Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы



Pdf көрінісі
бет31/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84
Ключевые слова: 
М.Ауэзов,
 
Путь Абая,
 
роман-эпос,
 
поэтика,
 
произведение 
ANNOTATION 
In the epic novel by M. Auezov “Abay's Way”, the culture of the people is widely represented, 
including the art of singers-akyns. The author in his article reports how the famous singer - 
43 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
composer Birzhan Sal comes to the village of Abai, vividly describes his work, as well as trips 
throughout the country. The article reveals the creativity of talented youth, grouped under the 
leadership of Abai. In dialogue, the authors show their love for the art of song, at the same time 
touch upon the theme of the revival of national arts. In the article, the authors described the 
distinctive feature of the Kazakh song art, its wide distribution among young people in the 
village of Abai and the propaganda of the singing tradition. The article says that M. Auezov had 
deep knowledge of Kazakh song and music. 
Keywords: 
M.Auezov, Abai's Way, novel-epic, poetics, composition. 
«Абай жолы» роман-эпопеясында Абайдың ақындық әлемін кеңінен қармаған қаламгер 
ұлы ақынның композиторлық дарындылығын суреттеумен бірге, қазақ халқының әншілік, 
жыршылық, күйшілік өнерін әсерлі де әдемі бейнеленген. Роман – эпопеяның 
композициялық бітімінде Абайдың жасынан өлең-жыр, ертегі, әңгіме, эпостарға қанық 
болуымен бірге, ел ішіндегі небір жезтаңдай, күміскөмей әншілердің әнімен де сусындап 
өскені баяндалады. Жай баяндалып қана қоймайды, ұлы өнерге деген халық махаббаты, 
құштарлығы айқын танылады. Ән тыңдау немесе ән салу кейде адамның жандүниесін 
сезім, көніл – күйімен нәзік сабақтасып жатады. 
«Аз уақытта, жылдағы уақыты бойынша жұрт жайлауға көшті. Абай әжесінің қырқына 
шейін, тысқа шықса да, ертелі-кеш анасын жоқтап, зар өлеңдер айтады. Тау басына 
шығып, даланы кезіп жүрсе де, анасына бағышталған мұңды ойлардың қасірет жырлары 
орала береді» [ 1, 237.]. Осы бір баяндаудан Абайдың ән арқылы әжесіне деген сағынышы 
аңсары ашылады. 
Әжесі Зереге құрметін, перзенттік ыстық махаббатын бірде әруағына бағыштап құран 
оқумен білдірсе, енді бірде анасын жоқтап зар өлеңдер айтуы, онымен тынбай тау басына 
шығып, даланы шарлап жүріп те әуезді әнмен жандүниесін мазалаған ойлардан арылмақ 
ниетін байқатады. Ән – шығармада бала Абайдың жандүниесінің сыры ғана емес, 
көңілінің де мұңы. Өйткені, ол өмірдегі ең қимас, қадірлі жаннан, асыл әжесі, аяулы 
анасынан айырылып отыр. Ол осылайша өзін-өзі жұбатады, өзінің ішкі қайғы-мұңын көз 
жасымен емес, жүрегін жылатар әнмен ғана жеңілдетеді. Әнді ән үшін емес, қымбатты 
тұлғаның қадірін сезіну үшін айтады. 
Абайдың ақындық дарынының қалыптасуына әже, анасының әңгіме, ертектері, 
жырлары бір әсер етсе, ауылына Байкөкше мен Барластың келуі өлең өнеріне деген 
құштарлығын арттырған ізгі қадам болғаны айқын. Ал композиторлық қабілетіне 
жасынан ел ішіндегі өнерпаздардың, әнші, домбырашылардың, қобызшылардың игі әсері 
тигені анық. 
Біржан салдың Шыңғыстауға келуі елдің ішін өнер думанымен дүбірлетіп, той, 
мерекеге айналдырған керемет бір күндер ретінде романда ерекше бейнеленген. 
«Баласы Қожағұлдың Біржан салмын»... деп әуелете, асқақта салған атақты әнді 
Абайдың тыңдауы – сондай бір әсерлі суреттеме. 
«Әншінің «Біржан сал» атты осы бір әні өзінің майда қоңыр, сырлы сазымен бастала 
жөнелгенде, өзге көп жұрт ішінде демін тартып, қатып тыңдаған кісінің бірі Абай. 
Қадірлі ақын, құрметті қонағына Абай қадалып қарап қапты. Ақ-қарасы әлі де айқын, 
таза, ұзынша көздері өзгеше боп телміре түсіп, шарасынан асып үлкейіп қарайды. Бірақ 
қазіргі сәтте, кірпік қақпай қарағанмен, бұл көз – әнші жүзін көріп отырған көз емес. Ән 
мен өлең сөзді, өнерлінің өзін түгел қосып, бір бітім, бір тұтас тұлғадай қиял суретімен 
елестетіп, көріп отырған көз. 
Ерекше әсері бар күй менен аса ұнаған ән тыңдаған уақытта Абай сол сарын сөзбен 
қатар өзге бір дүниені жарыса ойлап кететін. Өмір қиял суреттерін, уақиға тасқындарын, 
жаратылыс, құбылыс толқындарын көріп, соған шомып кетеді». 
Авторлық сипаттаудан Абайдың ән тыңдау мәдениетімен танысамыз. Жақсы әнге көңілі 
ұйып, жан сезімімен тыңдаған Абайдың кірпік қақпай қарауы, яғни бет-жүзі, қимыл- 
44 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
қозғалысы арқылы әнші, ақын, композиторға сүйсінісі ғана емес, әннің сырлы, сұлу 
әуеніне, әнге деген сезім құштарлығы, ынта-ықыласы сезіледі. Әнді жай адам әуені мен 
сөзін көкейге, санаға сіңіре білсе, ақын үшін ән тыңдау мәнері бөлек, ол қиял, елестету, 
түйсіну сезіміне ұласады. Сонан соң шабытына алау шарпиды. Абайдың «Әннің де естісі 
бар, есері бар, тыңдағанда көңілдің өсері бар» деген ән өнерінің қасиет, құндылығын 
бағалаған жыры оқырман ойына ұялайды. Осынау ән құдіретін сезіндірер сөйлемдер 
еріксіз Абай өлеңін тіл ұшына оралтады. Ән құдіреті арқылы атақты композиторды 
тұлғалау да жазушының эстетикалық танымының кеңдігіне көз жеткізеді. 
«Қазірде міне, белгілі өр қиялы бар ән, ірі туысты әншіні мынау ортадан бөліп, жырып, 
аулаққа әкетті. Шырқау алыс қияға әкетті. Тұлғасы ерен, кең кеуделі асқақ үнді әнші, 
сахараның ғажайып бір алыбы боп апты. 
Сол алып, өнер алыбы, Сарыарқаның ең заңғар биігі Көкшенің басына шығып тұрып, 
бар ұлан ұзақ Сарыарқаға, сахараның салқын бел, самал көліне қонған елі-жұртына көз 
тастайды. Жуансып күштісі, артықсып асқағы, күңіреніп көбі жүрген жон-жотаға көз 
тастап қоймай, үн қатады. Ән тіл қатады. Ескек, асқақ атойдай қып, зор кеуденің алып 
күйін азынатып төгеді [2, 325]. 
Бұл бағалау – Абайдың ой-танымымен бағалау. Әнге деген махаббат, әншіге құрмет 
сезімі Абайдың көзімен, ақындық сезіммен осылай мадақталады. «Асқақ үнді әнші, 
сахараның ғажайып бір алыбы, өнер алыбы, Сарыарқаның ең заңғар биігі» деп эпитет, 
теңеулермен сипаттайды. Біржан салдың әншілік дарындылығы өнерді түсінген, өнерді 
қадірлеген, соны жанына серік етуге ұмтылған парасатты тұлғаның танымымен 
дәріптеледі. Бір сәт осынау ішкі жан дүние тебіренісінен өрілген ойлар Біржан әндерінің 
мұратына, ұстанымына ұласады. 
«Мен келемін! Өнер әкелемін! Танымай көрші, аңдамай бақшы! Сай-сүйегің босамай, 
алпыс екі тамырың иімей көрші!..» деп, бас идіре ән төккенде, ән емес нұр төккендей. 
Әлемнің жүзінен жауыздық зұлымдығын қуып әкетіп, қиялда болса да дүние бетін, Арқа 
жүзін сан сұмдықтан тазартып бара жатқандай... Ол ән, асқақ есіп соққанда, Көкшенің 
қалың сыпсың қарағайы – мынау әнші басындағы оқалы тақияның жібек шоғындай 
болып, теңселіп барып, төгіле жапырылып, жол береді, бас иеді... Арқаның қара түні де 
мынау ақын үстіндегі қара мақпалдың бетіндей майда, мейір түні болады... Сонда ел жүзі 
де осы ақын жүзіндегі жылтырап көрінген нұрға толғандай болады. Ел жүзінде, қазіргі 
ақын түсіндегі, ән үстінде езу тартқан жарастық күлкідей боп, шат қуаныш күлкі көрінеді 
Абай көзіне» [ 2.325 ]. 
«Ән емес, нұр төккендей» – бұл әсерлеу емес, әннің халық көңілінен, ойынан табылған 
ғаламат әсері. Айтушының баяндауында осынау көркемдік, эстетикалық деталь поэтикалық 
бейнелеу үлгісіне де үйлеседі. Сонан соң Біржан әнінің, жалпы қазақ ән өнерінің ерекшелігі 
мадақталады. Егерде Ф. Достоевский «Сұлулық әлемді құтқарады» деп пайымдаса, М. Әуезов 
пайымдауында алдымен ән «әлемнің жүзінен жауыздық зұлымдығын қуып әкететін» 
адамзаттық құндылық ретінде қасиеттелсе, келесі кезекте оның кереметтілігі – «қиялда болса 
да дүние бетін, Арқа жүзін сан сұмдықтан тазартып бара жатуы». Ән – ақын ұғымында көңіл-
күйдің мерекесі, сезім шарпыған алау ғана емес, ән әлемді, адамзатты жамандық, жауыздық 
атаулыдан арылтатын асыл өнер болып өріледі. Романда әннің қасиеті де айрықша 
айқындалады. «Ол ән, асқақ есіп соққанда, Көкшенің қалың сыпсың қарағайы мынау әнші 
басындағы оқалы тақияның жібек шоғындай болып, теңселіп барып, төгіле жапырылып, жол 
береді, бас иеді...». Мұнда әннің керемет әуені, әуені ғана емес, сол әнді әудем жерден әуелете 
шырқаған Біржан салдың дарын даралығы да аңғарылады. Көкшенің қалың сыпсың қарағайы 
мен оқалы тақияның жібек шоғы, қалың үкісімен салыстырылуы да сезім суретінің таным 
суретіне ұласуы. Ән көңілге ғана нұр төккен жоқ, ойға, сезімге нұр төкті. Ел жүзіндегі 
жарастық күлкісі, шат қуаныш күлкі – ән әсерінің барша жұртты баурап алған кереметтілігі. 
Жазушы ән құдіретін сара сарапшы Абай көзімен айқын бағалайды. Ендігі сәтте әнді ұйып 
тыңдап отырған Әйгерім әсерімен 
45 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
де бағаланады. Әнге Абай нықты ой көзімен емес, нағыз тыңдаушы көңілімен лебізін 
төгеді. 
Өйткені ол әнді тыңдай да, айта біледі. «Бұның өзін жақсы бағып, жақсы ұғып 
отырғаны үшін сезімтал Әйгерімге сүйсіне қарап қалды да, енді Біржанға бұрылды: 
– Өзге-өзгеңді не қылайын, Біржан аға, – деп бастап, қонағына жаңа бір қуаныш жүзімен 
қарады. – Ел ақтаған бір ақын болушы еді. Тілін безеп, жанын жалдап, тіленшілікпен байды 
сауып, сөз қадірін сол кетіруші еді. Үн түзеген бір әнші болушы еді. Кім көрінгеннің 
қосшысы. Әр кез, әр мырзаның қосалқысы. Ән қадірін түсіріп, бір атым насыбайдай арзан 
етіп еді. Сен әнді босағадан, өрлетіп төрге шығардың, соныңа ғана қуанам. Шынында, 
қазағым, елім дегенде осы елдің асыл ақын сөзінен, әсем әні сазынан артық қай қазынасы бар 
еді? Соларын асқақ үнмен аспанға көтеріп барып: ол мен міні, мен келемін дегізіп еліңді 
өнеріңе бас игіздің. Осының-ақ қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр!.. – деді. 
Біржан құп тыңдап, өзі де сүйсіне көтеріліп: 
– Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай! – деді. 
Әйгерім де, өзге жиын да екеуін дәл ұғынғандай, түгел қостап күлісті. [ 2. 326.]. 
Салдардың келуінің өзі романда ел ішіндегі бір ерекше оқиға, тосын бір жаңалық болып 
сезіледі. Алдымен Есқожа ауылында ертең той болатыны, ол тойдың күйеу келетін той 
екендігі, көркі де әсемдігімен даңқы шыққан Үмітей бұрыннан қайындап жүрген күйеуі 
Алатайдың баласы Дүтбайға ұзатылатыны, оған Ербол, Баймағамбетті алып Абайдың келгені 
хабарланады. Салдардың Есқожа ауылына келуі де ерекше есте қаларлық сәт. Сырттан 
жеткен дабырдың өзі елдің есін шығарғандай соншалықты қызықты. 
Автор осы сәтті ерекше уақиға деп даралап, оған әркімнің қалай көңіл қойғанын 
қысқаша баяндаған. Бұрын салдарды көрмеген елдің таңданысы, қызығушылығы, 
құмартушылығы диалогта әсерлі берілген 
«Тыста ерекше уақиға болғандай. Есік алдынан жүгірісіп өтіп жатқан жастар білінеді. 
Балалар шулайды. Кейбір ересек, кексе әйелдер, еркектер де сол уақиғаға қызыға көніл 
бөліпті. Даурығып сөйлеп, асығып, алқынысып айтып тұрған хабарлары естілді. 
– Уа! Салдар келеді! 
– Мынау не деген сән? 
– Жаным-ау, өздері қалай киінген? 
– Ана біреу, сал ағасы. Бәрінің қолында үкілі домбыра. 
Мынау бір елден ерек жүріс екен. 
– Жүрсең осылай жүр. Сал сері деген топ осы да! 
Арада балалар да қызығып, тамаша ғып, күле айқайлайды: 
– Бөріктері сәукеледей! 
– Шалбарын қара, шалбарын! 
– Балағы қатынның көйлегіндей шұбатылып жүр. 
– Бұзаулаған сиырдың шуындай шұбатылады және біреусінікі. 
– Иттерді қосар ма еді өздеріне. Қандай дал-дал қылар еді, шалбарынан алып! – деп 
күліседі» [2. 437-438.]. 
Автор бұған балалардың да көзқарасын білдірген. Балалардың пікірлерін даурыға 
ортаға салуы да олардың өң-жүздеріне емес, бұл ауылға тән емес, көз үйренбеген киім 
киіп келуінде. Балалар сөздеріне юморлық рең бере отырып, іштей кекесіндерін де 
жазушы ұтымды жеткізген. 
Бұдан кейін үлкендердің салдардың келу салтанатына байланысты әбігерін, мұны 
әлдекімдердің жақтырмай қарағанын да Ызғұттының ой-пиғылымен сездіреді. 
«Даладағы жұрттың бәрі: «Салдар, серілер келді» десіп, түгел әбігерге түсті. Есқожа 
үйінде отырған үлкендер арасында Ызғұтты бар-ды. Ол: «ауылды басынып келіп жүрген 
бейбастақтар кім?» дегендей, «сал» деген атты ұнатпай: 
– О кімдер өзі? Қайдан жүрген немелер? – деп еді. Есқожа бұлардың келер хабарын 
естіген сияқты. 
46 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
– Бөтен емес, бәрін бастап жүрген өзіміздің Әмір көрінеді! – деді» [2. 438.]. 
Ызғұтты олардың келгенін жақтырмайды, ол үшін сал ұғымы – «бейбастақ немелер». 
Мұнда сандарды менсінбеушілік әрі кейіпкер бітімінің тәкәппарлығы да көрінеді. 
Онымен бірге өнерге де теріс пиғылы да бар. Есқожаның осыларды бастап келген Әмір 
екенін естігенде оған деген жеккөрушілігіде артады. Сақтану қажеттігін де ойға алады. 
Абай мен Ерболдың Әмірдің бүгінгі қылығын көзбен көрмек ниеті де Үмітейдің 
ұзатылуына қатысты ғана емес, салдардың алдында қандай өнер көрсетпек ниеті де 
бәсекелестікке бәс тігу есебі тәрізденеді. Салдардың ауылға таяп келуі Абай, Ербол 
көзімен де сипатталады. 
«Әмір бастап, үлкен сауыққа салынып жүрген бір топ жігіттердің хабары Абай мен 
Ерболға бұрын да мәлім болатын. Бірақ «сал», «сері» деген атақтары шықпаған-ды. Енді 
Әмірдің бүгінгі қылығын көзбен көрмек болды. Үйден шығысқан еді. 
Дала да бұлар көзіне түскен көрініс екеуін де таңғалдырды. 
Салдар күйеуге тігілген үш отауға қарай тақап қалыпты. Ол отаулардың ортадағысы – 
сегіз қанат. Сырты қызыл-жасыл манатпен оюланыпты. Дөдегелерге қалың қызыл жиек 
бастырылған. Есік алдында кәмшат бөрікті, үкілі, үлкен шолпылы, өңшең әсем, сәнді 
бойжеткендер тұр. Кейде қатарланып, кейде топтанып, өзгеше қонақтарын тосады. Осы 
қыздар ортасында үлгісімен, киім сәні ерекше бөлінген, қара кәмшат бөркін шекесіне 
таман киген бір қыз бар. Ол топ жұлдыз ортасында шолпанындай, той иесі – қалындық 
Үмітей болатын. Қонақтарын қарсы алуға әдейі шыққан. Салдар отау үйге тура тартып, 
жақындап қалғанда, Үмітей қасындағы қыздарын бастады. Қанат жайған сәнді, 
сылдырлы, әзіл сыңқылды майысқан қатар салдарға қарсы басты. 
Жаяу салдардың қастарында өңшең ірікті сұлу келіншектер келеді екен. Баймағамбет 
Абай мен Ерболға жалтақтап, дегбірсізденіп, таңдана сөйледі. 
– Еркек салдар емес, арасында қатын салдар да бар ғой! Бұлары кімдер? – деп еді. 
Ербол олардың кім екенін аңғарған екен. 
– Сал қатындар болса, бірі-өзіміздің «Әйгерім сал» боп шықты ғой. Келіншектер әдейі 
алдынан шығып, тосып алған күтушілер емес пе? – деп күліп тұр» [ 2. 438.]. 
Мұнда салдарға тігілген сегіз қанат отаудың сыртқы түр-сымбаты, сәнімен бірге 
қыздардың киім кию үлгісі қоса суреттелген. 
Автор кәмшат бөрікті, үкілі, үлкен шолпылы өңшең әсем, сәнді бойжеткендер» арасынан 
Үмітейді даралайды. Оны даралап көрсеткенде де үлгісімен, киім сәнінің ерекшелігін бір 
дараласа, қара кәмшат бөрігі шекесіне таман киюінде мән бар, өзгелерден оқшауланған жан 
дүниесін бейнелейді. Содан соң «топ жұлдыз ортасындағы – шолпандай» деп поэтикалық 
образды көркем сипаттама жасаған. Салдардың алдынан Үмітей бастаған қыздардың 
қатарласа шығуы да бейне бір қанат жайған құстарға баланады. «Сәнді, сылдырлы, әзіл-
сыңқылды майысқан қатар» – қандай көркем, айшықты деталь! Сәнділігі – әсем көйлек, 
қамзол, кәмшат бөріктері, сылдырлығы – ұзын, қос бұрымды шаштарындағы шолпы 
сырғалары, әзіл-сыңқылы – бірге өскен құрбылардың көңілді отырысы, майысқаны 
– жастығы, қылықтылығы. Алайда оқырман назарын аударатын бір жай бар. Ол 
салдардың қасында сайланып шыққан, ірікті сұлу келіншектердің жолдан ілесе келуі. Бұл 
Баймағамбет пен Ербол көзқарасымен сипатталады. Баймағамбеттің жалтақтап, 
дегбірсізденіп, тыңдауы «Еркек салдар емес, арасында қатын салдарда бар ғой» деген 
әзілімен де жетеді. Ербол мұны әлдебір кекесін деп қабылдамайды. Әзіл астарынан 
шындық іздейді. Өз ұғымында сал қатындар арасында «Әйгерім сал» Әйгерім бар екенін, 
әдейі алдынан шығып, күтіп алған келіншектер екенін күліп айтуы да, «Әйгерім сал» деп 
даралауы да Абайдың қытығына тию емес, Әйгерімнің әншілік, өнерпаздығын көрсету 
мағынасында. Әйгерімнің әншілік қабілетін бағалаудан бөлек, мінез-қылығының 
әдемілігін, жан сұлулығын, көркінің әсемділігін әрі киімнің де сәнді де сымбаттылығын 
ерекшелеуден туған ықыласты ой. 
47 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
«Біржанның әнін жұрттың бәрінің құмарта тыңдауының сыры бар. Өйткені ол жастық 
жалынын сүйіспеншілік сезімін ғана емес, халықтың азаттық аңсаған арманын да 
жырлайды. Автор Біржан әнінің осы қасиетін де аша кетеді» дейді белгілі әдебиеттанушы 
А. Нұрқатов [ 3. 105.]. Біржанның Абай ауылына, Семей жеріне келуі романда халықтың 
ұлан асыр қуанышына айналған мереке тәрізденеді. Өйткені, әйгілі әнші композитордың 
әніне, сәніне сүйсінген жұрт, оның алдында өнер көрсетуді айрықша бір бақыт санайды. 
Әсіресе жастардың жан-жүрегі жарасым тауып, асыға бас қосуы да әсерлі, әдемі ән 
тыңдаудан бөлек, елдік елеулі мәселелердің ортаға салынып ойға қозғау салатындығын 
сезіну. Сал-серілердің атын естіп, өзің көрмеген көпшілік үшін бір таңданыс сезімін 
туғызып қана қоймай, өнердің өркен жайған өнегесін бойға дарытуға деген құлшынысқа 
да қызу леп береді. 
Ән өнерінің кереметтілігі, құдіреттілігі эпопеяда әр қырынан, адамның жандүниесі мен 
сезімінің сиқырлар қуатты күші ғана емес, адамгершіліктің асыл қасиеттерін 
таныстырушы ерекше бір керемет ретінде бейнеленеді. 
Әдебиеттер: 
1.
Әуезов М. Абай жолы: роман-эпопея. Бірінші кітап. Абай. Алматы: Жазушы, 2003 - 
368 б. 
2.
Әуезов М. Абай жолы: роман-эпопея. Екінші кітап Абай – Алматы; Жазушы, 2003- 
432 б. 
3.
Нұрқатов А.Жалғасқан дәстүр. Зерттеулер мақалалар. Шығармалар жинағы. ІV т. 
Ел өмірінің айнасы, 94-251 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет