Қ
қ
1
№ 01 (03) 2 қаңтар 2015 жыл
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез
.
Абай
Теміртау қалалық әлеуметтік-ақпараттық газет 2 қаңтар жұма 2015 жыл № 01 (03)
Құрыш
қала KZ
3 - бет
khurysh_khala_KZ@mail.ru
Жүзден – жүйрік,
мыңнан – тұлпар
тұңғыш рет қаланың озат мекемелері анықталды
6 - бет
Елбасы сыйлығы
соғыс ардагерлеріне
тапсырылды
Қош келдің, қоңыр қой жылы!
№ 01 (03) 2 қаңтар 2015 жыл
Қ
қ
2
Апта-ақпар
Қош келдің, 2015!
Мұз бен қардан құйылған сұлу мүсіндер жыл сайын Жаңа жыл
қарсаңында қала көшелеріне, әсіресе «Металлург» стадионы маңындағы
ашық алаңға ерекше сән беріп тұрады. Биыл да бұл дәстүрден жаңылмаған
қаланың 21 мектебінің оқушылары өз қолдарымен он алты түрлі мүсін
жасап шықты. Дәстүр бойынша оның ашылу салтанаты 26 желтоқсан
күні өтіп, әр мектеп ұжымы өздері жасаған мүсіндерді сипаттап, таны-
стыру үшін Аяз Ата, Ақша қар және басқа ертегі кейіпкерлеріне еніп, ән
шырқап, би билеп, думанды жиын өткізді. Әрине, байқауға баға беретін
комиссия алдымен мүсіндердің сымбатына қарап бағалады. Қазыларды
да, көруге келген жұртшылықты да №4 қазақ орта мектеп оқушылары
стадионның дәл түбінен тұрғызған арқар мүсіні қызықтырды. Комиссия
құрамындағылар бір ауыздан осы мүсінді биылғы байқаудың ең үздігі
деп анықтады. Сөйтіп, бірінші жүлделі орынға белгіленген 50 мың
теңгені осы №4 мектеп қанжығасына байлады. Ал екінші орынға ие
болған №10, №24, №27 мектептер 25 мың теңгеден, үшінші орындағы
№15 мектеп-гимназия, №17 және №19, №2 мектептер, №9 мектеп-ли-
цей 20 мың теңгеден жүлдеге ие болды. Жеңімпаздар қатарына ілікпесе
де, өздерінің шығармашылығымен қақаған қыста өрнек салған барлық
қатысушыларға 5 мың теңгеден берілді.
– Жаңа жыл қарсаңында біздің қаламыздың көркіне көрік қосатын
осындай мұздан сыйлық жасаған сіздерге көп-көп рахмет. Бұл шынын-
да да шеберлікті байқататын жұмыстар, тағы бір ерекшелік, биылғы
мүсіндер негізінен патриоттық тақырыпта екенін көріп, қуанып
тұрмын. Біз бәріміз өзіміздің туған қаламызды, тамаша Отанымызды
жақсы көреміз. Мііне, сондықтан да осындай тамаша туындылар жасал-
ды. Енді осыларды бұзбай, ұзақ уақыт сақтап, бәріміз әдемілікті бірге
сезінейік, –деп тебірене сөйледі қала әкімі Нұркен Сұлтанов.
Шынында да биылғы мұз мүсіндер ерекше әдемілігімен көз
тартарлық, олардың арасында ұшақ та, шыршы ойыншықтары да, ал-
тын адам да, тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығының кішкене
көшірмесі де, жыл белгісі қозы мен қой да бар.
– Биылғы мұз мүсіндер байқауында біздің мектептің шеберлері
биіктен көрінді. Бұл көп еңбек, уақыт пен күш-жігер қажет ететін
жұмыс. Биыл бірінші орын алуымыз осы үлкен еңбектің арқасы. Біздің
оқушылардың қолынан шыққан тау арқары қарлы шыңдарға өрлеп ба-
рады, бұл балалардың да білім биігіне көтеріліуінің белгісі іспетті, –
деп қуанышымен бөлісті №4 қазақ орта мектеп директорының тәрбие
жұмыстары жөніндегі орынбасары Ләззат Шәкенова.
Аймақ балаларына арналған
биылғы Президент шыршасы
Қарағандыдағы «Олимпия» мей-
рамханасында өтті, оған барлық
қалалар мен аудандардан 180
бала шақырылған еді. Олардың
көбі түрлі олимпиадалардың
жеңімпаздары, ылғи беске оқитын
озаттар және балалар үйлерінің,
Бұл күні қалалық мәдениет
сарайына 313 жс аралығындағы
600 бала шақырылды. Олар
мәдениет қызметкерлері арнайы
дайындаған ертегі негізіндегі жаңа
жыл шыршасын қызықтап, муль
тфильм кейіпкерлерімен бірге түрлі
600 бала
600 бала
сыйлық
сыйлық
алды
алды
Мұз мүсіндер сыны
Президент шыршасына
он бала барды
мектеп-интернаттардың
тәрбиеленушілері. Біздің
Теміртау қаласынан бұл ауқымды
шараға он бала қатысты. Ал-
дымен бүлдіршіндер Қазақстан
Республикасы Президенті
Н.Назарбаевтың дәстүрлі Жаңа
жылдық бейне құттықтауын зор
ықыласпен тыңдады. Одан кейін
облыс әкімінің
орынбаса-
ры Жандос
Әбішев
құттықтау сөз
сөйледі. Жаңа
жылдық қызықтың өн бойынан
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының
белгілері, Отанның патриоты
болуға үндеу лебі есіп тұрды.
Қазақстан әлемдегі
бейбітшіліктің бесігі, біздің
Елбасымыз қазіргі түрлі
елдердегі жанжалдарды бейбіт
жолмен реттеуге өзі бас болып,
басқаларды жұмылдыруда. Бұл
нағыз барша халықты сүйетін,
Мәңгілік елді жақтайтын арда
азаматқа тән іс. Президент
шыршасына жиналған балалар
өздері орындаған ән-жырларда
Елбасының осындай қасиеттерін
көрсетуге ұмтылысты. Презим-
дент шыршасына шақырылған
балалардың бәрі бірнеше сағат
бойы Жаңа жылды қарсы алып,
ертегі кейіпкерлерімен бірге түрлі
көріністерді қызықтап, соңынан
Елбасының атынан тапсырылған
сыйлықтарды алып, мәз-майрам
болысты. Қалыптасқан дәстүр
бойынша биыл да балғын
ұл-қыздарға Елбасының ар-
найы тартулары таратылды.
Әрқайсысына сөмкеге салынған
ноутбук, үстел ойыны және
тәттілер сыйланды. Облыстық
білім беру бөлімінің мәліметі бой-
ынша, әр бала 70 мың теңгенің
көлемінде сыйлыққа ие болған.
Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 9
млн. теңге жұмсалды.
Әкім шыршасы
Қала әкімінің
дәстүрлі жаңа жылдық
шыршасы негізінен
көп балалы отбасылар,
ата-анасынан айырлған
бүлдіршіндер, үздік
оқушылар, спорт пен
шығармашылықта
жоғары жетістікке жет-
кен балаларға арналды.
көріністерге қатысып, таңғажайып
орманда болған оқиғалардың ор
тасында жүрді. Бұл жолғы Жаңа
жылдың шыршаның бір ерекшелігі
– оның кейіпкерлері қатарында
халқымыздың Ертөстігімен қатар
орыс ертегілерінің Маша қыз,
Аю, Аққала сияқты кейіпкерлері
де жүрді. Бәрі қосылып, Аяз ата
ны іздеді, жолда қарақшылардың
тұзағына түсіп қала жаздап,
әйтеуір жаңа жылдың басты иесі
Қошақанның көмегімен Аяз атаға
баратын жолды тапты. Сөйтіп,
бәрі көңілденіп, қол ұстасып
ән шырқап, Жаңа жылда жаңа
бақытқа жететіндіктерін паш етті.
Ертегідегі кейіпкерлердің рөлін биік
қуыршақтар сомдады.
Балаларды қала әкімінің орын
басары Шолпан Мырзақасымова
құттықтады. Мықты денсаулық,
оқуда, шығармашылықта толағай
табыс тілеген билік өкілі қала
басшылығы атынан 600 балаға
дайындалған сыйлықтарды үлес
тірді. Тәтті толы қораптармен
бірге әр қыз балаға жұмсақ
ойыншықтар, ал ұлдарға түрлі ма
шиналар, конструкторлар табыс
етілді. Балалардың қуанышында
шек жоқ, «жерде жетім жұбанса,
көкте періште қуанады» деген
дей бүлдіршіндердің ақжарқын
жүздерінен желтоқсанның қара
суығының өзі жылынып кеткендей
болды бір сәт.
Байқау
Қалалық мұражай биылғы Жаңа жыл қарсаңында ерекше байқау өткізді. Мұнда шыршалар байқауы
бір ай бұрын жарияланған болатын, тұрғындар мұражай қызметкерлерінің бұл ұсынысын қолдады. Сөйтіп,
өз қолдарымен жасаған шыршаларын әкеп тапсырды. Түрі шырша болғанымен, олардың жасалған ма-
териалдары әралуан, бірі кофені, енді бірі матаны, газет қиындыларын, темірді, тіпті макорондарды
пайдаланғандары да бар. Қарапайым материалдан жасалса да, бірі-бірінен өтетін жасыл, түрлі-түсті шыр-
шалар көрген көзді қызықтырғандай. Ең бастысы, жаңа жылда шырша ретінде нағыз жасыл-желекті қимай-
ақ күнделікті тұрмыстағы ұсақ-түйекті қолдану арқылы да шырша жасауға, оны әдемілеп безендіруге
болады екен. Бұл көрменің ерекшелігі сондай, тек теміртаулықтар ғана емес, оған қалаға жақын жердегі
аймақтың тұрғындары да атсалысты.
– Шыршалар көп, бірақ олар бір-біріне ұқсамайды. Жасалуы да, материалдары да саналуан. Мұндай
шыршалар бұдан былай жаңа жылдың бөлінбес бір жәдігеріне айналары сөзсіз, – дейді мұражай қызметкері
Лейла Әликеева.
Сонымен, мұражайдың бұл ұсынысын көпшілік қолдап, 243 шырша көрмеге қойылды. Келушілер
өздеріне ұнаған шыршаға қағаз қарлар арқылы дауыс береді, оның қорытындысы ескі Жаңа жылда, яғни 13
қаңтарда шығарылады. Ең үздік шыршаның иелері сыйлық алатын болады.
Шыршалар шеруі
Қ
қ
№ 01 (03) 2 қаңтар 2015 жыл
3
Президент құттықтауы
Жеңіске 70 жыл
Осы бастаманың шырайын
ел Президенті Нұрсұлтан На
зарбаев одан сайын аша түсіп,
жалпыұлттық акцияны қолға
алды. Бұл акция тек біздің
мемлекетімізде,
Елбасының
бастауымен қолға алынғаны
сол, еліміздегі жыл өткен сайын
қатары сиреп бара жатқан Ұлы
Отан соғысының ардагерлерінің
баршасына Елбасының атынан
жаңа жылдық құттықтау хат
пен сыйлықтар жиынтығы та
быс етіледі. Егер бүгінгі таңда
Қазақстанда 5115 ардагер ба
Елбасы сыйлығы соғыс
ардагерлеріне тапсырылды
Міне, арғымақ жылды артқа тастап, қой жылы, яғни 2015
жылды бастап та жібердік. Егер байыптап қарайтын болсақ,
алдағы мамыр айы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70
жылдығымен тұспа-тұс келеді. Осыған орай жаңа жыл тек
біздің Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінде
Ардагерлер жылы деп белгіленді.
рын ескерсек, олардың барша
сына Елбасының тапсырмасы
на орай обылстардың, қалалар
мен аудандардың әкімдері
арнайы үйлеріне барып, құт
тық тауды жалғастырды. Міне,
осы шарадан біз ардагер
лерге деген құрмет тек Жеңіс
мерекесі қарсаңында ғана
көрсетілмейтінін,
қамқор
лық тың үнемі жалғасып келе
жатқанына тағы бір рет куә бо
ламыз.
Иә, жалындаған жастық
шағын да қолына қару алып ел
қорғаған сарбаздар, бүгінде
тоқсан жасқа жеткен және
одан асқан қариялар атанып
отыр. Өмірден көргендері мен
көңілдеріне түйгендері көп,
ерліктің үлгісін көрсетіп, жас
ұрпақты патриоттық рухта
тәрбиелеуде өлшеусіз үлес
қосып келе жатқан қарт тары
мыз ды қалай құрмет те сек те,
қадірлесек те жарасымды.
Өйткені олар сыйқұрметке
әбден лайық. «Қарты бар үй –
қазыналы үй» деп халқымыз
әу бастаақ үлкенге құрмет
көрсетудің қанымызға біткен
арда қасиет екенін айтқан емес
пе?! Біле білсек, Елбасымыз
да осы ұстанымды ту етіп, аға
ұрпақ өкілдеріне қамқорлық
көрсетуді бір сәт те естен
шығарған емес, есесіне үнемі
еске салып отырады. Мына
жаңа жылдағы бастама да
соның бір көрінісі.
Ел Президенті бастаған ак
цияны біздің қаламыздың әкімі
одан әрі жалғастырып, өткен
жексенбі күні соғыс ардагерлері
мен мүгедектерін құттықтады.
Қазір
тектілерді
түлеткен
Теміртаудай құрыш қаламызда
54 ардагер тұрады, Елбасы
дан олардың баршасына жаңа
жылға құттықтау хат келген
еді. Соның алғашқысын қала
әкімі Нұркен Сұлтанов соғыс
ардагері Василий Васильевич
Болотинге тапсырды.
– Қымбатты Василий Ва
сильевич, Сізді ел Президенті
жаңа 2015 жылмен шын
жүректен құттықтап, мына хат
ты және себет толы сыйлықты
жолдап отыр. Біз, қала билігі
де осы құттықтауды жеткізе
отыр ып,
деніңізге
саулық,
отыңыздың басына амандық
тілейміз, – деді қала әкімі.
– Соғыс салған ауырт па
лық ты жүрегімізден өткізіп, жас
болсақ та, әлі он сегіз жасқа
толмай, майданға аттандық.
Отан қорғау жолында жаны
мызды аямадық, жараланып,
өлім аузынан қалдық, бірақ
елге аман оралдық. Сол
отты жылдарды ұрпағымыз
қайтып көрмесін. Ал Отан
ды неміс басқыншыларынан
азат ету жолында қаза тапқан
жауынгерлердің
есімдері
мен ерліктерін кейінгі толқын
ұмытпай,
одан
үлгіөнеге
алып өсуі тиіс. Біз осы жолда
қолымыздан келгенше тәрбие
мектебі ретінде көмектесуге
дайынбыз, – деді ризашылық
таныт қан ардагер.
Жаңа жылда тоқсан бір
жасқа толған ардагер дің бойы
тік, дені сау, айтар әңгімесі де
көп. Ол жас баладай қуанып,
Президенттің құттықтау ха
тын қолына алып, бір дем
де оқып шықты. В.В.Болотин
1942 жылы әскерге алынып,
Алматыдағы жаяу әскерлер
офицерлерін даярлайтын учи
лищеде төрт ай оқиды, содан
кейін қан майданға аттанады.
1943 жылы жараланып, госпи
тальда емделеді, қайта соғысқа
сұранып, Нижный Тагильдегі
танк корпусында қызмет ет
кен. Ол 65 армия құрамындағы
24 атқыштар дивизиясын
да, 276 атқыштар полкінде,
бірінші Донецк танк корпусын
да шайқасқан. Сонымен қатар
Белоруссияны,
Польшаны,
Курскіні, Харьковты, Варшава
ны азат етуге қатысқан. Бүгінде
ол үш перзенттің әкесі, екі
немересі мен екі шөбересінің
аяулы
атасы.
Ардагердің
кеудесінде «ІІ дәрежелі Ұлы
Отан соғысы» орденінің екеуі,
«Германияны азат еткені үшін»
медалі және басқа да көптеген
марапаттар бар.
Қала әкімі Нұркен Сұлтанов
ардагермен
еменжарқын
әңгі ме лесіп,
фотоальбомын
бірге қарап, өткен өмір белес
тері нен тілге тиек етті. Ар
дагер өз кезегінде Елбасыға
деген шынайы алғысы мен
ыстықықыласын
жеткізумен
болды. Осындай құрметке
бөленгендердің тағы бірі –
Александыр Яковлевич Домро
мелов. Ол Қарағанды облысы,
Тельман ауданының тумасы.
Атаанасынан ерте айырылып,
балалар үйінде өскен. Соғыс
басталғанда әскер қатарына
алынып, Украинаны, Белорус
сияны, Польшаны азат етуге
қатысқан жауынгер.
– Қазіргі көңіл күйімді сөзбен
айтып жеткізу мүмкін емес,
Елбасы үнемі ұмытпай, бізге
қамқорлық жасаумен келеді.
Ал мына жаңа жыл қарсаңында
арнайы құттықтау тіпті бізді
жасартып
жібергендей,
–
деп мәресәре болды. Қала
әкімін жібермей, бір шыны
аяқ шай ішті. Сонымен қатар
баладай қуанған қарт себет
толы сыйлықты ашып көріп,
қуанғанын жасырмады.
Мұнан кейін де Прези
дент құттықтауларын жеткізуді
қала әкімінің орынбасарла
ры жалғастырды. Атап айт
қан да Алтынбек Есмұрзаев
қаламыздағы жалғыз қарт қазақ
жауынгері Нағымет Әміровті
барып құттықтап, Елбасының
құттықтау хаты мен сыйлығын
берді. Соғыстан аман оралған
қазыналы қарт 1 қаңтар күні
тоқсан жасқа толады екен,
«Елбасыға рахмет, еліміз ты
ныш, жұртымыз аман болсын»
деп жүрекжарды лебізін айтты.
Соғыстан кейінгі бар ғұмырын
ұрпақ
тәрбиесіне
арнап,
ұстаздық еткен ақсақалдың
бәйбішесі Ханзада анамыз
да құрақ ұшып, ақ тілегі мен
алғысын жеткізумен болды.
Қала әкімінің әлеуметтік
мәселелер жөніндегі орын
басары Шолпан Мұхитқызы
Мырзақасымова мен еңбекпен
қамту және әлеуметтік бағ
дарламалар бөлімінің басшы
сы Юрий Николаевич Ким,
сонымен қатар «Жастармен
жұмыс жөніндегі орталық»
дирек торы Айнагүл Абдрах
манова бастаған, сонымен
қатар «Нұр жүрек» қоғамдық
бірлестігінің жетекшісі Савар
бек Газдиев тағы бір ардагердің
шаңырағына барып, Президент
құттықтауы мен сыйлығын та
быс етті. Ол Иван Михайлович
Пурин еді.
– Мен сонау бір жылда
ры Нұрсұлтан Әбішұлы біздің
қалада хатшы болған кезде
қабылдауында болған едім.
Ардагерлерді ұмытпай, жаңа
жылмен құттықтағаны үшін бір
марқайып қалдық, мың алғыс, –
деп ризалығын білдірді.
Қаламыздың
жастары
мен «Нұр жүрек» қоғамдық
бірлестігі ардагерге үй шаруа
сына қатысты қандай да көмек
қажет болса, көмектесетіндерін
айтты.
Қала билігі Президент тап
сырмасына орай 54 ардагердің
баршасын ұмыт қалдырмай,
оларды құттықтап, себет толы
сыйлықтарды тапсырумен бол
ды.
Руза АЛДАШЕВА
№ 01 (03) 2 қаңтар 2015 жыл
Қ
қ
4
Мәслихат сессиясы
Билік және бұқара
Әлеуметтік көмек
ұлғайды
Бюджет құрастыру қанша
лық ты қиын болғанымен депу
таттар әлеуметтік шығындарды
қысқартпау жағын ойластырды,
сондықтан да ең көп қаржы осы
мақсатқа жұмсалғалы тұр. Биыл
әлеуметтік көмек және әлеуметтік
қамтамасыз етуге 585,5 млн.
теңге жұмсалады. Оның ішінде
мүгедектерге тазалық құралдарын
алу, білім беру саласына қосымша
жалақы қарастыру, ретті патрульдің
әлеуметтік жағдайын жасауға да
қаражат керек. Үстіміздегі жыл Ұлы
Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл
толуына орай соғыс ардагерлеріне
бір реттік материалдық көмек
2015 жылдың
бюджеті бекітілді
Желтоқсанның соңғы аптасындағы маңызды оқиғаның бірі 2015 жылдың
бюджетін бекіту болды. Қалалық мәслихат депутаттары бұл мәселені бір жи-
ында ғана шеше қойған жоқ, оның алдында бірнеше рет қарап, жан-жақты
ойластырған болатын. Өйткені өткен жылғы бюджет екі рет өзгертіліп,
соның өзінде тиісті кіріс жоспары орындалмады. Қала билігі «АрселорМит-
тал Теміртау» АҚ компаниясының жер және мүлік салығын ертерек төлеуі
есебінен ғана қала қазынасындағы жетпей қалған 322 млн. теңгені жабуға
мүмкіндік тапты. 2015 жылы Теміртау қаласы бойынша 12 млрд. 277 млн. теңге
салықтық және салықтық емес түсімдер жиналуға тиіс. Бұл аз емес, деген-
мен осы қаржының 35 пайызы облыс бюджетіне алынатынын ескерсек, үлкен
үнемшілдік қажет екенін түсіну қиын емес. Оның үстіне бюджеттің ең көп
жұмсалатын мемлекеттік және бюджеттік қызметшілерді ұстау шығыны екінші
жарты жылдықта өзгеретін болғандықтан оған қосымша тағы 17,2 млн. теңге
керек. Сондай-ақ қала бюджеті жалпы әскери міндеттілік, коммуналдық қызмет
және кейбір ғимараттарды ұстау жөнінде қаржы жұмсайтындықтан басқа
шығындардың үлесі мүлде азая түскені өзінен-өзі белгілі.
көрсетілуі керек. Депутаттар әр
ардагерге 50 мыңнан 150 мыңға
дейін төлем жасауға ұйғарды.
Сондайақ Ұлы Отан соғысында
қайтыс болған жауынгерлердің
жесірлеріне,
блокадашыларға,
концлагерь
тұтқындарына
70
мың теңгеден беріледі. Ардагер
лер кеңесінің өтініші бойынша
тыл еңбеккерлерінің төлемақысы
да өсті. Жеңіс күні қарсаңында
олар 10 мың теңгеден алады, 1,3
млн. теңге соғыс ардагерлері мен
мүгедектерінің тұрғын үй және
газды пайдалану шығындарын
өтеу үшін жұмсалатын болады.
Қоғамдық жұмысқа тартылған,
«Жастар тәжірибесі» бойынша
жолдама алған және мамандыққа
қайта даярланған жұмыссыздар
жылдағыдай бюджет есебінен
еңбек орнын табады. Әлдеқандай
себеппен қиын жағдайға тап болған
қала тұрғындарына көмек көрсету
үшін 5 млн. теңге қарастырылып
отыр. Тұрақты орны жоқ адам
дарды
бейімдеу
орталығын
ұстауға,
мүгедек
балаларды
оңалтуға, ВИЧ жұқпасы барларға
көмектесугеқаражат бөлінді. Де
генмен депутаттар әзірге жол
шығынына берілетін өтем ақыны
тоқтата тұруға шешім етті. Бюджет
те артық ақша пайда бола қалса,
бұл мәселе қосымша қаралады.
Білім беру –
бюджеттің басым
бағыты
2015 жылы қала қазынасының
4 млрд. 684 млн. 400 мың теңгесі
білім беру және дене шынықтыру,
спорт саласына бөлініп отыр, бұл
былтырғыдан 430 млн. теңгеге
артық. Үстіміздегі жылдың екінші
жартысында сала қызметкерлерінің
жалақысы өседі, сондықтан бұл
қаражаттың басым бөлігі жалақыға
жұмсалады. Мектептерде тегін
тамақ тек аз қамтылған отбасы
балаларына ғана берілетін бол
ды. Сондайақ жазғы каникулда
мектеп жанындағы және қала
сыртындағы лагерьлердегі де
малыс та бюджеттің мойынында.
Мектептерге оқулықтар алу үшін
қаражат бөлінді, өйткені заң бой
ынша алдағы оқу жылынан бастап,
барлық сынып тегін оқулықтармен
қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл
мақсатқа бюджеттен 59,9 млн. теңге
бөлінді. Қаланың он сегіз мектебіне
бейнебақылау орнатылмақ, тағы
13,9 млн. теңге осы құрылғыларды
ұстауға жұмсалады. Санитарлық
эпидемиологиялық бөлімінің оқу
орындарындағы тазалық мәселесі
жөніндегі ескертпелерін жөндеуге
10 млн. теңге қаралды.
Оқушылардың қосымша білі
міне 263 млн. теңге бөлініп отыр,
ал мектеп жасына дейінгі тәрбие
мен білім беруге 1 млрд. 210
млн. теңге жұмсалатын болады.
Бала бақшаларға мемлекеттік
тапсырыс 1 млрд. 52 мың теңгені
құрайды. Үстіміздегі жылдың тағы
бір жаңалығы – бала асырап алған
азаматтарға өтемақы төленеді,
бұл мақсатқа 2 млн. 535 мың
теңге, ал панасыз қалғандарды
қамқорлыққа алуға 61 млн. 416 мың
теңге қарастырылды. Мүгедектерге
материалдық көмек Конституция
күні, ал қарттарға тұңғыш Прези
дент күні қарсаңында төленетін
болды.
Достарыңызбен бөлісу: |