Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары



Дата22.09.2023
өлшемі13,82 Kb.
#109720
Байланысты:
Мінездеме Аяна


Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары
колледжінің Б – 3 – 22 тобының білімгері
Есенжол Аяна Асанбекқызына
Мінездеме
Есенжол Аяна 30.03.23 – 26.04.23 уақыт аралығында Жамбыл атындағы №5 мектеп – гимназиясының 1 «Г» сыныбында «Сыныптан тыс тәрбие жұмыс, әдістерін, құралдарын, нысандарын қолдану» практикасынан өтті.
Практиканың алғашқы күнінен Аяна өзінің белсенділігін көрсетіп, мұғалімдермен де, оқушылармен де жақсы қарым – қатынас орнатты. Оқушыларды мәдениеттілігімен, кішіпейіл, мейірімділігімен өзіне баурап алды.
Сынып жетекшінің оқу – тәрбие жұмыстарымен танысып, күніге сабақ процесін бақылап отырды. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындаған Аяна өз ісіне ұқыптылықпен, жауаптылықпен қарайтынын көрсете алды.
7 сәуір күні « Шынықсаң шымыр боласың» атты тәрбие сағатын және «Табиғатты аялайық!» атты тәрбие сағатын жақсы деңгейде ұйымдастырып өткізді. 12 сәуір күні «Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері » атты сынып сағатын жоғары деңгейде өтізіп, қабілетінің жоғары екенін көрсетті. 26 сәуір күні «Құстар – табиғат жанашыры» атты тәрбие сағатын оқушылармен табиғатқа саяхат жасау арқылы өте жақсы өткізді.
Аяна практикадан өту барысында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасауға да көмектесіп үлгерді. Оқушылардың дәптерлерін тексеру ережесімен танысты. Оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, өткізуді меңгерді.
Болашақта Аянаны білікті де білімді мұғалім болады деген сеніммен практикалық жұмысын «5» (өте жақсы) деп бағалаймын.
Мектеп – гимназия директоры: Э.С.Койлыбаева
Оқу ісінің меңгерушісі : С.Р.Бактыбаева
Сынып жетекші: Г.Б.Молдабекова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет