Абай атындағы ҚазҰпу-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж


БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата15.03.2017
өлшемі2,2 Mb.
#9840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
А.О.Абдықадыров – 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың психология-педагогика факультетінің, 
 мектепке дейінгі жəне бастауыш білім беру теориясы мен əдістемесі кафедрасының аға оқытушысы. 
 
    Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беретін  мектептері  тұжырымдамасында: «Жалпы 
білім  беретін  мектептің  мақсаты - жас  ұрпақты  ұлттық  игіліктер  мен  адамзат  мəдени  мұрасының 
сабақтастығын сақтай отырып, тəрбиелеу мен əрбір шəкіртті тұлға деп санау, оның жан жақты дамуына 
мүмкіншілік  жасау”-  деп  көрсеткен /1/.  Көркемдік  талғамның  жетілуіне,  əсемдікті  түсініп,  қабылдауға 
жəне оны өз қолымен жасай білуге үйреткен тəлімдік тағылымдар адамзат тарихының барлық кезеңінде 
маңызды мəнге ие болып келген.  
              Бейнелеу  өнерінің  əртүрлі  өнер  түрлеріндегі  көркем  іс-əрекеттерді  меңгере  отырып,  адам  тек 
суретшінің  практикалық  дағдыларын  ғана  меңгеріп,  шығармашылық  ойларын  жүзеге  асырып  қана 
қоймайды,  сонымен  қатар  өзін  талғампаздыққа  тəрбиелейді,  күнделікті  көріп  жүрген  нəрселерінен 
əемдікті таба білу қабілетіне ие болады, көргенін есте сақтап, қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен 
ойлап, талдауға, біліктілікке дағдыланады.  
          Бейнелеу  өнері  сабақтары - оқушының  тұлғасын  дамытудың  маңызды  құралы.  Ол  оқушының 
қызығушылық аясын кеңейтіп, зейіні мен есте сақтауын, ойлауы мен шығармашылық елестетуін, көркем 
қабілетін  дамытып,  тіршілікке  деген  эмоционалды-эстетикалық  қатынасын  қалыптастырады.  Бейнелеу 
өнері  сабағында  тұлғаның  қажырлылығы,  мақсаттылығы,  белсенділігі,  еңбек  сүйгіштігі  қалыптасады, 
танымдық шығармашылық қабілеті артады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
45
         Бейнелеу  өнерінің  мазмұны  мынадай  блоктардан  тұрады:  кескіндеме,  сəндік - қолданбалы  өнер, 
мүсін  жəне  сəулет  өнері.  Əр  блок  мазмұнында  іс  əрекеттің  екі  түрі  қамтылады:  өнерді  қабылдау  жəне 
практикалық көркем іс əрекеттер. Өнерді қабылдау бөлімінде өнер шығармалары мазмұнын, суретшілер 
шығармалары мен олардың өнердегі шығармашылық өмір жолдары туралы мəліметтерді оқушылар өзара 
пікір алысуда, əртүрлі өнер түрлерімен ойша мəдени диалог құру, интерактивті оқыту əдістерін қолдану 
жəне тағы басқа əдіс-тəсілдермен меңгеріледі. Ал практикалық бөлімде оқушылар жазықтықта бейнелеу, 
мүсіндеу, сəндік қолданбалы өнер жəне сəулет өнеріндегі құрастыру жолдарын, технологиясын іс жүзінде 
орындап игереді /2/.   
            Жоғарыда  айтылған  өнер  түрлері  тұлғаның  көркемдік  қабылдауы  мен  шығармашылыққа 
қабілеттілігін арттырып, эстетикалық талғамын дамытуға ерекше əсер ететінін тəжірибеде айқын көрсетті.  
          «Бейнелеу  өнері»  пəні  мазмұнындағы  көркемдік  іс-əрекеттермен  айналысу  мектеп  оқушысының 
шығармашылық  тұлғасын қалыптастырудың маңызды құралы болып есептеледі. Бейнелеу өнерін меңгеру 
дегеніміз  көркемдік  білім  мен  шығармашылық  іскерлікке,  дағдыларға  ие  болу.  Бейнелеу  үдерісінде 
оқушылардың  өзбеттілігі,  дербестігі,  шығармашылық  қатынасы  өте  маңызды  болып  табылады.  Бұл, 
əсіресе,  тақырыптық  сурет  салу  мен  сəндік  бейнелеу,  безендіру,  құрастыру  əрекеттерінде  көрінеді. 
Берілген  тақырыпқа  ертегі  мазмұнына,  өлеңдерге,  өрнек  эскизіне,  сəндік  безендіруде  (кілем,  қорапша) 
дербес шығармашылық шешімді қажет етумен шартталады. Оқушылар мұндай тапсырмаларды бір-бірінен 
көшірмеу үшін, композицияны дербес табу үшін оларға бір тақырыптағы əртүрлі нұсқадағы тапсырмалар 
берілгені дұрыс.   
Бастауыш  сыныптардағы  тақырыптық  сурет  салу  алдын-ала  байқау  жүргізілгеннен  кейін,  көз 
алдына елестету арқылы сурет салудан тұрады.  
Тақырыптық  сурет  салу  үдерісінде  балалардың  құрылым,  көлем,  затты  кеңістікте  дұрыс 
орналастыру,  сəуле  түсіру,  түстерді  таба  алу  дағдыларымен  бекітіледі.  Ең  маңыздысы,  оқушылардың 
сурет  салуда  алғашқы  біліктілігі  қалыптасады.  Мұғалім  балалардың  тақырып  бойынша  сурет  салуда, 
тақырыпты  дұрыс  таңдағанына  көңіл  қойып,  олардың  сурет  арқылы  өз  ойларының  құрылымдық, 
эмоциялық, көркемдік жағынан дұрыс немесе бұрыс шешілгендігіне назар аудару қажет.  
    Бірінші сыныпта шешілетін міндет – балаларға бұйымдар арасындағы мағыналық байланысты, 
кейбір  кеңістік  қасиеттер  мен  заттық  қарым  қатынастарды  (жақын  тұрған  бұйымдар  қағаз  бетінде 
төменірек  түсіріледі,  ал  алыс  тұрғандар  жоғарырақ,  алдыңғы  қатардағы  бұйымдар  артқы  қатардағыға 
қарағанда, үлкенірек беріледі), олардың ара қатынасын, түсін тақырыптық сурет салуда бере алуға үйрету 
керек. 
   Екінші сыныптағы тақырыптық сурет салуда затты кеңістікте орналастыру, түсті ретті қолдану 
жұмыстарында композициялық тəсілдер арқылы түсіндіре білулері қажет.  
             Үшінші - төртінші  сыныптарда  сурет  салуда  заттың  құрылымы,  перспективалық 
заңдылық, жарық - көлеңке, түрлі түстерді көре білу  негізінде  оқушылар тақырыптық сурет 
салуда жəне сəндік суреттерінде көз жетерлік сызықтарды, түйісу нүктелерін, бейнеленетін 
заттардың  түсін  толық  бере  алуы  керек. 
Баланың  тақырыптық  сурет  салуда  шығармашылық  ой - 
өрісін, оның қиялдарын асыра бағалаудан да сақ болған жөн. Ойлау үдерісінде сурет салушы заттар мен 
құбылыстардың жалпы заңдылық байланыстарын байқайды, ой абстрактілі үдеріс болғандықтан, тікелей 
сезім мен қабылдауға аталған байланыстар көрінбейді. Ойлаған затты көз алдына елестету - сурет салуға 
дейінгі  үдеріс.  Сурет  салу  барысында  салыстыру,  жалпылау,  абстракциялау  т.б.  үдерістер  қатар  жүріп 
жатады.  Сонымен,  бейнелеу  өнері  ойлаудың,  байқаудың  сенсорлық  сезгіштігін  дамытып, 
қалыптастырады.  Аталған  қабілеттерді  көз  алдына  елестете  білу  мен  біріктіру  көркем  ойлаудың  негізін 
құрайды.  Бейнелеу өнерінің əр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Оның осындай болуына тек 
болмыс туралы əсерлер əсер етеді. Эмоциялық бастауды дамытпай, адамға нағыз қажет талғампаздықты, 
қиялдауды,  көз  алдына  елестетуді,  армандай  білуді,  шығармашылықты  қалыптастыру  мүмкін  емес.  
Қоршаған  болмысқа  деген  байқағыштықты,  зеректілікті  қалыптастыру  көркемөнерлік  материалдарды 
жылдам  қабылдауға  үйретеді.  Оқушы  сурет  салуда  бейнелеу  іс-  əрекеті  арқылы  жас  ерекшелігіне  сай, 

                   Весник КазНПУ им.Абая,серия 
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
 
 
 
 
 
 
46
қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тəсілдерімен суреттеуге талпынатыны мəлім. 
Бала  қоршаған  ортаға  деген  саналы  қарым-қатынасын  адамдар  арасындағы  қатынастарға, 
табиғатқа, жануарлар əлеміне қатысты өз ойларын сөзбен не болмаса сурет түрімен бейнелеуге тырысады. 
Мұғалім  өз  сабақтарын  құрғанда,  оқушыларды  қоршаған  ортаның  əсемділігінің,  пішіні  мен  түсінің 
қарапайымдылығын,  заттардың  əдемілігін  бағалау  қабілеттерін  арттыруға  бағыштайтын  тəсілдерді 
қолданғаны жөн /3/.  
             Күнделікті  көріп  жүрген  балалардың  өміріне  жақын  нəрселерден,  құбылыстардан  бастау  тиіс. 
Адамның  өмірі  белгілі  заттардың,  танымал  нəрселердің  ортасында  өтеді.  Мектептің  міндеті:  алдымен 
төңіректегі  нəрселерге  қызықтырып,  баланың  қызығушылығын  арттыру...  Ондай  оқу  баланы  жергілікті 
өмірмен  жақындастырады.  Балаға  ең  қымбат  туған  жері:  туған  жерінің  құбылыстарын  білу  балаға  өте 
қызық.  Мұндай  оқыту  жүйесі    өмірге,  табиғатқа  терең  мазмұн  беріп,  оларды  баланың  санасында 
жандандырып,  бала  махаббатын  арттырады,  бала  əлеумет  тұрмысына  төңіректегі  əлемге  терең  көзбен 
қарап үйренеді, жолығатын мəселелерді жеңіл шешетін болады, білгенін өмірде де пайдаланатын болады 
/4/. 
           Туған  жердің  əсемдігін  көру,  түстердің  ғажап  əлемін  ашу,  суретші  құралдарымен  (графикалық, 
кескіндемелік)  беру,  əрбір  қимылды  мұғалімнің  тыңдатқан  музыкалық  үзінділерінен  есту - бейнелеу 
өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты - оқушының əсемдік, шығармашылық қабілетін дамыту. Тек қана 
қоршаған табиғатты қабылдау үдерісінде емес, сонымен қатар шығармашылық жұмыстарды талқылағанда 
да астарласып жүріп жатуы керек. 
           Сондай-ақ  мұғалім  əуездік-  қолданбалы  өнермен  таныстырса  əдемілік,  əсемдік  туралы  əңгімелеп, 
оқыту, тəрбие жұмыстарында ойын- тəсілдерін қолданғаны жөн. 
            Эстетикалық  талғампаздық  саласындағы  балалардың  алғашқы  қадамы  олардың  суретке  түсіретін 
бұйымдарды  эстетикалық  қабылдаумен,  есінде  қалғанын  елестете  сурет  салумен,  графиканы  эмоциялық 
түсінгіштігімен тығыз байланысты.  
           Оқушылар  туған  жерінің  халық  өнері,  тарихи  ескерткіштері,  сəулет  өнері  туралы  алғашқы  білім 
алады. Бейнелеу өнері пəнінің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру, кеңістікке, түске, 
пішінге  деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында. 
          Бейнелеу өнері сабақтарындағы мұғалімнің оқушылармен қарым – қатынасы ең маңызды мəселе. 
Ол үшін: 
-  мұғалім бейнелеу өнері теориясын жетік білуі керек;  
-  мұғалім бейнелеу өнерінің практикасымен айналыса алуы тиіс (сурет сала білуі керек); 
-  мұғалім  бейнелеу  өнері  сабақтарында  əңгіме  əдісін  қолдана  алуы  қажет  (суретшілер  жəне 
олардың туындыларын əңгімелеу); 
-  мұғалім əдістемені жетік білуі қажет (бейнелеу өнері əдістемесін); 
-  мұғалім  дер  кезінде  сабақта  түрлі  əдіс – тəсілдерді  қолдана  білуі  қажет  (сызу,  штрих  жасау, 
бояу тəсілдері); 
-  мұғалім  бейнелеу  өнері  сабақтарында  балалардың  ой - өрісін  жетілдіру  мақсатында  сұрақтар 
қоя білуі қажет.  
 
1.  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  тұжырымдамасы. // Егемен  Қазақстан.  27 
желтоқсан, 2003. 
2. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты.- Алматы РБК, 1998. 
3.  Островская  О.В.  Уроки  изобразительного  искусства  в  начальной  школе.  Гуманизация 
образования и новое педагогическое мышление. – М., 2003. 
4. Балтабаев М., Өтемұратова Б.  Елім - ай. – Алматы,1993 - 92. 
 
 
Резюме 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
47
      В  статье  рассматриваются  некоторые  проблемы  развития  эстетического  вкуса  учащихся 
начальных классов в процессе тематического рисования на уроках изобразительного искусства.  
  
 
Summary 
     The Article is considired some problems of pupils Esthetic   knowledqe on the subject Art. 
 
 
 
ПРОПЕДЕВТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ МƏН- 
МАҒЫНАСЫ ЖƏНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ 
 
                                                                              А.С.Тазабекова – 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  магистранты 
 
Бүгінгі  күн  талабы  жалпы  білім  беру  жүйесіне,  оны  оқыту  əдістеріне  үлкен  міндеттер  жүктеп 
отыр. Кез келген елде ұрпақ тəрбиесіне үлкен көңіл бөлінеді. Себебі, ұрпақ еліміздің келешегі. Сондықтан 
да оқытудың соңғы əдіс-тəсілдерін меңгере отырып, оқушылардың санасына сəуле түсірем, еліне, ұлтына 
деген сүйіспеншілігін оятам деген, сол ұрпақ тəрбиесімен айналысуды алдына мақсат тұтқан əрбір ұстаз 
қазақ халқы алдындағы, егеменді еліміз алдындағы міндетті мүлтіксіз орындауы тиіс. Білімге, мəдениетке 
өз ақылымен, жігерімен, қажымас еңбегіммен жетем, халқыма адал қызмет етем деген азаматты, тұлғаны 
тəрбиелеу  ағарту  мекемелерінің  алдындағы  ең  жоғарғы  мақсат.  Осы  маңызды  істі  жүзеге  асыруда  əрбір 
пəн мұғалімі өздерінің қомақты үлестерін қоса алатыны белгілі. Соның ішінде бастауыш математика пəні 
мұғалімінің атқаратын рөлі ерекше. Бұл ерекшелік математика пəнінің  маңыздылығымен түсіндіріледі.  
Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында мектептік физикалық білім берудің 
мақсаттары жеке тұлғаның сезімдік, танымдық өрістерін дамытуға бағытталған жалпы орта білім берудің 
негізгі  мақсатын  жүзеге  асыруға  қызмет  етуі  керек[2], - деп  көрсетілген.  Бұл  пəнді  оқытудың  басты 
мақсаттары:  оқушылардың  ақыл-ойын,  танымдық  жəне  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту;  пəн 
бойынша  білім  қорын  игерту;  оқушыларды  физикалық  ұғымдармен  қаруландыру;  физикадан  берілетін 
білімді түрлі мəселелерді шеше білуге қолдана алуға баулу жəне т. б.  
Қазіргі таңда оқу-ағарту мекемелерінің басты екі мақсаты бар: біріншісі, барлық оқушыға ғылым 
негізін игерту мен белгілі білім қорын меңгерту, оларда əртүрлі білік, дағдылар қалыптастыру, еңбек етуге 
үйрету,  өздігінен  білімін  көтеруге,  дамытуға  үйрету.  Екінші  мақсат,  мəдениетті,  шығармашылық 
белсенділігі  жоғары  жан-жақты  дамыған  тұлға  тəрбиелеп  шығару.  Оқушылардың  жалпы  пəн  бойынша 
білімдерін  жетілдіру  оларда  сол  пəннің  негізін  құрайтын  білім  элементтерін  игерту  болып  табылады. 
Оқытудың сапасын көтеру, оның заман талабына сай болуы білім жүйесінің маңызды құраушыларының 
бірі болатын, ғылыми ұғымдарды оқушылардың меңгеруімен тығыз байланысты. 
Пропедевтика  ұғымы  шетел  тілі  терминологиялық    сөздігінде  пропедевтика [ грек. propaideuō – 
обучаю предварительно] – введение в какую - либо науку, грек тілінен аударғанда «алдын-ала оқытамын» 
[3]  деген  мағынаны  білдіріп,  белгілі  бір  ғылымның  кіріспесі  ретінде  сипатталады. «Пропедевтический 
курс» - берілген  дисциплинаны  неғұрлым  терең    оқытатын  қарапайым  жəне  қысқаша  формада  жүйелі 
түрде  мазмұндалған  дайындық,  кіріспе  курсы  болып  баяндалады.  С.  И.  Ожеговтың  орыс  тілінің 
түсіндірме  сөздігінде  «пропедевтика»  ұғымы  «бір  нəрсе  жайлы  алдын-ала  білімдер  шеңбері» [4] 
сипаттамасы берілген. 
             Оқытудың басты міндеттерінің бірі – оқушылардың ұғымдарды меңгеруін қамтамасыз ету. Басқа 
ғылым  саласы  сияқты  физикалық  білім  ғылыми  фактілерден,  ұғымдардан,  заңдардан,  теориялардан, 
зерттеу əдістерінен, қолданбалы сұрақтардан тұрады. Бұл көрсетілген білім элементтері бір-бірімен тығыз 
байланыста болады. Мұның барлығы мектепте оқу процесінде меңгеріледі, дамытылады əрі жетілдіріледі. 

                   Весник КазНПУ им.Абая,серия 
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
 
 
 
 
 
 
48
Оқушылардың  ұғымдарды  меңгеруі  мəселелік  материалдарды  тиянақты  игеруге  жəне  алған  білімдерін 
əртүрлі жағдайларға қолдана білуге негіз болады.  
 
Ғылыми ұғымдарды меңгерудің дидактикалық жайттары В. Ф. Паламарчуктің, Н. М. Верзилиннің, 
А.  В.  Усованың  жəне  т.б.  зерттеулерінде  орын  алған.  Оқушылардың  физикалық  ұғымдарды  меңгеруінің 
əртүрлі  жолдары  В.А.  Зотовтың,  В.  М.  Нескороменконың,  О.  В.  Москвиннің,  А.  И.  Ляшенконың,  Э. 
Мамбетакуновтың  жəне  т.б.  еңбектерінде  қарастырылған.  Бұл  мəселемен  қазақстандық  ғалымдар:  А. 
Е.Əбілқасымова,  В.  П.  Добрица,  Ə.С.Кенеш,  Е.А.Аққошқаров,  С.Е.Ерматов,  М.Құдайқұлов, 
Қ.Жаңабергенов, К.С.Шадинова жəне т.б. шұғылданды. Физика курсын оқытуды тереңдету мен жетілдіру 
мəселелерін  А.В.Поздняков,  А.Б.Маженова,  Х.Я.Марголин,  Т.И.Демьянова,  Ш.А.Ахадов,  Н.  О. 
Маткеримов жəне т.б. зерттеген.  Қазіргі уақытта мектеп бағдарламаларында болып жатқан өзгерістер мен 
жарыққа  шыққан  қолданыстағы  оқулықтар  физиканың  оқыту  əдістемесін  қайта  қарастыруды,  атап 
айтқанда  оқушылардың  физикалық  ұғымдарды  меңгеруінің  жоғары  деңгейде  болуын  талап  етеді. 
Сондықтан  да  мектеп  оқушыларының  физикалық  ұғымдарды  меңгеруінің  əдістемелік  ерекшеліктерін 
анықтап, солардың негізінде ұғымдарды меңгертудің əдістемесін жасау, сөйтіп оқу процесінің тиімділігін 
арттыру көкейкесті мəселеге айналып отыр. Жалпы пəн бойынша оқушылардың білім сапасының жоғары 
болуы,  сол  пəннің  негізін  құрайтын  білім  элементтерінің  ең  негізгі  құраушысы – ғылыми  ұғымдарды 
оқушылардың  меңгеруімен  тікелей  байланысты.  Ұғымдарды  меңгермейінше  заңдар  мен  теорияларды 
меңгеру мүмкін емес, өйткені ол заңдар мен теориялар арасындағы байланыстарды білдіреді. Ұғым - өте 
күрделі логико-гносеологиялық категория. Ол біріншіден, жоғары материяның жемісі; екіншіден, шындық 
дүниесін  бейнелейді;  үшіншіден,  жалпылау  құралы.  Сонымен,  ұғым – ойлаудың  жоғары  түрі,  шындық 
дүниесін  сипаттайтын  «қару».  Оқушылардың  ғылыми  ұғымдарды  меңгеруі  мəселесіне  арналған 
ғалымдардың  еңбектеріне  сүйене,  олардың  ойларын  негізге  ала  отырып,  оқушыларды  ұғыммен 
қаруландырудың төмендегідей белесін ұсынамыз[5]. 
 
 
түсінік 
қабылдау 
түйсік 
ойша 
пайымдау 
ұғым 
пікір 
 
Физикалық  ұғымдарды  оқушылардың  меңгеруі:  біріншіден,  физикалық  ұғымдар  жүйесінің 
қалыптасуынан,  екіншіден,  қалыптасқан  физикалық  ұғымдар  жүйесін  практикада  жан-жақты  қолдана 
алудан,  үшіншіден,  берілген  ұғымның  басқа  ұғымдардан  өзгеше  қасиеттерін,  белгілерін,  байланыстары 
мен  қатынастарын  қамтитын  физикалық  ұғымдар  жүйесінің  дамуынан  тұрады.  Қалыптасу  мен  даму 
кезеңдері өзара тығыз байланыста болғанда ғана ұғымдарды меңгеру нəтижесі жоғары болады. Сондықтан 
да ұғымды меңгертуде оны дамытудың рөлі ерекше. Оқушылардың ұғымдарды меңгеру процесі осы ұғым 
туралы 
білімді 
əрі 
қарай 
дамыту 
болып 
табылады.                      
Ұғымдарды  дамыту – үнемі  қозғалыста  болатын  айрықша  процесс,  оқушыларды  оқыту  мен 
тəрбиелеудегі  басты  міндеттердің  бірі.  Жеке  пəндерді  оқыту  тəжірибелерінен  көптеген  заңдылықтар 
шығады.  Олар  универсалды,  барлық  пəндерді  оқытуға  қатысы  бар.  Бұл  заңдылықтардың  логикалық, 
ғылыми негіздері бар. 6-сыныпта оқушыларда физикалық теория элементтерін қалыптастыру абстрактілі 
ойлау қабілетін қажет етеді. Осы тұрғыда физиканы оқытуда ғылыми əдістермен танысады. 
    Индукция  (ой  салу,  жалпылау) – жеке  фактілерді  жалпылап  жалпы  заңдылықтар  тағайындау 
əдісі[6].  Білім  қоры  жекеленген  тəжірибені  ескеру,  түсіну,  бақылау  арқылы  пайда  болады.  Біз  индукция 
арқылы заттар, құбылыстар, көріністер арасындағы байланысты белгілейміз. Осы тұжырымдарды ескеру 
арқылы бақыланбаған, көрмеген белгісіз объектілер, құбылыстар туралы болжам жасауға болады. Мысалы 
электр  өрісінің,  магнит  өрісінің,  заряд  ағысының  заңдылықтары  жалпыланып  электрмагниттік  өрістің 
Максвелл  теңдеулері  жазылды. 12-15 жастағы  балалардың  абстрактілі  ойлау    қабілеті  нашар 
болғандықтан, барлық оқып үйретілетін  құбылыстар тəжірибелік  деңгейде болады. Олар нақты жағдайға 
байланысты  құбылысты  бақылай  отырып,  болжау  жасап,  оны  тəжірибе  жасап  тексеру  арқылы 
қабылдайды.  Сондықтан  да  физикалық  оқу  эксперименті  (демонстрациялық,  жан-жақты  тəжірибелік 
зертханалық  жұмыстар,  үй  тəжірибелері)  оқытудың  негізгі  əдісі  болып  табылады.  Мұнда  мұғалім 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
49
демонстрациялық эксперимент оқушылардың сезім мүшелеріне əсер етіп, олардың көңіл күйлерін көтеріп, 
танып білуге құштарлығы артатынын ескеруі керек.   
  Дедукция (қорытып шығару) – жалпы қағидалардан, заңдылықтардан жеке фактілерді түсіндіру, 
нақты  жағдайға  қатысты  заңдылықтарды  табу[6].  Дедукцияны  пайдаланып,  негізгі  теориялық  заң 
бойынша  көптеген  жеке  құбылыстарды  сипаттауға  болады.  Мысалы:  бастапқы  жəне  жиектік  шарттарды 
пайдаланып  Ньютонның  екінші  заңы  арқылы  əртүрлі  нақты  қозғалыстың  траекториясын  анықтауға 
болады.  Сан-алуан  физикалық  құбылыстар  осы  заңмен  түсіндіріледі.  Теорияда  көптеген  тəжірибелерді 
түсіндіреді,  сондай-ақ  жеке  мəселелерді  қарастырып,  одан  қорытынды  шығару  үшін  дедуктивтік  ойлау 
əдісі қолданылады. Сондықтан да мұғалімнің негізгі мектепте оқушылардың дедуктивтік ойлау қабілетін 
дамытуы  негізгі  міндеттің    бірі  болып  саналады.  Негізгі  мектепке  физикалық  теорияның  элементтерін 
енгізу  қажетті  шарт  болып  табылады.  Мұғалімнің  оқушыларға  физикалық  құбылысты  теориялық  түрде 
талқылай білуі, одан шығатын салдарды дұрыс түсіну əдісін тауып, қолдана білуі маңызды. Дедуктивтік 
əдіспен ойлау негізінде шығарылған қорытынды экспериментте тексерілетінін естен шығармаған жөн. 
Физика  бізді  қоршаған  əлемде  болып  жатқан  əртүрлі  физикалық  құбылыстарды  (механикалық, 
жылу, электр, жарық жəне т. б.) зерттейтін ғылым екендігі белгілі. Сондықтан да оның мақсаты табиғатта 
болып жатқан əртүрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу, құбылыстардың 
байланысы  мен  себебін  табу  болып  табылады.  Мұның  бəрін  жүйелі  түрде  оқытып  үйрету  физиканың 
арнайы курсында жүзеге асырылды. Алайда, белгілі бір деңгейдегі дайындық жұмысы бастауыш мектепте 
жəне одан кейінгі орта буын сыныптарында басқа пəндерді оқытып-үйрету барысында жүзеге асырылады. 
Осы тұрғыдан алғанда сол пəндердің ішінде математиканың алатын орны ерекше. 
Физика  дəл  ғылымдардың  қатарына  жатады.  Сондықтан  оның  ғылыми  негізі,  теориясы, 
математикалық тіл арқылы тұжырымдалады. Түрлі əріптер, сан алуан таңбалар мен символдар тағы басқа 
қарастырылып  отырған  объектінің  (физикалық  шаманың,  ұғымның,  құбылыстың)  тағы  басқа 
математикалық мағынасымен қосыла отырып, математикалық тілді құрайды.  
Жалпы  білім  беретін  мектептің  І – ІV  сыныптарына  арналған  математика  бағдарламасында 
оқытудың міндеттерінің бірі ретінде «оқушының өмір тіршілігіне жəне мектептің келесі буынында оқуын 
жалғастыруы  үшін  қажетті  білім,  білік  жəне  дағдыларды  қалыптастыру», - деп  атап  көрсетілген.  Бұл 
математиканы  бастауыш  сыныптарда  оқып-үйретудің  мектептің  орта  буынында  алғаш  енгізілетін 
пəндерге  алдын  ала  дайындауды  жүзеге  асыруға  міндеттейтін  талап  іспеттес.  Осы  тұрғыдан  алғанда 
бастауыш буын математикасының базалық білім мазмұнын құрайтын: теріс емес бүтін сандарды оқу, жазу 
жəне  салыстыру,  оларға  қолданылатын  арифметикалық  амалдар  жəне  олардың  қасиеттері;  аса  маңызды 
шамалар  мен  оларды  өлшеу;  сондай-ақ  алгебра  мен  геометрияның  бастама  элементтері  жəне  шамалар 
арасындағы  тəуелділіктер  мен  қатынастар;  мəтіндік  арифметикалық  есептер  жəне  оларды  шешу  сияқты 
мəселелердің  алатын  орны  ерекше.  Мұның  бəрін  де  физиканы  оқып-үйретудің  негізіне  алынатын  тірек 
білімнің қатарына жатқызуға болады. Дегенмен олардың əрқайсысы оқушылардың физикалық түсініктер 
мен ұғымдарды игеруіне жəне меңгеруіне түрліше əсер етеді. 
Бағдарламаны талдау барысында аса маңызды тірек білім болып табылатын жəне ондық есептеу 
жүйесі  мен  өлшеудің  метрлік  жүйесі  арасындағы  байланысқа  негізделе  қарастырылатын  бастауыш 
сыныптар  математикасын  оқытудың  нəтижесі – қарапайым  нақты  шамалар  (ұзындық,  масса, 
сыйымдылық,  уақыт,  аудан,  көлем  жəне  т.  б.)  туралы  қалыптастырылатын  түсініктер  екенін  анықтадық. 
Сонда нақты шама туралы оқушының түсінік деңгейі анықталады жəне сəйкес ұғыммен термин енгізіледі; 
біртекті шамалар салыстырылады (сезіну, көз мөлшерімен беттестіру, еркін алынған шартты өлшеуіштер 
көмегімен  жəне  т.б.  арқылы);  шаманың  негізгі  өлшеу  бірлігі  таңдалып  алынады  да,  онымен 
таныстырылады  жəне  өлшеу  құрал-жабдықтары  көрсетіледі;  негізгі  өлшеу  бірлігінің  көмегімен  шаманы 
өлшеу  процесі  көрсетіледі;  шаманы  өлшеудің  жаңа  бірлігі  енгізіледі  жəне  оның  өмірдегі  мұқтаждықтан 
туындап  отырғандығына  көз  жеткізіледі;  өлшеу  бірліктері  түрлендіріледі,  яғни  олардың    бірінен 
екіншісіне  көшеді  жəне  əр  түрлі  өлшеу  бірліктерінің  қатынасы  тағайындалады;  өлшеудің  бір  атау 
бірлігімен  өрнектелген  шамадан  осы  текті  шаманың  басқадай  атау  бірлігіне  көшу  жүзеге  асырылады; 

                   Весник КазНПУ им.Абая,серия 
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
 
 
 
 
 
 
50
бірдей  немесе  əр  түрлі  атау  бірліктерімен  өрнектелген  шамадан  осы  текті  шамаларды  қосу  мен  азайту 
жəне  шаманы  санға  көбейту  мен  бөлу  қарастырылады;  шаманың  атау  бірліктері  сандар  аймағының  
кеңейтілуіне  сəйкес  енгізіледі,  сондай-ақ  сандармен,  шамалармен  жүргізілетін  арифметикалық  амалдар 
қатар қарастырылады. 
Шама – бізді  қоршаған  дүниенің  жалпыланған  қасиеті  болып  табылады.  Осыған  орай  олардың 
кейбіреуі – заттың  қасиетін  сипаттайды,  мəселен  ұзындық,  масса  жəне  аудан  осы  топтың  өкілдеріне 
жатады, ал қайсыбірі – құбылыстың қасиетін сипаттайды, мəселен уақыт аралығы, жылдамдық осындай 
топқа жатады. Шаманы оқыту оны өлшеумен тығыз байланысты. Сондай-ақ шамаларды қосуға, азайтуға, 
санға көбейтуге жəне бөлуге  болады. Сондықтан да шамаларды оқыту арифметикалық амалдарды жəне 
сандарды оқытумен  тығыз  байланысты  жүргізіледі.  Осындай себептерден  шаманың  қарапайым  түрлерін 
қарастыру біртіндеп жүзеге асырылады.  Алгебра элементтері болып табылатын теңдік, теңсіздік, өрнек, 
санды өрнек, əріпті өрнек, теңдеу сияқты түсініктерді, сондай өрнектерді құру, оқу, жазу жəне мəндерін 
табу,  теңдеуді  шешу  тəсілдерін  игерудің  де  физиканың  табысты  оқылуына  тигізетін  ықпалы  зор.  Ал 
мəтіндік  арифметикалық  есептерді  шешу  тəсілдерін  меңгеру  физикалық  мазмұнды  есептерді 
қарастырудың  алдын-ала  қаланған  іргетасы  деуге  толық  негіз  бар.  Сондай-ақ  геометрия  элементтері 
жайындағы оқушылардың түсініктері, əсіресе қарапайым геометриялық фигураларды кескіндеу, салу жəне 
сызудың  қарапайым  дағдыларының  қалыптасуы  физиканы  оқыту  процесін  тиімді  ұйымдастыруға  əсер 
ететін факторлардың бірі. 
 
 
1. 
Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты: –  Алматы, 1998.  
2. 
Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта  білім  беруді  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
стандарттары. Жалпы бастауыш білім: – Алматы.: РОНД. 2002. 
3. 
Лехина  И.В.,  Локшина  С.М.,  Петрова  Ф.Н.,  Шаумян  Л.С.  Словарь  иностранных  слов.- 
Москва, Русский язык, 1987. 
4. 
Ожегов С. И. Толковый словарь русского языка.- М.: Русский язык, 1989. 
5. 
Сыдықова  Ж.  Мектеп  оқушыларының  физикалық  ұғымдарды  меңгеруінің  əдістемелік 
ерекшеліктері. Автореф.- Алматы,2007. 
6. 
Жаңабаев З.Ж. жəне т.б. Физиканы оқыту əдістемесі.- Алматы, 2002.  
 
Резюме 
В данной статье рассматривается сущность понятия пропедевтической подготовки при обучении 
математике в начальной школе, а также формирование у учащихся физических понятий и ее усвоение в 
учебном  процессе.  Было  выявлено  актуальность  пропедевтической  подготовки  при  формировании 
математических понятий для дальнейшего эффективного усвоения физики в школе. 
 
Summary 
  In this article is considered pre-prepared training at the teaching of mathematic in primary school and 
else formation physics division and it's teaching in education process.      
  
  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет