Абай Құнанбайұлы Қара сөздер б ірінші сөЗ



Pdf көрінісі
бет25/33
Дата16.03.2023
өлшемі233,61 Kb.
#74833
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Байланысты:
Абайдың қара сөздері

О
ТЫЗ БЕСІНШІ СӨЗ
 
 
Махшарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - 
соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ 
үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, 
шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола, бір ғана құдай 
тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек қояр дейді.
Дүние үшін болғандарға айтар дейді: «Сендер дүниеде қажеке, 
молдеке, сопеке, мырзеке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол 
дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең харап болған, сонымен 
қылған өнерлерің де бітті. Енді мұнда құрмет алмақ түгіл, сұрау беріңдер! 
Мал бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарыңды, өмірлеріңді, бетіңе 


ахиретті ұстап, дін ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып 
қылдыңдар?» деп.
Ана шын ниетіменен орнын тауып, бір құдайдың разылығы үшін өнер 
қылғандарға айтар дейді: «Сендер бір ғана менің разылығымды іздеп 
малдарыңды, өмірлеріңді сарып қылып едіңдер, мен разы болдым. 
Сіздерге лайықты құрметті орным бар, дайын, кіріңдер! Һәм ол 
разылықтарыңнан басқа осы махшар ішінде, сендердің осы қылғаныңа өзі 
қылмаса да, іші еріп, ынтық болған достарың табылса, шафағат 
қылыңдар!» - деп айтар дейді. 
1896
О
ТЫЗ АЛТЫНШЫ СӨЗ
 
 
Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде 
айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ 
болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: 
«ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді: ұят өзі 
иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай 
нәрсе? Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған 
секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан 
ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, 


надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен 
ұялған мұндай ұят шын ұялу емес - ақымақтық, жамандық.
Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы 
бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі - 
ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, 
сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды 
есіркегендіктен болады. «Япырым-ай, мына байғұсқа не болады, енді 
мұның өзі не болады» дегендей, бір нәрсе іштен рахым секілді болып 
келіп, өзіңді қысып, қызартып кетеді. Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я 
ақылға, я абиұрлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки 
нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады. Мұндай 
ұят қылық қылғандығыңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз нысабың 
өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіңе жаза тарттырады. Кірерге жер таба 
алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты 
күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін-өзі 
өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген - адамның өз бойындағы 
адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның 
аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзіңнің 
жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. 
Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, ешнәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп 
ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай 
өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар.
Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да. «Ол 
істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?» дейді. Я болмаса «Жә, 
жә, оған мен-ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтіп пе едің?» дейді. Немесе 
«пәленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пәлен қылған, түген қылған, менікі 
оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емес пе еді?» деп, 
ұялтамын десең, жап-жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған 
кісі дейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? Ұялған десек, хадис анау, 
жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, 
жоқ дейміз бе?!
1896


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет