Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы


Тәжірибеміздің 2 күні сағ 8.00де бөлімшеге колпак,маска киіп келдік



бет2/4
Дата21.06.2023
өлшемі26,98 Kb.
#102776
1   2   3   4
15.05

Тәжірибеміздің 2 күні сағ 8.00де бөлімшеге колпак,маска киіп келдік.Аға мейірбикеге белгілендік бүгінгі жұмысты орап таңу бөлімінде бастадым.
Орап таңу кабинетіне кіріп мейірбикемен амандасып таныстым жұмыс барысымен таныстырды қолымды гигиеналық деңгейде жуып алдым.Мейірбикеге көмектестім жұмыс барысында.Бүгін стерильді киімді киюмен таныстырды.

Стерильді киім кию.


1.Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.
2.Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.
3.Биксті басқыштың көмегімен ашып, оның стерильдік индикаторын алып, күйін бағалаңыз.
4.Бикстен халатты жағасынан сол қолмен алып, созылыңқы қолмен айналасындағы заттарға тигізбей жазыңыз, оң қолыңыздан киіңіз.
5.Кейін жағасын оң қолмен ұстап сол қолдан киіңіз.
6.Екі қолды кеуде тұсына созып, жеңдерін бекітіңіз.
7.Халаттын артқы жоғарғы бауларын бекітіңіз.
8.Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см арақашықтықта ұстаңыз, ұштарын көмекшіге беріңіз.
9.Қалтадан стерильді масканы шығарып, бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.
Ескерту: залалсыздандырылған халат қолды хирургиялық әдіспен өңдегеннен кейін киіледі.
Тәжірибе уақыты аяқталып сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.









16.05

Бүгін өндірістік тәжірибенің 3 күні сағ 8.00 аға мейірбикеге белгіленіп орап таңу бөлмесіне бардым. Қолымды гигиеналық деңгейде өңдеп алдым.Орап таңу бөлмесіне текущая уборка жасадым ДИХЛОРИН 0,0075% 60 мин 0.5т 10л суға ерітіндімен жүргіздік. Бүгін бізге стерильді үстелді қалай дайындау керектігін үйретті.
Стерильді үстелді жабдықтау:
бикс,стерильді перчатка,стерильді пинцет,столды өңдеуге арналған дез.ерітінді және ветошь,цапка,яғни қысқыштар.



  • Қолымды гигиеналық деңгейде өңдеп антисептик септім және стерильді қолғап кидім

  • Стерильді стол үстін ветошьпен алдын ала 2 рет тағайындалған ерітіндімен өңдедім(менің жағдайымда ол-Амиксидин 0,5% ертіндісі)және ол кепкенше келесі әркетті орындадым.

  • Сыртқы түрі бойынша бикстың маркасын және стерильділігін тексердім

  • Мейіргер көмегімен биксты аштым. Стерильділік индикаторларын алып тексердім

  • Бикстың жиектерін жаба отырып матаны ашып,биксқа салынған жапқышты алдым

  • Жапқышты екі қабатқа бүгіп,столға қойдым

  • Бикстан екінші жапқышты алдым да жапқышты екіге бүктеп бірінші жапқыштың үстіне тастадым(жапқыштың жиектері барлық жағынан 30 см столдан түсіп тұру керек)

  • Беткей жапқышты «гармошка» түрінде салу (ішкі жағының соңғы қабаты-сыртқа қараған)

  • Инструменттерді стерильді пинцетпен алып стерильді столға қойдым

  • Үстіңгі жапқыштың соңдарына қысқыштар ілдім және жапқыштың жиектері барлық жағынан 30 см столдан түсіп тұратындай етіп орналастырдым




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет