Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билердің алатын орны мен әлеуметтік маңызы, олар дәріптеген әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар



бет22/59
Дата22.07.2023
өлшемі452,68 Kb.
#104640
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың Ð

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билердің алатын орны мен әлеуметтік маңызы, олар дәріптеген әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы, саяси билік формасы, құқықтық мәдениетінің даму үдерісі ертеден бастау алады. Қазақ- стан территориясында көне дәуірде өмір сүрген тайпалардың және табиғи-дәстүрлі кезеңдегі қоғамдық қатынастар мен құқықтық жүйесінің сипаты қазақ қоғамының өзіне тән құқықтық негіздерінің қалыптасуына ықпалын тигізді. Қазақ құқығының тарихи бастауларын, ең алдымен дағдылы құқық немесе әдет-ғұрып нормалары құрайды. Екінші кезеңде - қазақ әдеттік-құқықтық қатынастарына ықпал жасаған шариғат заңдары. Үшінші - кезең қазақ даласында билік құрған жеке билеу- шілердің құқықтық заң ережелері, «хан жарлықтары». Төртінші кезеңді қалыптасқан дәстүрлі қазақ қоғамының заң шығармашы- лығымен айналысқан билер институты құрайды. Қазақтың құқықтық жүйесін құрайтын дағдылы ережелер алғашқы адамзат қоғамының қалыптасуымен қатар жүрді. Қоғам- дық қатынастардың күрделенуі әдеттегі нормалардың құқықтық негізде сипат алуына әсер етті. Алғашқы құқықтық қатынастардың пайда болуы әлеуметтік үдерістің жемісі болды. Көшпелі қоғам жағдайында рулық қатынастардың үзілмей сақталуында, көшпелі мал шаруашылығындағы қатынастарды реттеуде әдет-ғұрып құқы- ғы тиімді жол болып табылды. Қоғамдағы сұранысқа ие ереже- лердің қалыптасуы үшін оның ішкі саяси құрылыммен, шаруашы- лықпен және рухани мәдениетпен ұштасып жатуы қажет болды. Осы ережелер қоғамның өз ішінде пайда болып, оның іске асуын қадағалау нәтижесінде ру мүшелерінің міндеттері мен құқықтары қалыптасты. Құқықтық жүйенің пайда болуына әлеуметтік және табиғи орта барынша ықпал етті. Осыған орай әр қоғамның өзіне сай құқықтық тәртібі мен меншік құқығы енді. Көшпелі қоғамдағы рулық қатынастың беріктігі индивидтік құқықтың қалыптасуына тосқауыл болды. Қоғамдағы жеке индивидтің іс-әрекеті рулық құқық негізінде қарастырылды. Құқықтық қатынастардың күрде- ленуіне төтенше жағдайлар да әсер етті. Сыртқы жаудан қорғану мақсатында рудың әр мүшесі жауынгер болды, ал ерекше қабілеті бар ру мүшесіне басқару құқығы берілді. Бейбіт өмірде құқықтық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделді. Бұл құқық отбасы, шаруашылық, қылмыстық істерді қамтыды. Көптеген зерттеулерде халықтардың дәстүрлі құқықпен қатар халықаралық, сауда құқығының болуын ол халықтың мемлекеттік құрылыс деңгейіне көтерілгендігінің айғағы ретінде қарастырылады. Әдеттегі құқық индивидті рулық құқықтан тыс қарау мүмкін еместігін анықтайды. Сондықтан әдет-ғұрып құқығы негізінде азаматтық, қылмыстық, шаруашылық тағы басқа құқық жүйелері туындады. Әдеттегі құқық көшпелі қоғамдағы мемлекеттіліктің тетіктерінің қалыптасуына жағдай жасады. Қазақ құқығының тарихи бастауы болып табы- латын ру ішінде қалыптасқан әдеттік-құқық ғасырлар бойы мазмұнын өзгертіп, негізгі мәнін сақтап қалды. Қазақтың әдеттегі құқық негіздерінің тарихи бастаулары өте ертедегі қоғамдық қатынастардың қалыптасу кезеңдерінде жатыр. Сабақтастық қай кезде де үзілмеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет