Абай атындағы ҚазҰпу-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата03.03.2017
өлшемі4,9 Mb.
#7058
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

 
Резюме 
Бакытбекова А.Б. – магистрантка 2 курса по специальности 6М010600, Музыкальное образование КазГосЖенПУ, 
ainchik.1@mail.ru, Научный руководитель: Кулманова Ш.Б. - д.п.н., профессор кафедры, 
Музыкального образования КазГосЖенПУ 
Формирование репертуара для детей младшего школьного возраста в классе фортепиано 
В данной статье рассматривается теория организации формирование произведении для фортепиано на выполне-
ние работ для детей младшего класса, при условии, теорией организации и организации классифицируются действу-
ющие нормы, правила. Рождение фортепиано равной общей силы, которая могла бы произвести революцию в облас-
ти культуры и искусства. Композиторы немного писали произведения для фортепиано. Дети обучающиеся в музыке 
должны  знать  произведений  казакских  композиторов,  и  играть  в  школьных  репертуарах.  Произведении  казахских 
композиторов для детей младшего класса не так много. Фортепианные школы в штате музыкального инструмента 
учит исполнении произведений русских композиторов. В этой статье рассмотриваеться произведения композиторов 
написанных для детей младших возрастадля создания эффективного репертуара производительности. В связи с этим, 
тема рассматривается в отечественной практике является актуальной и интересной. 
Ключевые  слова:  История  происхождения  инструмента  фортепиано,  технология  игры  на  инструменте, 
особенности выбора репертуара исполнительского стиля исполнения произведений 
 
Summary 
Bakytbekova A.B. - 2th course master specialty of music education, ainchik.1@mail.ru 
Scientific supervisor: Kulmanova Sh.B. – Candidate of Pedagogical Sciences, professor of chair Music education, 
Kazakh state women's teacher training university  
Formation repertoir for children of younger school age in a piano class 
In this article, the formation of the piano performing works for young children in the class, provided by the organization 
theory  and  organization  classified  the  applicable  rules,  regulations.  Birth  of  a  piano  equal  to  the  total  force,  which  could 
revolutionize  the  field  of  culture  and  art.  Composers  wrote  works  for  piano  instruments.  Children  under  the  age  of  piano 
works written device to learn how to follow the style theory and practice. Domestic works of Kazakh children under the age a 
little bit. Piano schools in the State of musical instrument teaches performing works by Russian composers wrote. This article 
Kazakh composers younger children, consider ways to build an effective performance repertoire. In this regard, considered the 
topic is interesting and relevant domestic practice. 
Keywords: the origin story of a piano, technology implementation, especially the choice of repertoire, performance style 
works 
 
 
ӘОЖ – 792.072(574) 
 
Қ.ҚУАНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ 
МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ СПЕКТАКЛЬДЕР МЕН 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР 
 
С.Ә. Әбединова – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, 
5В041600-Өнертану мамандығының 2 курс магистранты 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
111 
Биыл  Астанадағы  Қ.Қуанышбаев  театрының  ашылғанына  25  жыл  толады.  1991  жылы  құрған  кеңестер  одағы 
ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алған уақытта сол кездегі Целиноград (бүгінгі Астана) қаласында жаңа театр іргета-
сын  қалады.  Қоғам  бір  құрылымнан  екінші  құрылымға  ауысып  жатқан,  саяси  ахуал  тұрақсыз  күйге  түсіп,  халық 
«балапан  басы,  тұрымтай  тұсымен»  кеткен,  экономика  құлдырап,  әлеуметтік-тұрмыстық  қайшылықтар  өршіген 
алмағайып заманда қазақ театрының ашылуына не түрткі болды деген сауал туындайды. Әрине, оның басты себебін 
ұлттық рухтың оянуымен түсіндіруге болады. Мақалада Қ.Қуанышбаев театрының сахнасында қойылған алғашқы 
спектакльдер мен шығармашылық ізденістері туралы сөз болады.  
Кілт  сөдер:  Қ.Қуанышбаев  театры,  «Ақан  сері  –  Ақтоқты»,  Ж.Омаров,  Қ.Жетпісбаев,  Ә.Мәмбетов,  режиссер, 
актер, спектакль 
 
1989 жылы Н.Назарбаев ҚазКСР Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалғанда қазақ 
тілін, қазақ өнерін өркендету мәселелерін алға қойғаны тарихтан белгілі. «...Қазақстанға тән өзіндік ерек-
шеліктердің бірі – оның байырғы тұрғын халқы ең үлкен топ болғанымен де, жалпы халқының көпшілігін 
құрай  алмай  отырған  бірден-бір  республика  екендігінде...  Байырғы  тұрғын  халықтың  тілі  мемлекеттік 
мекемелерде  қолданылудан  қалып,  күнделікті  тұрмыстағы,  «от  басы,  ошақ  қасындағы»  тілге  айналды. 
Қазақтардың  өздерінің  отыз  проценті  дерлігі  өз  тілін  мүлде  білмеді  немесе  өте  нашар  білді.  Атасы 
немересімен өздерінің ана тілінде сөйлесе алмайтын халге жетті. Ал мұның өзі жас ұрпақ ежелгі ататегіне 
жат бола түсті, рухани дәстүрлер жалғастығы үзіле бастады, халықтың толыққанды бірегей мәдениетінің 
түп-тамыры қиылуға бет алды деген сұмдық еді... Тоталитарлық тәртіптің қатыгездікпен қанағанына, бір 
кездегі көсемдердің шамшылдықпен басынып, кемсіте қарағанына барынша төзіп келген қазақ халқының 
қайғы-қасіретке толы тарихындағы сойқанды іс-әрекеттер зардабы, міне, осындай...» [1, 248-249]. 
Халық тағдыры, ел болашағы сынға түскен алмағайып заманда Н.Назарбаевтың халық алдына шығып 
кешелі  сөз  айтып,  шешілуі  қиын  мәселелердің  ауқымын  жұртқа  дұрыс  түсіндіріп,  саяси-қоғамдық 
проблемаларды шешудің жолдарын айқындап бергені Қазақстанның мәдени өмірінде де оң өзгерістердің 
тууына ықпал етті. Халық талабы мен сұранысының нәтижесінде, Есіл өңірінде қазақ мәдениетін және 
өнерін  дамыту  мақсатында  Халық  депутаттары  Целиноград  облыстық  Кеңесінің  атқару  комитеті  1990 
жылы 28 маусымда сол жылдың 1 тамызынан бастап Целиноград қаласында облыстық қазақ музыкалық-
драма  театрын  ашу  жөнінде  №6/169  шешімін  қабылдады.  Сол  жылы  17  тамызда  ҚазКСР  Мәдениет 
комитетінің  төрағасы  Қ.Саудабаевтың  бұйрығымен  А.Попов  атындағы  күміс  медальдің  иегері,  белгілі 
режиссер Жақып Омарұлы театрдың көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.  
Жақып Омарұлы 1939 жылы 15 қазанда Көкшетау облысы Мәдениет ауылында дүниеге келген. 1960 
жылы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрының жанындағы театр студия-
сын;  1969  жылы  Құрманғазы  атындағы  Қазақ  Мемлекеттік  Өнер  институтын  режиссер  мамандығы 
бойынша тәмамдаған. Театрдағы алғашқы қадамын 1960-1961 жылдары С.Сейфуллин атындағы Қараған-
ды Қазақ драма театрында актерлықтан бастаған оның актер ретінде сомдаған алғашқы сахналық кейіп-
керлеріне  театр  сыншысы  Ә.Сығай  былай  деп  баға  береді:  «Лирикалық  желідегі  немесе  айқын  мінезді 
өткір де өжет, өрт кейіпті қаһармандарды сәтімен кескіндеген жас актердің беталысы табыссыз болған 
жоқ.  Бірер  жылдық  актерлік  тәжірибе  оның  нағыз  өнерпазға  тән  сезімін  шыңдап,  профессионал  театр 
ілімінің тылсым сырларына бұрынғыдан да гөрі батылырақ қаныға түсуіне жол ашты» [2, 427]. 
Алайда актерлік өнерді режиссерлікке ауыстырған Жақып Омарұлы 1961 жылдан 1971 жылға дейін, 
табаны күректей он жыл М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында қоюшы режиссер бо-
лып еңбек етті. Бұл оның режиссер ретінде теориялық білімін іс жүзінде жетілдіру, өз кәсібінің қыр-сы-
рын ұғыну, білмегенін үйрену кезеңі болды. Ол осы театрда ол 1980-1981 жылдары да спектакльдер қой-
ғаны белгілі. Ал 1971-72 жылдары Жамбылдың (бүгінде Тараз) Абай атындағы қазақ драма театрының 
бас режиссері қызметінде жүргенде Жақып Омарұлы режиссерлік қырын одан әрі шыңдай түсті, ұлттық 
режиссурадағы  өз  қолтаңбасын  қалыптастыра  бастады.  Одан  кейін  (1972-1980  жж.)  Қарағандының 
С.Сейфуллин  атындағы  қазақ  драма  театрының  бас  режиссері,  1980-1990  жылдары  Шымкенттің 
Ж.Шанин  атындағы  қазақ  драма  театрының  көркемдік  жетекшісі  қызметін  атқарды.  Бұл  –  Шымкент 
театрының гүлденіп, шығармашылық тұрғыда қанат жайған жылдары еді. Театр репертуарының бағыт-
бағдарын  айқындауда,  қойылымдардың  көркемдік  сапасын  арттыруда  Жақып  Омарұлы  үлкенді-кішілі 
қиыншылықтарға қарамастан, шығармашылық ізденістің даңғыл жолына түскені, суреткерлік кең қиялы-
на ерік бергені байқалады. 1980 жылы Бүкілодақтық классикалық драматургия спектакльдері байқауында 
Шымкент театрында қойған «Макбет» қойылымы үшін I дәрежелі дипломды иеленді. Оның режиссерлігі 
туралы белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай мынадай ой айтады: «М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ж.Шанин 
театрларының  сахнасында  ол  қойған  спектакльдердің  саны  едәуір.  Талай  бір  қойылымдардың  кілті 
табылып,  талай  бір  актерлердің  есімі  елге  белгілі  болды.  Сондай  ізденіс  сапары  үстінде  оның  өзі  де 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж. 
112 
шеберлік  жағынан  өсіп,  режиссерлік  өнерінің  іргесі  беки  түсті.  Әрине,  алғашқы  жылдардың  өз  өкініші 
болмай  тұрмайды.  Еліктеу,  солықтау  шеңберіне  түсіп  қалу  қаупі  де  болмай  қалған  жоқ...»  дей  келе, 
Жақып Омарұлының Әзірбайжан Мәмбетов қолтаңбасына қызыққанын, қызығып қана қоймай, Мәмбетов 
қолтаңбасын өз шығармашылық тәжірибесіне пайдаланып көргенін айтады. «Әзірбайжанды айна-қатесіз 
көшіріп  алмаса  да,  оның  осы  төңіректі  торуылдап  жүріп  алғанын  ішіңдегіні  біліп  қоятын  сауатты 
жұртшылық  бірден-ақ  аңдап  қойған...  Режиссуралық  интерпретацияның  жолы  сан-салалы  емес  пе  еді? 
Ендеше неге ізденбеске? Мақсат дегендеріңіздің өзі сол, өз дербес сүрлеуіңді салуды талап ететін меже 
ғой.  «Ана  жүрегі»,  «Досымның  үйленуі»,  «Еңлік-Кебек»,  «Менің  құрдастарым»,  «Шоқан  Уәлиханов» 
қойылымдарындағы жалтырақ, жылтырақ әдістерден аяғын тартып, айылын тез жинаған талантты режис-
сер  кейінгі  кең  тынысты,  келісті  туындылары  «Макбет»,  «Ақан  сері-Ақтоқты»,  «Мәди»,  «Ұлан  асу» 
сынды  қойылымдарын  толғау  үстінде  өзіне  тән  бояулар  тапқандай  болды.  Оған  куә  –  көрермен  қауым 
кешкен хал күй, олар сезінген әсер, ләззат, солар айтқан әділ үкім, лайықты баға. Ол қойған «Әпке», «Ең 
әдемі келіншек», «Біздің үйдің жұлдыздары», «Ескі үйдегі екі кездесу» пьесалары жаңа қырынан көрініп, 
жаңа әңгіменің өзегіне, өзгеше тебіреністердің арқауына айналды. Сайып келгенде, өз жолын табу деген 
осы емес пе?..» [2,428]. 
Жақып  Омарұлы  Целиноград  облыстық  қазақ  музыкалық-драма  театрының  көркемдік  жетекшісі 
болып ауысқанда жаңадан құрылған жас театрдың не ғимараты жоқ, не штатта артистері жоқ еді. Жаңа 
театрдың басшысы өз жұмысына білек сыбана кірісіп кетті. Білімді де білікті басшы, тәжірибелі режиссер 
Жақып Омарұлының табандылығының және артистердің өнерді жан-тәнімен сүйетіндігінің дәлелі болса 
керек  –  1991  жылдың  15  қарашасында  Целиноград  облысының  қазақ-музыкалық  драма  театры  өзінің 
алғашқы премьерасы «Ақан сері – Ақтоқты» спектаклін қойды. Спектакль қазіргі «Конгресс холда» (ол 
кезде  «Тың  игерушілер»  сарайы)  болды.  Алғашқы  премьераға  халық  көп  жиналды,  зал  лық  толды. 
Спектакльге  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  артисі  Шамел  Жүнісов,  Рымкеш  Омарханова,  Болат  Ыбраев, 
Мақпуза  Ыбраева,  Түймехан  Атымтаева,  Шымкент,  Қарағанды,  Жезқазған  қалаларынан  Қалыбек 
Жұмашев,  Нұрай  Танабаев,  Қарлығаш  Танабаева,  Сұлтан  Мәсірбаев,  Айман  Аймағамбет,  Бақыт 
Исабекова және сол кезде Т.Жүргенов институтын бітірген түлектер – барлығы 25 артист қатысты. Жан-
жақтан  жиналған  артистер  «Москва»  қонақ  үйінде  жатып,  сол  қонақ  үйдің  залында  дайындалды.  Ақан 
Серінің рөлін – Қайрат Кемалов, Ақтоқтының рөлін – Гүлсара Рәшқалиева ойнады. Қаллеки театрының 
алғашқы  премьерасында  Шәміл  Жүнісов,  Рымкеш  Омарханова,  Болат  Ыбраев,  Мақпуза  Ыбраева, 
Түймехан  Атымтаева, Сұлтан Мәсірбаев тәрізді беделді артистер өз рольдерін асқан жауапкершілікпен 
орындап шықты. 
Алғашқы  премьерадан  кейін  көп  ұзамай,  желтоқсан  айында  театрға  Целиноград  облыстық  атқару 
комитетінің  ғимараты  берілді.  Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  қазақ  өнерпаздарының  жолы  ашылды, 
шексіз  мүмкіндіктер  туды,  өнер  көкжиегі  кеңіді.  Көптеген  жас  артистер  жаңадан  ашылған  театрға 
жұмысқа қабылданды.  
1991 жылы театрдың жанынан «Саржайлау» ұлт аспаптар оркестрі құрылды, оркестрде домбырашы-
лар тобы, қобызшылар тобы, сырнайшылар тобы болды. Көп ұзамай театрдың камералық оркестрі жұмыс 
істей бастады. Құрылғанына бір жыл толар-толмастан, 1992 жылы қараша айында театр ұжымы Алматы-
да  өткен  сөз  зергері  Ғ.Мүсіреповтың  90  жылдығына  арналған  Қазақстан  театрларының  фестиваліне 
қатысты.  Фестивальге  қатысушы  театрлар  Ғ.Мүсірепов  шығармаларын  сахналаумен  сынға  түсті.  Ол 
уақытта  республикада  40-тан  астам  театр  болса,  соның  небәрі  жетеуі  ғана  осы  фестивальге  қатысуға 
мүмкіндік  алды.  Бұл  жас  ұжым  үшін,  бір  жағынан,  үлкен  жетістік,  зор  мәртебе,  ал  екінші  жағынан 
жауапкершілігі  жоғары  үлкен  сын  болды.  Бір  жыл  бұрын  театр  шымылдығын  түрген  «Ақан  сері  – 
Ақтоқты» спектаклін бұл жолы өзгертілген жаңа нұсқада көрсетті. 
1993 жылы Жақып Омарұлына «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Ал Бүкілодақтық әскери-
патриоттық  тақырыптағы  спектакльдер  байқауында  Д.Исабековтың  «Тыныштық  күзетшісі»  пьесасын 
қойғаны үшін «А.Попов атындағы күміс медалімен» марапатталды. 
1996  жылы  27  мамыр  –  1  маусым  аралығында  Уфа  қаласында  өткен  Түркітілдес  театрлардың  ІІ-
халықаралық  «Туғанлық»  фестиваліне  Ш.Құсайыновтың  «Алдар  Көсе»  музыкалық  комедиясымен 
қатысып,  Қ.Қуанышбаев  театры  өзінің  алғашқы  жүлделерін  алды.  Бұл  бәйгеде  «Қаллеки»  театры  үш 
номинация бойынша жүлдегер атанды: 
- «Өнерді дамытудағы ерен еңбегі үшін» – режиссер Ж.Омарұлына; 
- «Үміт» жүлдесі – жас ұжымға; 
- «Екінші кезектегі үздік ер кісі» жүлдесі Шығай хан рөлі үшін – актер Ш.Жүніске берілді. 
Бұл – театрдың ең алғашқы жүлделері еді. Ең өкініштісі, 1996 жылы 30 мамырда, фестиваль мәресіне 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
113 
жетпей жатып, алған жүлделерінің бірін де көре алмай, Жақып Омарұлы жүрек ауруынан мәңгілікке көз 
жұмды. Бұл туралы театр сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ә.Сығай былай деп еске алады: 
«Фестиваль межесі таяп келе жатты. Думанды күндер аяқталып, олжалы театрлар өздеріне ұйғарылған 
жүлделерге қолдары жетуге сәл-ақ қалған шақта... Иә, қазақтың көрнекті театр режиссері, Қ.Қуанышбаев 
атындағы Ақмола облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Жақып Омарұлы сахнада 
саңқылдай сөйлеп тұрып, кенеттен құлап түсті... Жарты тәуліктей өткен қорытынды жиында «аһ» ұрған 
халыққа лық толы зал қазақ режиссері Жақып Омарұлының жас театрына орныдарынан үш рет тұрып, 
ұзақ қол соғып, құрмет көрсетті. Тек қана Жақаң жоқ еді, ол қаннен-қаперсіз мәңгілік екінші өміріне жол 
тартқан еді...» [3, 32-33 б.] 
Ал  Жақып  Омаровтың  өнердегі  ұстазы  әрі  әріптесі,  сыйлас  ағасы  Әзірбайжан  Мәмбетов  талантты 
шәкіртін былай деп еске алады: «Театр туралы толғансам болды, еріксіз есіме Жақып түсе береді. Жақып 
шын  мәнісінде  менің  ең  сүйікті  шәкіртім  еді.  Амал  не,  ғұмыры  қысқа  болды.  Жақып  –  алған  бетінен 
қайтпайтын бірбеткей жігіт-тін. Бір берілсе, құлай берілетін, қайтуы қиын болатын. Талапшыл еді. Бұл 
жағы маған ұнайтын. Өзі менің жолымды қуып, сахнаға «Ана – Жер Ананы» шығарды. Абырой-беделге 
ие  болды.  Бұған  жету  оңай  болған  жоқ,  сол  талапшылдығының,  жұмысқа  қаталдығының  арқасы  еді. 
Алайда осы қаталдығы оның өзіне де оңай соқпайтын. Мінезінен  тапқан кедергілер аз  болған жоқ. Өзі 
бірақ беті қайтып қажымайтын. Күрескер еді, өмірге құштар еді, өнер жолында жанкешті ғұмыр кешті. 
Ақыры сол жанкештілікпен жүріп, қауырт жұмыс үстінде үзіліп кетті...» [4, 2] 
Әшірбек  Сығай  айтқандай,  Жақып  Омарұлының  неге  «Әзірбайжан  Мәмбетовтің  қолтаңбасына 
қызыққанын, қызығып қана қоймай, Мәмбетов қолтаңбасын өз шығармашылық тәжірибесіне пайдаланып 
көргенін» енді түсіндік. Бұл – шығармашылығы жаңадан қалыптасып келе жатқан шәкірттің ұлы ұстаздан 
үйреніп  қана  қоймай,  соған  ұқсауға  тырысқаны  еді.  Анықтап,  зер  салсақ,  Омаров  пен  Мәмбетов 
арасындағы ұқсастықты аңғарар едік... 
Шілде  айында  театр  ұжымы  мен  Астана  қалалық  әкімшілігі  режиссердің  қырқын  өткізді.  Театр 
ғимараты тұрған көшеге Жақып Омарұлының есімі берілді. Өзі құрған театрдың, өзі тұрған үйдің қабырғ-
аларына  аты-жөні  жазылып,  мемориалдық  тақта  ілінді.  Қазағы  аз  Ақмола  өңірінде  қазақ  театрының 
ашылуына атсалысқан, бүгінгі «Қаллеки» театрының іргетасын қалаған тұлға ретінде Жақып Омарұлы-
ның есімі театр тарихында қалды. 
1996  жылдың  қыркүйегінде  Қ.Қуанышбаев  атындағы  қазақ  музыкалық  драма  театрының  көркемдік 
жетекшісі болып Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Қадыр Жетпісбаев келді. 
Қадыр Рахымбайұлы Жетпісбаев 1941 жылы 20 желтоқсанда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жамбыл 
ауылында  дүниеге  келген.  1959-1964  жылдар  аралығында  Алматының  Құрманғазы  атындағы  Өнер 
институтын «Режиссура» мамандығы бойынша бітіріп, шығармашылық жолын Қазақтың жасөспірімдер 
мен балалар театрының режиссерлігінен бастайды. 1968-1970 жылдары Мәскеу қаласында жоғары режис-
серлік  курсты  тәмамдайды.  Торғай  облыстық  музыкалық  драма  театрының  бас  режиссері;  М.Әуезов 
атындағы  академиялық  қазақ  драма  театрында  режиссер;  Ұйғыр  музыкалық  драма  театрында  бас 
режиссер; Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтында режиссура  пәні бойынша 
ұстаздық  қызмет  атқарған.  Қадыр  Жетпісбаев  қазақ  театрларының  сахнасында  У.Шекспирдің  «Юлий 
Цезарь»,  М.Әуезовтің  «Хан  Кене»,  өзі  жазған  «Қалыңдық  пен  күйеу»,  Қ.Мұқашевтің  «Дала  дастаны», 
О.Бөкейдің «Құлыным менің», К.Әбдірахмановтың «Қабанбай батыр» т.б. шығармаларды сахналаған.  
1996  жылы  Қ.Қуанышбаев  атындағы  Ақмола  облыстық  театрының  көркемдік  жетекшісі  болып 
тағайындалған Қадыр Жетпісбаев бұл қызметте небәрі екі жарым жыл істесе де, үлкен шаруалар атқарып 
кетті. Жетпісбаев театр актерлері мен режиссерлердің шығармашылық тұрғыда өсуіне көп жағдай жаса-
ды. Театрдың материалдық, техникалық, кадрлық, базалық дамуына айрықша көңіл бөлді. Театрдың ірге-
сінен қосымша құрылыс салып, керегесін кеңейтті. 1997 жылы көптеген артистерді арнайы шақырып, жұ-
мысқа алды. Ол Қ.Қуанышбаев театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарған кезінде М.Әуезовтің 
«Қанды  азу»  (режиссері  Б.Ұзақов),  М.Байжиевтің  «Құдалар»  (режиссері  Қ.Қасымов)  спектакльдеріне 
жетекшілік етті.  
1998  жылы  Қадыр  Жетпісбаев  ұлттық  өнерге  сіңірген  еңбегі  үшін  «ҚР  халық  артисі»  атағымен 
марапатталды.  Режиссердің  осы  театр  сахнасында  «Қыз  Жібекті»  бастап,  аяқтай  алмағаны  өкінішті. 
Декорация дайын, кей мизанценалар қойылған, киімдер де тігулі еді. Үлгермеді. Бұл қойылымды кейін 
Әзірбайжан Мәмбетов өзіндік интерпритациямен сахнаға шығарды. 
Қазақ  театрының  қара  нары  Қадыр  Жетпісбаев  1999  жылдың  20  сәуірінде  өмірден  озды. 
Қ.Қуанышбаев  атындағы  қазақ  музыкалық  драма  театрының  орта  буын  актерлерінің  болашағына  жол 
ашқан бірден-бір ұстаз-режиссер ретінде Жетпісбаев есімі театр тарихында мәңгі қалды. 
Көп ұзамай Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі болып 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж. 
114 
КСРО  халық  артисі,  режиссер  Әзірбайжан  Мәмбетов  тағайындалды.  Театр  ұжымы  «Мәмбетов  кезеңі» 
деп, ол басшылық еткен уақытты ерекше ілтипатпен еске алады. 
Әзірбайжан  Мәдиұлы  Мәмбетов  1932  жылы  1  қыркүйекте  Ресей  Федерациясы,  Волгоград  облысы, 
Савенко  селосында  дүниеге  келген.  1946  жылы  Алматы  хореография  училищесінің  7  класында  оқып 
жүргенде анасы Ханипа қайтыс болады. Жалғыз қалған інісінің жайын ойлаған әпкесі Аққағаз ВГИК-тегі 
оқуын тастап, Алматыға оралады. Хореография өнерін оқып жүргенімен, Әзірбайжанның драмаға деген 
ықыласы ерекше еді, ал әпкесі қасына келгеннен кейін оның театрға деген зор сүйіспеншілігі бұрынғыдан 
да  ұлғая  түсті.  Оның  алдында  таңдау  тұрды  –  не  балет  өнерін  жалғастыру,  не  драма  өнеріне  ауысу. 
Ақыры 15-16 жастағы жасөспірім үш жылдық театр училищесіне ауысады. В.И. Дьяковтың шеберхана-
сында актерлік шеберлікті оқыған ол «Қазақфильм» киностудиясында алғашқы еңбек жолын бастайды. 
Қазақ киносының қарашаңырағында жүргенде оған Шәкен Аймановтың назары ауады да, режиссерлікті 
оқуға кеңес береді. Бұл ой Әзірбайжанның көкейіне қонады да, 1952 жылы Мәскеудің А.В. Луначарский 
атындағы театр өнері институтының режиссерлік факультетіне оқуға түседі. Онда К.С. Станиславскийдің 
шәкірттері, белгілі профессорлар КСРО халық артисі Н.М. Горчаковтан, А.А. Гончаровтан тәлім алады. 
1957  жылдан  бастап  М.Әуезов  атындағы  академиялық  драма  театрында  қоюшы  режиссер,  кейіннен 
директор әрі бас режиссер қызметтерін отыз жылдан астам атқарды. 
Осы жылдар ішінде Ә.Мәмбетов 150-ден астам театр қойылымдарын сахналап, 1965 жылы Айтматов-
тың «Ана – Жер Ана» шығармасы бойынша қойылған спектаклімен Қазақстанның Мемлекеттік сыйлы-
ғының лауреаты атанды. 1974 жылы Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» туындысын сахналап КСРО Мемле-
кеттік  сыйлығына  ие  болды.  Біртуар  режиссер  осы  қойылымды  Прага  ұлттық  театрының  сахнасына 
шығарды.  Сонымен  қатар,  Ш.Айтматовтың  «Ғасырдан  да  ұзақ  күн»  драмасын  КСРО  Халық  артисі 
М.Ульяновтың қатысуымен Е.Вахтангов атындағы Мәскеу академиялық театрында қойды. Ал М.Әуезов-
тің «Абайын» өзбектің академиялық театры сахнасында, ұйғыр, корей ұлттық театр сахналарында қойға-
ны  және  сол  спектакльдердің  жоғары  бағаланғаны  ұлы  режиссердің  шығармашылық  келбетін  анық 
көрсетеді. 
Ә.Мәмбетовтың  ой-өрісінің,  құлаш-қарымының  кеңдігі  әрбір  қойылымға  жан  бітіріп,  қан  жүгіртіп, 
кемелдік пен  тереңдіктің  өлшемін айғақтап бергендей болды.  Ол әлемдік классикада Гольдонидің  «Екі 
мырзаға  бір  қызметші»,  Лопе  де  Веганың  «Шөп  қорыған  ит»,  М.Фриштің  «Дон  Жуанның  думаны», 
У.Шекспирдің «Кориалан», Софоклдың «Эдип патша», А.Чеховтың «Ваня ағай» және де ұлттық классика 
үлгісіндегі  таңдаулы  спектакльдерін  жоғары  деңгейде  қойып,  қазақ  театрының  дамуына  сүбелі  үлес 
қосты. 
Ә.Мәмбетов Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы және ҚазҰМА-ның беделді профессоры болды. 
1976 жылы Ә.Мәмбетовке ең жоғарғы құрметті «КСРО халық артисі», 2000 жылы Елбасы Н.Назарбаев-
тың Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді. Ол 1999-2009 жылдар аралығында Қ.Қуанышбаев 
театрының  көркемдік  жетекшісі  қызметін  атқарды.  Даңқты  режиссер  өмірінің  соңғы  күндеріне  дейін 
театрдан қол үзген жоқ. «Қаллеки» театрында Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», 
М.Әуезовтің  «Қарагөз»,  Ф.Эрвенің  «Түлкі  бикеш»,  В.Дельмардің  «Баянсыз  бақ»,  Қ.Байсейітов  пен 
Қ.Шаңғытбаевтың  «Беу,  қыздар-ай»,  Ш.Айтматовтың  «Ғасырдан  да  ұзақ  күн»,  «Ана  –  Жер  Ана», 
І.Жансүгіров,  С.Назарбекұлы,  Б.Әлдібектердің  «Махамбет»,  У.Гаджибековтың  «Аршын  мал-алан», 
А.Чеховтің «Ваня ағай», Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» спектакльдерін өзінің бұрынғы қойылымдары-
нан өзгерек нұсқада сахналады. Бұл шығармалар Мәмбетов режиссурасының тоқырап қалмағандығын, әр 
шығармаға әр кезеңде жаңаша көзқараспен, өзгеше көркемдік тереңдікпен келетінін көрсетті. Режиссер 
шығармашылығының  ең  басты  ерекшелігі  –  классикалық  шығармаларды  бүгінгі  күн  тұрғысына  сай, 
заманға  лайық  етіп  кескіндеуінде  еді.  Ол  әр  қойылымға  өзіндік  өрнек,  соны  сипат,  идеялық-көркемдік 
терең мазмұн дарыта білді. Театр сыншысы Ә.Сығай: «Классик режиссердің «Қан мен тер», «Ваня ағай» 
қойылымдары бүгінгі күні де көркемдік сапасын жоймаған, көркінен айырылмаған құнды дүниелер» деп, 
режиссер еңбегіне жоғары баға берді [3, 47].  
Ә.Мәмбетов  спектакльдерінен  кең  эпикалық  ауқымдылықты,  философиялық  тереңдікті,  сахналық 
жинақылықты көреміз. Оның қойылымдарында жеке көріністер мен ұтымды мизансценалар, драматур-
гиялық жүйелі байламдар мен режиссерлік жұмыр шешім, ішкі тартыс пен сыртқы тартыс шебер өріледі. 
Ш.Айтматовтың «Ана – Жер Ана» спектаклі осындай ірі туындының қатарында. Кезінде бұл спектакльді 
Әзірбайжан  Мәмбетов  Әуезов  театрының  сахнасында,  басқа  да  республикалық,  тіпті  одақ  көлемінде 
бірнеше театрда сахналады. Көркемдік-идеялық мазмұны терең бұл қойылымға кезінде театр зерттеуші-
лері  де,  көрермен  де  «тек  қазақ  театрының  ғана  емес,  бүкіл  кеңес  одағы  театрының  тарихына  енген, 
көркемдік деңгейі жоғары спектакль» әділ бағасын берген еді. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
115 
Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының М.Әуезовтің «Абай», «Айман-Шолпан», 
Ш.Айтматовтың  «Ғасырдан  да  ұзақ  күн»,  Ғ.Мүсіреповтің  «Қыз  Жібек»,  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  Сұлу», 
Шекспирдің  «Гамлет»,  М.Фриштің  «Дон  жуанның  думаны»  сияқты  классикалық  шығармалар 
Қуанышбаев театрының сахнасында заманға сай жаңарып, жаңаша мазмұнда көрермендермен қауышты. 
Қ.Қуанышбаев  театрының  берік  іргетасын  қалап,  негізін  салған  Жақып  Омарұлы  болса,  оның  іргесі 
кеңіп,  әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайының  түзелуіне,  ұжымның  шығармашылық  тұрғыда  өсуіне  Қадыр 
Жетпісбаев атсалысты. Ал Әзірбайжан Мәмбетовтің кезінде театр репертуары көркемдік мазмұн тұрғы-
сынан байып, шығармашылық бір белеске көтерілді. Театр тарихында есімдері алтын әріптермен жазыл-
ған  осы  үш  қаһарманнан  бөлек,  Қаллеки  театрының  қалыптасуы  туралы  сөз  болғанда  Б.Ұзақов, 
Қ.Қасымов, Н.Жұманиязов, О.Ақжарқын-Сәрсенбек, Б.Құрманғожаев сынды қазақ режиссурасында өзін-
дік қолтаңбасы қалыптасқан, ішкі әлеуеті жоғары, бергенінен берері мол тұлғалардың есімін атап өткен 
орынды. Режиссура өнерінің белгілі бір шығармашылық арнаға түсіп, қалыптасу барысында режиссер-
лердің жаңа ізденістерге, тың тақырыптарға баруы театрдың шығармашылық келбетін қалыптастырды.  
 
1
 
Назарбаев Н.Ә. «Әділеттің ақ жолы». – Алматы: Қазақстан, 1991. – 288 б. 
2
 
Сығай Ә. «Сахна саңлақтары». – Алматы: «Жалын», 1998. – 510 б. 
3
 
Сығай Ә. «Қаллеки» театры. – Астана: «Фолиант», 2014. – 304 б. 
4
 
«Бұқпа» газеті, 20 қараша 2008 ж., №47 (410) – 8 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет