдық, операционалды-технологиялық, құндылықты-мəндік құзырлықтары), фун-
кционалды (педагогтің функциясы – ұйымдастыру-ынтыландырушылық функция; білім алушының
функциясы – іс-əрекетті өзі бетінше ұйымдастыру); процессуалды (оқу іс-қимылдарын баламалы
таңдау негізінде құрылған оқыту үдерісі); диагностикалық (бақылау, тестілеу, білім алушыдардың
дербес жұмыстары, сауалнамалау); бақылау-аналитикалық, түзету) бөліктерді қамтиды», - деген
тұжырым жасайды. Оның пікірінше, «құзыреттілікті білім алушының реалды болмыс объектілерінің
белгілі бір шеңберіне, өзі-өзіне қатысты іс-əрекетінің мəндік бағдарлары мен тəсілдерінің жиынтығы
ретінде түсіну керек» [6].
Отандық ғалым Ш.Т. Таубаева зерттеу мəдениетін қалыптастырудың ғылыми негіздерін зерттей
келе, «құзыреттілік дегеніміз ол тұлғаның оқыту мен əлеуметтену процестері барысында меңгерген
білім мен тəжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-əрекетке даярлығы ретінде айқында-
латын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті», - деп тұжырым жасайды [7].
Болашақ мамандардың əлеуметтік жəне азаматтық құзыреттіліктерін қалыптастыру əлеуметтік–
педагогикалық үдерістің объектісіне, əлеуметтік-педагогикалық үдерістің мазмұны мен бағыттылығына
тікелей байланысты. Əлеуметтік-педагогикалық үдерістің əрекет етуінің шарты субъект жəне объек-
тінің болуы; дамуды қамтамасыз ету тетіктерінің болуы; əлеуметтік-педагогикалық үдерістің өту
жағдайларының құбылыстың оңтайлы дамуы қажеттіліктеріне сəйкес келуі болып табылады.
«Құзырет» жəне «құзыреттілік» ұғымдары пəнаралық сипатта болғандықтан, ғылыми іс-əрекеттің
алуан түрлі шеңберінде (дүниетанымның теориялық форма зерттейтін ғылым саласында, дұрыс ойлау
формаларын, заңдарын жəне əдістерін зерттейтін ғылымда, семиотикада, тіл білімі саласында, меди-
цина, психикалық əрекет туралы ғылымда, т.с.с.) кеңінен қолданыс аясына енді. «Құзырет» жəне