деген кісілер болады екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік
соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен
жүре береді екен. Ол ел басы мен топ басылары калай қылса, калай
бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден бірге жүргізбек болмайды екен. «Қой
асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой», «Бас-басыңа би болса,
манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің»
деп
мақал айтып, тілеу қылып, екі тізгін,
бір шылбырды бердік саған,
берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп,
жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны
зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз
бауыры, бәрі өз малы болған соң, шыныменен
жетесінде жоқ болмаса,
солардың қамын жемей қайтеді?
Екінші мінезі - намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған
жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен.
«Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады» деп, «Аз
араздықты қуған көп
пайдасын кетірер» деп, «Ағайынның азары болса да, безері болмайды»,
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді»
десіп, «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» десіп.
Кәнеки, енді осы екі мінез қайда бар? Бұлар да арлылық, намыстылық,
табандылықтан келеді. Бұлардан айырылдық. Ендігілердің достығы - пейіл
емес, алдау, дұшпандығы - кейіс емес, не күндестік, не
тыныш отыра
алмағандық.
1897
Достарыңызбен бөлісу: