«Абай» журналы ұлт руханиятының алтын қазығы



Дата06.01.2022
өлшемі18 Kb.
#15215
Байланысты:
Абай журналы


«Абай» журналы ұлт руханиятының алтын қазығы

Қабырғалы қазақ елінің тәуелсіздігі өмірге қайта әкелген құнарлы өнімнің бірі – «Абай» журналы. Бұл журнал қазақтың «бас ақыны» Абай Құнанбаевтың құрметіне арналған. Ағартушылық бағытты ұстанды. Тұлғаға арналған қазақтың тұңғыш журналдарының алдыңғы қатарында болып табылады.  Бабалар жолымен бағамдасақ, тегіне қарап -тереңіне үңілетін, беделін көріп - берерін бездендейтін берекелі алаштың ұрпағымыз. Арғы тамыры ұлтымыздың ұлы перзенттері Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов тұсауын кесіп, 1918 жылы Семей топырағында тұңғыш қадамын бастырған бұл журнал ақыл-ойдың құймасы болатын.Сол 1918 жылғы алғашқы басылымдағы «Журнал туралы» кіріспе сөзінің соңын Жүсіпбек Аймауытов былай түйіндейді: «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді. Қалай бітіргенінен емес» деп Абай айтқандайын, талабым-таяғым, жігерім-азығым, маңдайыма ұстаған ақын Абай – қазығым деп үмітпен шығарып отыр». («Абай» журналы, 1918 ж. №1).Алаш арасының сөз астарына үңілсек, «Қалай бітіргенінен емес» деген емеурінмен-ақ ертеңгі күннің бұлыңғыр болатынын ескерткен сияқты. Бұл таза ұлттың қамын жеген алғашқы журналдың бірі болды. Журналдың ұстаған бағыт-бағдарының біріншісі Абай болса, екіншісі халықтың тағдыры мен тарихы жайында. Журналдыӊ алғашқы редакторы, қазақтыӊ көркем ойында орны бөлек, сөз зергері Жүсіпбек Аймауытов болатын. Алайда журналдыӊ негізін қалаушы - Мұхтар Әуезов еді. Қос кемеӊгер әр мақаланыӊ соӊына "Екеу" деп қол қойып отырған. Журналдыӊ әр санында жазушыныӊ бір-екі шығармасы, қазақ өміріне қатысты материалдары үзбей жарияланып тұрған. "Ғылым", "Философия жайлы", "Жапония", "Қазақ әйелі", "Бірінші жалпы жастар сиезі", т.б. сан алуан тақырыптар қамтылған. Ал Жүсіпбек Аймауытовтың журнал бетіндегі аса назар аударарлық мақалаларының қатарына «Ұлтты сүю», «Журнал туралы» және «Тәрбиені» жатқызуға болады. Сонымен қатар журналда Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Ғұмар Қарашев, Мәннан Тұрғанбаев, Смағұл Сәдуақасов, Халел Досмұхамедовтардыӊ өлеӊдері мен публицистикалық мақалалары жиі басылып тұрды. «Абай » журналында жарияланған мақалаларынан өткеннің асыл қасиеттерін бойына сіңірген, ел болашағына алаңдаған, ұлт қамын ойлағанпублицисттің қоғамдық-саяси көзқарасы айқын аңғарылады.  Жарияланған мақалалардың көп бөлігі халықты ояту,оқу білімге шақыру, ұлтты тәрбиелеу хақында. Журналдың алғашқы саны Абайдың шығармашылығын насихаттауға бағытталған, бірақ кейіннен әлеумет, саясат, экономика сияқты қоғамдық маңызы зор тақырыптардан талқына бастаған деседі. Журналдың басқа журналдардан ерекшілігі – тұрақты айдарлардың болуы. Бұл айдарларға «Абай сөзі», «Басқармадан жауап» және «Абайдан соңғы ақындарды» жатқызуға болады. Аттары айтып тұрғандай, біріншісі Абайдың қара сөздерін, екіншісі ресми құжаттарды, ал соңғысы – Абайдан кейінгі поэзия үлгілерін жариялаған. Журнал Алаш Орда үкіметі құлағаннан кейін 1918 жылдың қараша айында жабылады. Қысқа мерзімде небәрі 12 саны ғана жарық көріп үлгерген «Абай» журналы, араға 74 жыл үзіліс салып, Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдан бастап оқырманымен қайта қауышқан болатын. Қазіргі «Абай» журналы 68 айдар аясында ақпарат береді. Елім –ертеңім, ұлтым – ұлысым, ұрпағым – тынысым, жерім – ырысым деп жүрек соқтырып тұрған талай жазбаның Абай журналының беттерінен көруімізге болады. Сондықтан иен даламызға иелік етіп, Еуропаның озық жұртымен терезе теңейік деген негізде жазылған көптеген мақалалардың маңдай түйістіргенін көреміз. Оған жету үшін – білім, ғылым керек, сол білім, ғылымның басы – Абай екенін алдыға сала отырып, сара жол нұсқайды. Әрине, халық Абайдың айтқандарын көзді жұмып бірден қабылдай қойған жоқ. Ескі мен жаңаның тартысы нақ осы кезден басталады. Ақыры, оң өзгерістерді көксеген Абай қазақтың өміріндегі кемшіліктерді сынауға мәжбүр болады. Ол біздің қазақ халқының санасындағы жаңа заманға, жаңа үрдіске, жаңа жолға келмейтіндердің барлығын қатты сынаған адам. Өйткені, ол осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын өркениет көшіне ілесу үшін ұлтты жаңғырту, жаңа өмірге бейімдеу қажеттігін түсінген. Оның өз халқына жасаған ең керемет жақсылығы осы деп ойлаймын мен.  Ой-санамыз тереңдеген сайын біз қайта-қайта Абайға жүгінеміз, Абаймен сырласамыз, Абаймен ақылдасамыз. Оның ұлылығын мойындаймыз, бас иеміз. Мақтанамыз. Өйткені, Абай – Кант, Платондар сияқты әлемдік деңгейдегі тұлға! Бұл сөздерді текке қайталап отырған жоқпын. Ол – шын мәнінде ұлы адам! Қазақ халқы қанша уақыт өмір сүрсе, соншалықты Абайдан тағылым алады. Абайды соншалықты терең түсінуге ұмтылады. Абай әлемі шетсіз-шексіз, түпсіз терең-тұңғиық. Ұлтымыздың бүкіл озық қасиетін бір бойына сіңірген Абай өмірі мен шығармашылығы- халқымыздың сарқылмас қазынасы. Оның адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжы­рымдары ғасырлар өтсе де, маңызын жоғалтпайды. Абай әлемі шетсіз-шексіз, түпсіз терең-тұңғиық. Сол тұңғиыққа үңіле отырып,артына қалдырып кеткен өшпес мұраларын оқу, бойымызға терең сіңіре отырып, келесі ұрпаққа жеткізу-біздің басты парызымыз. Ұлт руханиятымыздың алтын қазығына айналған «Абай» журналы да өз жұмысын тоқтатпай,қоғамдағы өзекті мәселерді талқылап, қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге ерекше үлесін қоса берсін дегіміз келеді. Ғұлама ақын, ойшыл Абайдың мұрасын жаңаша ұғыну жалғаса береді, оның жалынды өлеңдері,айтқан астарлы ойлары,мәнді мағыналы сөздері ешқашан да өзінің күшін жоғалтпайды. Өйткені Абай халықпен мәңгі бірге.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет