Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мәнді сөздері»



бет53/59
Дата22.07.2023
өлшемі452,68 Kb.
#104640
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың Ð

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мәнді сөздері». Мен жетпіс екі жасқа келгенше өмірде болатын неше алуан қилы оқиғаларға, түрлі жамандық, жақсылыққа кездесіп, солардың көпшілігін, керекті - керексіздерін өзім де істеп, басымнан өткізгендерім көп. «Алдыңда өнегелі көрерің болсын» дегендей, алдымда Абай марқұм болған соң, содан ғибрат алып, «мен де адамдықтың, адалдықтың жолын қуғаным жөн» деп, басымды шытырман шатақтан ерте босатып алып, білім жолына түстім. Негізгі алған білімім болмаса да, өз бетіммен ізденіп, өткен жазуш ы -ғалымдардың жазғандарын оқып, ойларымен танысып, білгендерден сұрап, өз ойымнан құрап, түрлі әңгімелер жазып, барлық өмірімді жазумен өткіздім. Елу жасқа тақаған соң, оңашада жатып, басқа келген ойлардың барлығын қағазға түсіріп кеттім. Мен солардың бәрін өз мақтаным үшін жазғамын жоқ, мақтан үшін жазылған, айтылған сөздің құны болмайтынын жақсы білемін. Кейінгілер жарағаннан үлгі алып, өнеге үйренсін дедім. Міне, жетпістен астым, ойым тозбағанмен, денем тозды. Тозған денем ойыма орын болудан қалып барады. Мен оған қарамай әлі де келген ойды жаза бермекпін. Бұл айтқалы отырған ойымды жекелеп, сұрыптап жазбағаныммен, бұрынғы жазғандарымда кездесіп отырады. Бұл тараудағы ойды басынан аяғына дейін түгел жазып, бәрін талдап, қорытып шығуға бір адамның өмірі керек. Ендігі менің қалған өмірімнің жетпейтіні анық. Дегенмен, сол ойымды қысқаша алдарыңа тартпақпын. Бұл ойым — басқа келген қиял. Бірақ болмаған іс, құрғақ қысыр кеңес, жай қиял дейтін бір ауру бар. Бұл аурудан құтылу керек. Неге десеңіз, барлық ғылымның өзі қиялдан, ойлаудан туған.


Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақтың ұлттық тарихи санасын қалыптастырудағы еңбегі («Түрік, қырғыз-қазақ һәм ханлар шежіресі»). Шәкәрім кітабінің алғы сөзінде: «Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан бері сол туралы естіген, білгенімді жазып алып және әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым. Оқыған кітаптарымның мұсылманшасы: «Тәбіри», «Тарих ғу-муми», «Тарих антшар аласлам», Нәжиб Ғасымбектің түрік тарихы, Әбілғазы Баһадүр ханның жазған «Шежіре түрік» және әр түрлі кітаптардан алынған сөздер, орысша кітаптан оқығаным – Радловтың ұйғыр туралы, Аристовтың түрік нәсілі туралы, дүниедегі әр түрлі жұрттың шежірелерінен орысшаға көшірген сөздері, оның ішінде түріктің ең ескі замандағы шежіре кітаптары «Құдатқу білік», «Кошочи-дам» деген кітаптардың сөздері және кытайдың Юән-шау-Ми-ши деген жазушысының сөзі және араб-парсы, рум-европа жазушыларының сөзі және казақтаң жаңылыс айтқан өтірік аталары – бәрі сол кітапта бар. Ол кітаптардағы сөздерді түгел жаза алмасам да, керектісін теріп алып, соған тура келген қазақтың ескі сөздерін қосып, бір шежіре жаздым» деп, Шәкәрім қажы айтулы еңбектің дайындалу барысынан біраз мағлұмат береді. Нысанаға алған туындыларды зерделеп, қазақ тарихында бұрын-соңды болмаған, ғылыми негізделген жұмысты жұрттың қолына тигізу уақыт жағынан да үлкен мерзімді қамтылған. 19 жасар Шәкәрім аталмыш еңбекті еңсеруге 20-30 жылын арнағанға ұқсайды. «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресінің» 1911 жылы Орынборда жарық көргенін ескерсек, қажы бұл кезде 51 жаста. Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің осы еңбегін аяқтауға қатысты:_Бір алла бергеніңе сансыз шүкір,_Қалған жоқ залал болып қылған пікір._Бітірдім түрік, қазақ шежіресін,_Болса да кемшілікті, қисық-бүкір, – депті. Бұл жерде Шәкәрімнің «Болса да кемшілікті, қисық-бүкір» дегенін тура мағынасында емес, автордың әлі де ізденіп, толықтыруға одан ары мүмкіндіктің болмағанын жеткізіп тұр деп қабылдауымыз қажет.Өзі солай десе де Шәкәрім қажының бұл шежіресі тарих таразысы мен уақыт сынына жауап бере алатын құжаттық еңбек. Сонысымен де еліміздің тарихы мен руханиятындағы орыны ерекше. Кезінде Алаш арыстары да өздерінің нақты бағасын беріп кеткен. Мәселен, Әлихан Бөкейхан: – «Ешқашан қазақтардың шыққан тегі жайлы қазақ тілінде кітап болып шыққан емес. Шәкәрімнің бұл кітабының пайдасы – қазақтардың шығу тегі бойынша өз аталарын білгісі келгендер осы кітаптан табады. Егер кімде-кім ата-бабаларының шежіресі жайлы жазғысы келсе алдымен Шәкәрімнің еңбегін оқып алуы қажет» десе, Жүсіпбек Аймауытов: – «Қадірлі Шәкәрім «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресін» терең оқып, ойлап және салыстырып барып, жазғанда өте жауапкершілікпен қарады. Осыған байланысты оны қазақтың «Карамзині» десем, артық айтпаған болармын. Түркілердің тарихымен танысқысы келгендер бұл кітапты оқымай кете алмайды» деп жазған. Ендігі кезекте осы еңбектің «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» деп аталуының себептеріне тоқталып көрсек. Сол замандарда қазақтың шығу тегіне, елдік құрылымына қатысты сырттан таңылған түрлі пікірлердің белең алуы ұлт ойшылдарын ойландырмай қоймаған. Бірінші кезекте қазақтың арғы тегін арабқа жақындату, екінші кезекте қазақты «қырғыз» деп атау үрдісі белең алғаны тарихтан мәлім. Ұлы даламызды кезген саналуан саяхатшылар мен дін миссионерлері тарапынан да елді екіұдай күй кештірген үгіттер аз болмаған. Осы және өзге де жымысқы жайттардан туындаған ала-құла түсініктер қазақ қоғамының ішін ыдыратуға ықпал ететін қауып екені мәлім бола бастаған. Сол тұрғыдан келгенде Шәкәрім шежіресінің атауы қазақтың кім және қайдан шыққан деушілерге толыққанды жауап ретінде қарастырылғандай. Шежіре атауының нақтылығы түп-төркінімізге қатысты өзгенің де, өзіміздің де ұғымымызды бір ізге түсіріп берді. Яғни, түбіміз – түрік, затымыз қырғыз емес қазақ һәм хандар құрылымында болған елміз. Хандар шежіресін бірге таратудағы мақсат – қазақ көк түріктерден бері кең байтақ даланы билеп келе жатқан хандықтар құрамындағы ұлыстар екенін паш ету деп белген жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет