Абай облысының құрамында ширек ғасырдан соң қайта құрылған Ақсуат ауданы, Сәтбаев ауылында 200-ден аса шабандоз қатысқан республикалық деңгейде жаппай көкпар сайысы өтті
Абай облысының құрамында ширек ғасырдан соң қайта құрылған Ақсуат ауданы, Сәтбаев ауылында 200-ден аса шабандоз қатысқан республикалық деңгейде жаппай көкпар сайысы өтті.
Сайысқа Ақсуат ауданының ауылдарынан және Тарбағатай, Көкпекті, Самар, Ұлан, Аякөз аудандарынан, Алматы, Семей, Өскемен қалаларынан көкпаршылар келді.
Тартысты өткен сайыс қорытындысында 1- ші салым салған Ұлан ауданы көкпаршыларына 1-тай және 100 мың теңге, 2 -ші салым салған Сатбаев ауылы көкпаршыларына 2 қой , 3-ші салым салған Тарбағатайдың Шорға ауылы көкпаршыларына 1 қой және 100 мың теңге , 4-ші Көкжыра ауылы көкпаршыларына 1 қой , 100 мың теңге, 5-ші Сатбаев ауылы көкпаршыларына тайынша, 6 -шы Құмкөл ауылы көкпаршыларына 100 мың теңге , 7 -ші бас салым "Өгіз өлді " Сатбаев ауылы көкпаршыларына автокөлік берілді.
Бүггнгі күні аумағымыздағы ұлттық спорт әлеуетті даму үстінде, оған дәлеле ауданымызда өтіп жатқан Көкпар жарысы. Ұлттық спорт ойыны бұл біздің рухани байлығымыз. Ұлттық спорттың дамуы, рухани байлығымыздың дамығаны деп білеміз.