Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіндегі жан мен тән, ар-ождан жайлы таным-түсініктер



бет55/59
Дата22.07.2023
өлшемі452,68 Kb.
#104640
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың Ð

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегіндегі жан мен тән, ар-ождан жайлы таным-түсініктер. Қара сөзбен жазған «Үш анық» толымды, мағынасы терең шығарма. Қазақ ғылымында мұндай шығарма Шәкәрімге дейін жазылмаған. Әрине, есімізге хакім Абайдың қара сөздері, әсіресе отыз сегізінші сөзі оралады. Шәкәрімнің «Үш анығының» ерекшелігі, ол өзі ғұмыр кешіп отырған замандағы ғылымның, техниканың, философияның, діни, өзге де қоғамдық ғылымға қатысты ілім, теория, жаңалық деректерді және иррационалдық: спиритизм, телепатия, т.б. сол кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты қаптаған ақпараттарды талқыға салған. Осылардың анық-қанығына толыққанды шолу жасаған. Шәкәрім «Үш анықта» саясат жағына бармай-ақ анықтың ғылымдық, дүниетанымдық, философиялық мәселелеріне талдау жасаған. Шәкәрім ғылымға арқа сүйеген. Ол заманда атом бөлініп, ғылым, техника жаңалықтары қауырт шыға бастаған кез. Нарық және нарықтық қатынастар өріс ала бастаған. Нарыққа ғылыми жаңалық, технология қажет. Яғни, ойлау жүйесі де нарыққа сай болуы – табиғи үйлесімдік. Осы халге орай, Батыс Еуропада позитивистік идеялар өріс ала бастады. Қазақшалап айтсақ, олар анық идеялар, бірақ дүниетанымдық, философиялық жағы қалай болмақ дегенге Шәкәрім жауап іздеп, анық деген тек физикалық нәрселер емес, анық деген ой анығы деген. Огюст Конттың позитивизмі (анығы) Шәкәрім, сау ақылына келмейтін, сыймайтын жай екен. Бірінші анық Жаратушы білімі. Шәкәрім мәселені мұнымен аяқтамайды. Ол Жаратылыстың мазмұны туралы айтқан. Егер себепсіз бар болған Атом немесе Нұр десек, олар қозғалыста. Ал қозғалыстың өлшеулері бар. Осы ойды ноқталап Шәкәрім: «Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес», дейді. Ол қозғалыстың абсолюттігін айтып отыр. Қозғалыстың себебі – себепсіз себепте, яғни түп Жаратушыда. Ал ол түп себеп өлшене ме? «Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес», дейді Шәкәрім. Олай болса, өлшеусіз нәрсенің бар болғанын қалай білмекпіз. Өлшеусіз нәрсені ғылымда абсолют дейді. Түп себептің өлшеуі жоқ. Ол Жаратушы білімі. Жаратушының өзі де абсолют, Жаратушының білімі де абсолют. Хакім Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегеніндей. Жаратушы абсолют – онтология. Жаратушы білімі де абсолют (гносеология). Шартты түрде осылай бейнелеуге болады. Негізінде Жаратушы да, оның білімі де – тұтас абсолют. Жаратушы білімнің себебі өзінде, ол еш нәрсемен өлшенбейді, құпия, сыр. Алла тағала – абсолют. Негізінде «тағала» деген абсолют деген мағына береді. Шәкәрім Абсолютті өлшенбейтін, өлшеуі жоқ нәрсе деген. Шәкәрім бірінші анық Абсолют – Жаратушы дегенмен ойын аяқтамаған. Ол Абсолютті – субстанция десе, оның акциденцияларын атап өткен, олар: өлшеусіз Құдірет оны ғылым тілінде – онтология деуге болар; Өлшеусіз білім (Алла тағала білімі бізге беймәлім), оны ғылым тілінде гносеология деңіз.Өлшеусіз шеберлік, оны ғылым тілінде гармония деңіз. Хакім Абайдың «Безендірген жер жүзін Тәңірім шебер» дегені осы жағдайға саяды. Қорыта айтсақ, бірінші анық – Абсолют. Жаратушы (Алла тағала). Абсолютті – субстанция десек, оның акциденциялары: – өлшеусіз құдірет; – өлшеусіз білім; – өлшеусіз шеберлік; Демек, бірінші анық Жаратушының білімі, құдіреті, шеберлігі. Бұл үшеуінің өлшеуі жоқ, олар Абсолюттің акциденциялары. Екінші анық Жан туралы. Адамзат тарихында жан мәселесімен айналыспаған, пікір айтпаған ғұлама жоқ. Жан туралы айтылған, жазылғандарда есеп жоқ. Шәкәрім жанды былайша түсіндірген. Әуелі бар болған жан ешқайда жоғалып кетпек емес, ол барлықтың ішінде жүре бермек. Жан әр түрге түсуі мүмкін, бірақ жоғалмайды. Мысалы, дейді ол: «Инстинкт – сезімді жан, сознание – аңғарлық жан. Мысль – ойлайтын жан, ум – ақылды жан дегендей әртүрлі қасиеттері болады». Ойланайық. Шәкәрім алдымен Жанды денеге қатысты айтты. Жарайды. Келістік. Бірақ бұл өте үлкен даулы мәселе екенін ескерте кетелік. Бұдан әрі Шәкәрім Жанды ақылмен қоса өрбіте баяндап, пікір айтуда. Ол кісі жанның нәпсіге қатысты жағын айтпаған. Ол мәселені, әзірше қоя тұралық. Сезімтал жан – инстинкт. Бұған талас жоқ. Ол адамға дейінгі (тіптен, кейде адам баласына да қатысты – Ғ.Е.) жандылар әлеміне тікелей қатысты жағдай. Шәкәрім «сознание» дейді, оны біз «сана» дейміз, оның Жанға қатысы күрделі. Сана – жан туралы түсінік, сонымен бірге жанның құпиясын жабушы. Мен солай ойлаймын. Саналы жан түсінеді, бірақ, шын мәнінде, бәрін санаға салса, айнала дүние – тұйық түсініксіз, әншейін құмырсқа – тіршілік. Келесіні Шәкәрім «Мысль» дейді, ол ой, ойлау. Ойлаушы жан азап әлемінің есігін ашушы. Ой, ойлау әлем құпиясына саяхат. Нағыз азапты жан. Себебі бәрі түсініксіз, бәрі құпия. Содан үміт, қиял, армандар өсіп-өніп шыққан. Ойшылдық «ум» – ақылды жан дегені Жанның адамға қызметі. Шәкәрім: «толық, терең ақыл адамнан шығады. Бірақ сол адам да табиғаттан шебер емес». Тамаша ой! Шәкәрім жанның мәңгілігі деген мәселені өлімге қатысты түсіндіріп көрген. Тыңдайық, ол кісі не деген екен. «Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу – ақыл ісі ме? Бір адам жанының өлген соң да жоғалмай, мұнан таза, жоғары болатынын ақылымен қабылдап нанса және бір адам жан өлген соң біржолата жоғалады деп таныса, осы екеуі өлерде есі дұрыс болып, өлерін біліп өлсе, екеуі не жаймен өледі? Әрине жанның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып, біржола жоғалдым-ау деп өлсе керек». Жан мәңгілігін қабыл алмағандар дүниеден аса бір қиналыспен өтеді. Жанның мәңгілігі деген иман мәселесіне тірелді. Осыдан әрі Шәкәрім үшінші аныққа ауысады. Үшінші анық Шәкәрім пайымдауынша, жанның екі өмірдегі азығы ұждан-совесть. Күрделі мәселе. Шәкәрімді тыңдалық, ол «Адамдығы нысап, әділет, мейірім үшеуін қосып айтқанда, мұсылманша ұждан, орысша совесть бар». Ұждан араб сөзі, ол мұсылмандық түсінік. Оның құрылымы ақын айтуынша нысап (қанағат деуге болады – Ғ.Е.), әділет, мейірім. Негізінде бұл жердегі басты ұғым – әділет, қалған екеуі оны айқындаушалыр. Абай да, Шәкәрімнің өздері де ар деген ұғым қолданады. Ар білімі дегенді Шәкәрім айтқан деп жүрміз. Ұждан деген мұсылмандық түсінік. Ар білімі дегенде ұждан, нысап, әділет, мейірім дегендер Ар білімі құрылымдары. Шәкәрім ілгеріде өзі айтып жүрген Ардың орнына неге Ұжданды айтты десек, сірә, ол араб тіліндегі оқыған көп кітаптарының ықпалы болса керек.Сондықтан үшінші анықты жанның екі дүниеге азығы болатын Ар білімі десек, артық емес. Мұқият оқыған адам «Үш анықта» ар білімі туралы айтылып отырғаны белгілі болмақ. Бірінші анық Алла тағаланың алғашқы білімі (Алла тағала білімі – Ғ.Е.) болса, екінші анық жанның мәңгілігі туралы пайым, үшінші анық – ар білімі.Шәкәрім «Мен сол ұждан, совесть (Ар деп түсіне беріңіз – Ғ.Е.) қайдан шығып тұр десем, оған жауап жоқ сияқты» дейді. Жауап бар. Жанды қиянатқа жұмсайтын нәпсі. Шәкәрімнің өзі айтқан нәпсі қиянатты жастанып жатыр деп. Жан қиянатқа ұшыраса, оның арашасы – Ар. Бұл екі дүниеде қатысты сөз.Нәпсі жанды қинағанда, күнәлі болғанда «ар соты» деген болады. Мұны жалғанның ісі десек, бақида қалай болмақ, Шәкәрім пайымында ар соты о дүниеде болмақ. Пенде Жаратушысына жауап бермек, пенде қойылатын сауалдарға даяр болмақ. Олай болса, бұл жалғанда пенденің жүретін бір ғана жолы бар, ол мұсылмандық жолы дейді Шәкәрім. Данышпанның өзін тыңдалық: «Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты». Осы тезиске талас бар ма, әрине пікірлер болар, бірақ адам атаулы бір бауыр деп түсінуден биік ұғым бар ма?! Шәкәрімнің үш анығы мұсылмандық жолға бастамақ. Ол адамзатты бауыр ететін ізгілік жолы. Осы жолды қабылдағандар адаса ма, әлде адамзатты тура жолға сала ма? Ол үшін Алла тағала білімін анық деу, жан мәңгілігін мойындау және оның екі дүниедегі азығы Ар білімін үйрену керек. Бұл әр Зиялының көңіл қалауына ұсынылатын Шәкәрім пайымдауы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет