Әлихан Бөкейхановтың саяси және рухани-дүниетанымдық көзқарастары мен ұстанымдары. Ә.Бөкейханов жетекшілік еткен «Алаш» партиясы мен Алаш автономиясы Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық мемлекет құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық тұтастық жән халықтық бірлік принциптеріне сүйенді. Бұл принциптер большевиктер мен Кеңес өкіметінің ұлттық мемлекет құрудағы принциптеріне қарсы болды. Сондықтан алаштықтар Қазан революциясын, Кеңес өкіметін қолдамады, қарсы шықты. «Алаш» партиясы бағдарламасының «Мемлекет қалпы» деп аталатын І-тарауында былай де жазылды: «Россия демократическая, федеративная республика болу.Үкімет басында учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша келісімді жылға сайланатын Президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауаптар болу. Депутаттар тегіс, тең тете, һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хақында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болады. Законды жалғыз ғана Г.Дума шығаруы һәм Г.Дума үкімет үстінен қарап, іс тексеруі, запрос (сұрау) жасаухұқы да Г.Думада болады. Мемлекет салығы Г.Думада салынбау» [2].Ә.Бөкейханов өзінің «Мен Кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласында Кадет партиясының жерді жеке меншікке беру мәселесі, ұлттық автономияны қолдамайтындық көзқарастарымен келіспейтіндіктен шыққандығын айтады.Таптық жіктелу мен пролетариат диктатурасына сүйенген Кеңес өкіметінің халыққа бостандық пен еркіндік әпермейтіндігін, ұлттық мемлекет құрмайтындығын, 13еркіндік, теңдік, бостандық, әділеттілік туралы Кеңес өкіметінің айтқандарының даурықпа сөз екендігін алаш зиялылары дер кезінде байқап, ондай өкіметті қолдамады, қарсы шықты. Ондай өкіметке Алаш зиялылары ұлттық тұтастық пен халықтың бірлік принципін қарсы қойды.Отарлық езгіндегі қазақ сияқты халыққа ол кезде таптық жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу дұрыс екендігін Алаш жетекшілері түсінді. Ә.Бөкейханов: «Біз қарап отырсақ, қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ, болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың баласы, ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң 200 жылда, басына бір қиын іс келді. Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздықты қой, бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!» деп бірігуге ұлттық тұтастыққа шақырды [2Алаш зиялыларының «Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» автономиясындағы жұмыстары осы ұлттық бірлік пен тұтастыққа жетуге, ұлттық мемлекет құруға бағытталған.Қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресте сіңірген зор еңбегі үшін Ә.Бөкейхановты «Алаштың Әлиханы» де еркелете атады.Ә.Бөкейхановтың ұлттық мемлекетті құру жөніндегі көзқарасы мынандай ұстанымдарға сүйенеді: бірінші ұстанымы - Алаш ұлттық демократиялық болуы керек. Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі қажет;екінші ұстанымы - Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі керек; үшінші ұстанымы - қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып, киіліуі керек;төртінші ұстанымы - қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитет! өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек;бесінші ұстанымы - ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құру.