Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы


Таза таңу кабинетінің жұмысы



бет3/4
Дата21.06.2023
өлшемі26,98 Kb.
#102776
1   2   3   4
Байланысты:
хирургия кулпаш кунделік

Таза таңу кабинетінің жұмысы:



  • Ағымды тазалау жүргізу жұмыс орныма және бактерицидті шамды қосу

  • Қолды гигиеналық өңдеп,стерильді перчатка кию

  • Стерильді үстелді жабдықтау

  • Таза жараны таңу үшін құралдарды дайындау

  • Іріңді жараны таңу үшін құралдарды дайындау

  • Алғашқы хирургиялық өңдеу үшін құралдарды дайындау

  • Плевра қуысын пункциялау үшін құралдарды дайындау және дәрігерге көмектесу

  • Тігіс материалын алу үшін құралдарды жинастыру

  • Таңғыш салу

  • Шиналарды салу

  • Гипс таңғыштарды салуға жәрдемдесу

Жергілікті анестезияны жүргізу үшін құралдарды жинастыру









17.05

Бүгін өндірістік тәжірибенің 4 күні сағат 8.00де бөлімшеге келіп аға мейірбикеге белгіленіп перевязка бөлмесіне бардым. Колпак, маска киіп қолымды гигиеналық деңгейде өңдеп қолғап киіп медбикеге көмектестім. Ылғалды сүртіп тазалау жүргіздік.
Бүгін тәжірибенің 4 күні, үйреніп көргенім,
Гипс салу.
Іс әрекет алгоритмі:
Емдік иммобилизацияны қолдану үшін,гипстен жасалған қатты байламдар қолданылады.Гипстен бекітуге арналған кез келген дене бөлігін бекіуге арналған байлам салуға болады.Байламдарды дайындау үшін құрғақ гипс қолданылады,ұн тәрізді консистенциялы.
Гипстік байлам салардың алдында гипстің жарамдылығын тексеру керек.
Алақанға,гипс ұнтағын алып,жұдырықтап ұстаныз.Егер гипс құрғақ болса саусақ арасынан өтіп құйылады.Егер дымқыл болса,түйін пайда болады.Судың бір бөлігін,гипстің 2 бөлігін араластырып ,лотокқа құйып ,қадағалаңыз.Гипс 6-7 минут ішінде суу керек.Пайда болған пластина басқан кезде ұнтақталмау керек.
Сумен араласқан гипс шіріген жұмыртқаның иісіндей болмау керек.
Гипсті сумен араластырып ,пайда болған массадан,шарик жасау керек.Егер гипс жақсы сапалы болса,5-8 минуттан кейін кебеді,лақтырған кезде металл дыбысын шығарады,және сынбайды.
Тәжірибе уақыты аяқталып, сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.









18.05

Бүгін тәжірибенің 5 күні, үйреніп көргенім,
Іріңді жараны таңу.
Іс әрекет алгоритмі:
Науқаспен сенімді қарым қатынас құру. Манипуляцияның мәнін түсндіру. Рұқсатын алу.
Резенкелі қолғап кию.Жарадан пинцетпен жалпақ резинкелі дренажды алып тастау.
Жара аймағын 3% сутегі асқын тотығына суланған дәкемен пинцетпен сүрту пинцеттегі салфеткамен жара айналасын құрғату. Жара аймағын 1% йодоната ерітіндісімен өңдеу.
Жараны кеңейткіш арқылы жараны қарау.
Жараның ішін 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен шприц және басы жуан инемен шаю, пинцетке бекіген дәкемен жараның ішін құрғату.
Барлық қолданылған құралдарды дәкемен пинцетті лотокқа тастау
Жара аймағындағы тінді пинцетке бекіген дәкемен 1% йодонат ерітіндісімен өңдеу.
Жараға пинцет және зондтың көмегімен резенкелі жалпақ дренаж енгізу.
Антисептикалық ерітіндіге суланған дәкені пинцетпен жара үстіне қою. Дәкені жұмсақ таңғышпен таңу.
Қолданылған құралдарды және таңу материалдарын дез ерітінділерге салу. Қолғапты шешу
Тәжірибе уақыты аяқталып сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.







19.05


Бүгін тәжірибенің 6 күні, бүгін орап таңу бөлмесіндемін, үйреніп көргенім Дезо таңғышын салу
Науқастың қолтық асты ойығына тальк себу және мақта дәкелік жастықша салу
Науқастан шынтақ буында білекті 90 º - қа бүгуді сұраймыз ( жарақаттанған аймаққа байланысты)
Дәкенің оралған орамын оң қолымызға, ал дәкенің бастапқы бөлігін сол қолымызда ұстауымыз қажет (егер сол жақ бөлігі жарақаттанса, дәкені керісінше ұстаймыз.
Таңуды сау қолтық астынан бастап, қарды денесіне бекітеміз. Дәкені айналдыра таңғышты таңып байлаймыз. І-ІІ- ші айналым - бекіту жолы деп аталады.
Сау қолтық астынан кеуденің алдыңғы аймағынан жоғары қарай жарақаттан-ған иыққа дәкенің ІІ – ші айналымын жүргізу.
Дәкені жарақаттанған иықтың артқы жағымен төмен түсіріп, шынтақ буыны астынан білекті айналдыра орап, білезік буынын бекітеміз.
ІҮ айналым жолы -сау қолтық астынан арқа бойымен қиғаш, жарақаттанған иыққа қарай бағытталады.
Иық толық бекітілгенше дәкенің орамы қайталанып, дәкенің ұштарын бір- біріне таңып байлаймыз немесе түйреуішпен бекітеміз.
Тәжірибе уақыты аяқталып сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет