Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық
жоғары колледжі педагогикалық
факультеті «Бастауыш білім беру»
бөлімінің 3-ші курс білімгері
Тұрғынбаева Тұрсынайға
Мінездеме Тұрғынбаева Тұрсынай 26.01.23-08.03.23жж аралығында Жамбыл облысындағы Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында “Дипломалды практика”атты іс-тәжірибесінен өтті. Тұрсынайға 3«Ә» сыныбының тәрбие жұмысын бақылау жүктелді. Тұрсынай білімалушылармен жақсы тіл табыса бастап өзіне қарата білді. Алғашқы күннен бастап өзіне міндеттелген жұмыстарды тиянақтылықпен жауапкершілікпен істей бастады. Тәрбие барысында оқытушы ретінде өзіне міндеттелген тапсырмаларды орындап жүрді.Барлық сабақтан білімалушыларға жаңа тақырыптарды еркін,ашық және анық түсіндіре алды. Жаңа әдістер қолдану арқылы білімалушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын аша білді. Әр сабақ сайын әдіс тәсілдер қолдану арқылы сабағын өтті. Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологияларды пайдалана отырып, 30.01.23ж әдебиеттік оқу пәнінен “Шебердің қолы ортақ”, 2.02.23ж қазақ тілі пәнінен “Зат есімнің тәуелденуі”, 6.02.23ж математика пәнінен
"Өзіңді тексер, 07.02.23ж, жаратылыстану пәнінен" Зымырандар қай жерден ұшады?" 08.02.23 ж, дүниетану пәнінен "Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде?" 17.02.23ж көркем еңбек пәнінен “портрет түрлері”, 20.02.23ж дене шынықтыру пәнінен "Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар", 03.03.23ж музыка пәнінен"Жалынды ақын күйшілер",28.02.23ж сыныптан тыс сабақта" 1 наурыз Алғыс айту күні” атты тәрбие сағатын және т.б сабақтардан қалдырмай ашық сабақтарын өтіп жүрді. Тұрсынайдың оқушыларға деген көзқарасы,қарым қатынасы өте жақсы,мінезі жайдарлы ашық, өз жұмысына ұқыпты.Маған бір ұнағаны білімалушыларға сабақ түсіндіру кезіндегі дауыс ырғағы өте жақсы.
Тұрсынай педогогикалық практикаға үлкен жауапкершілікпен қарады.Сонымен қатар топтық жұмыс,жұптық жұмыстар ұйымдастырды.Қазіргі заманауи "Попкорн","Шемішке"әдістерін де пайдалана білу арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын оятты.Сабақ соңында кері байланыс жасау арқылы бағалап отырды. Әрбір тәрбие жұмыстары жаңашылдықпен өткізіліп, білімалушылардың қызығушылығын аша білді.Сабақтың басталар уақытында психологиялық дайындық қалыптастырды.
Тұрсынай алдағы уақытта білімді де, білікті, тәжірибелі ұстаз болатынына сенімім зор. Тұрсынайға шығармашылық табыс және оқуын жоғары дәрежеде бітіруіне тілектеспін. Тұрғынбаева Тұрсынай Жұмагелдіқызының “Дипломалды практика” атты тәжірибесін « 5 » ( өте жақсы ) деп бағалаймын.
Мектеп-гимназия директоры Төлеу С.Е.
Директордың оқу -ісі жөніндегі орынбасары Ертуганова Б.Ю.
Сынып жетекшісі Рахманбердиева Ә.Т