Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 225
Орта Азия ғалым-ойшылдарының ғылыми трактаттары негізінде жоғары деңгейде білгендігін дəлел-
дейді [2, 29].
Сонымен, Кайқауыстың мұрасына мазмұндық талдау жасау, оның педагогикалық көзқарастарының
негізгі бастаулары ретінде мыналарды көрсетеді: а) түркітілдес халықтардың исламға дейінгі мəдениеті;
ə) Саманилер дəуірі өркениеті; б) араб-парсытілді теориялық ой мен практикалық педагогика-
философиясының озық дəстүрлері (Рази, əл-Фараби, ибн Мискавейх, ибн Сина шығармашылығы); в)
ойлау мен өмір бейнесі образы шеңберінде білдірілген исламдық-теологиялық педагогика.
Осылардың ең негізгісі – исламға дейінгі мəдениет болып табылады. Əрине, Кайқауыстың педаго-
гикалық көзқарастарының идеялық-теориялық қайнар көзінің бірі – исламға дейінгі мəдениет деп
негіздеу түсініксіз көрінуі мүмкін, əсіресе, зороастризмнің педагогикалық-өнегелік ілімі. Осыған
байланысты зороастризмнің педагогикалық-өнегелік көзқарасы тек Кайқауыс дүниетанымына емес,
бүкіл түркітілдес ойшылдар мен Батыстың да ғалым-ойшылдары қатарының көпшілігіне ықпал
еткендігін атаған жөн. Мəселен, «Табиғаттың алғашқы негіздері мен элементтерін құдайға айналдыру
жəне оларды құдайлармен тең дəрежеде құрметтеу грек философиясына «Авестаны» үйрену арқылы
кірді, əсіресе, Кіші Азиядағы Милет мектебінің натурфилософтар еңбектеріне (Гераклит, Фалес,
Анаксимен, т.б.), соның арқасында ежелгі грек философиясы əлемдік атаққа ие болды» [6, 255]. Расында,
зороастризмде, мойындаудың онтологиялық ұстанымы негізінде «əлемде екі бастаудың: əлемнің
өзегі мен мазмұнын құрайтын, жақсылық пен жамандық күресі» беріледі жəне тағылымдық
ұстанымдардың негізін қалаушылардың көзқарасы бойынша, экологиялық бағыттағы тəрбие мен
отбасылық тəрбие мəселелері қарастырылады. Кіші «Авестада» Заратуштра нағыз ізгі адам үлгісі
ретінде танылады. Жақсылық пен жарықтың əрі өмірдің əділ құдайы – Ахура Мазда мен жамандық
пен қараңғы түнектің əрі өлімнің əзəзілі – Ангра Майню бір-біріне қарсы тұрады. Өнегелік парыз
Ахура жəне оның аспан əскерилері, шыншылдықты, жақсылықты, əділдікті, пайдалы еңбек пен
барлық игілікті қорғауды, зұлымдық пен жамандыққа қарсы соғысуды, адамды өтіріктен қашуға жəне
сенімділіктің жауын жою мен еңбектенуді міндеттейді [6, 268]. Демек, зороастризм тағылымының
іргетасы «адамның парасатты əрекеті – шыншылдық, адалдық, əділдіктің логикалық тізбегі ретінде»
анықталатын, өзіндік өнегелік үштаған – ізгі ой, ізгі сөз жəне ізгі істен қаланады. Оның тағылымдық
көзқарастары негізінде бастан-аяқ жақсылық пен жамандық идеясы жатыр. «Қабуснама» мазмұнын
осы көзқарас тұрғысынан қарайтын болсақ, еңбектің бірде-бір тарауы формальді түрде бұл педа-
гогикалық категориялармен берілмесе де, педагогиканың əртүрлі мəселелерін Кайқауыс аталған кате-
гориялар төңірегінде шешеді. Сондықтан, «Қабуснамада» «жақсылық пен жамандықты айыра білу»
мен жақсылық істер Кайқауыстың адамгершілік идеялы ретінде оның басты назарында болады. Бұл
пайымдауларға Кайқауыстың «Авестаның» пехлевей тіліндегі мəтіндерімен таныс болғандығы дəлел.
«Жəне оқыдым мен,-деп жазады Кайқауыс,-пехлевей жазуымен жазылған парсылар кітабында,
Зардуштрадан сұрайды: тірі жандардың неше түрі бар? ...» немесе «Гуштасп өз тағынан айрылғанда,
ол Константинияға барады, ал онымен бірге əлемдік байлығынан ештеңеде болмайды» [5, 79].
Айтылған ой-пікірлерімізді қорытындылайтын болсақ, Кайқауыстың педагогикалық көзқарастарының
бірінші қайнар көзі – зороастра ілімі.
Екіншіден, ойшыл «Қабуснамада» өз ойларын өзінің өмірлік тəжірибелерінен туындаған тұжы-
рымдары мен тəрбиелік мəндегі қосалқы əңгімелермен, өзіне дейінгі жəне өзімен тұстас ғалымдар
мен ежелгі грек философтарының нақыл сөздерімен толықтырып отырады. Мұның барлығы Кай-
қауыстың өз заманының озық ойлы ойшылы ғана емес, тамаша педагог-ғалымы болғандығын айғақтайды.
Ендеше, Саманилер дəуірінің практикалық философиясы өкілдері идеяларының Кайқауыс дүниета-
нымына ықпал еткендігі еш талас тудыра қоймайтын факт, өйткені саманилік өркениеттің өкілдері
Рази, Фараби, ибн Мискавейх, ибн Синаның ғылыми-философиялық жəне педагогикалық ілімдерінің
озық қағидалары мен ережелері тек Шығыста емес, Батыста да мойындалған. Расында, Саманилер
билігінің Қарахандық шапқыншылықтан құлдыруға ұшырауынан Саманилер дəуірі өркениеті өмір
сүруін тоқтатқан жоқ. Керісінше, ол Орта Азия халықтарының аяғынан тұрып, мəдениетінің дамуына
үлкен ықпал етті. Осы орайда, И. Брагинскийдің:««Қабуснама» авторы Гилан тайпаларының бірінен
шыққан, жəне ұзақ уақыт бойына Саманилердің мəдени ортасымен тығыз байланыста болды»-дегенін
ескерген жөн [7, 272].
Мəселен, Əбубакр Разидің (865-925 жж.) бай ғылыми-философиялық мұрасында оның педагоги-
калық көзқарастары белгілі бір деңгейде орын алады. Екі ойшыл да рақат, зейнет бойынша
трактаттар жазған. Мысалы, Кайқауыс «Қабуснамасы» мен Разидің «Рухани медицинасының» кейбір
тарауларының аты мен мазмұны жағынан бір-біріне жақындығын байқаймыз [8, 88]. Бірақ, мұндай