Абай толық адам туралы



бет2/5
Дата22.05.2023
өлшемі58,93 Kb.
#96015
1   2   3   4   5
Байланысты:
Биология ғылымының салалары 2

Біріншісі – адам өзінің ой-өрісін пайдаланып әлемде болып жатқан хикметтер туралы, болмысты құрайтын элементтер туралы пікір (фікір) жасау. Сөйтіп, ол әлем заңдылықтарын ой-өріс, ақыл-есі арқылы түсініп, Абсолютті таниды. Ол үшін жоғары дамыған ой-өріс, мықты интеллект керек. Жан білімге толы болғандықтан, Абай ілімі бойынша білімге құштарлық – жан құмары. Білімге ұмтылу жаннан шығады. Жан әлемнің барлық элементтерін, олардың байланыстарын білуге ұмтылады. Адам тіршілігі жанның өзінен шығатындықтан, ол тіршіліктің көзін іздеу – жанның өзін-өзі тануға ұмтылуы деген сөз. Жан сезімдер арқылы түскен барлық хабарды (сигналды) миға ақылмен саралатын, сонан соң еске беріп, оған қорытынды жасатады.
Жан осылай біртіндеп өзін-өзі, сонымен бірге негізгі қайнар көз – Абсолютті таниды. Жан өзін тануға ұмтылғанда, нәзік болмыс рухтың қасиетін алып, рухтанады. Шәкәрімнің «таза ақыл» дейтіні осындай тазарған рухани ақыл. Осылай адамның бүкіл болмысы жаңғырады.
Шәкәрім мен Абайдың да өздері рухани жетілулері осы пікір арқылы болған. Олардың шығармалары болмыстың терең сырына үңілудің үлгісі болып табылады.
Екіншісі – барлық ой-өрісті ішкі дүниеге, жанға, Құдайдың нұрына, не болмаса зікір арқылы Жоғары Жанға шоғырландыру (медитация). Пікір әдісінде көңіл Жаратушының жаратқандарына ауса, ал зікірде көңіл Жаратушының Өзіне ауады. Бірінші әдісте адам өзінің бес сезімін толық пайдаланады, ал шоғырландыру әдісінде, керісінше, сезімдерді олардың объектілерінен бөліп, барлық сезімдерден бас тартады. Сонда психикалық қуат нәзік рухани сезімдерге беріліп, рухани болмысты сезінуге мүмкіндік береді. Бұл жолға түскендер сирек кездеседі. Олар сезімдерін тоқтатумен көптеген жылдар шұғылданады. Шығыс елдерінде жердің астына түсіп, су қараңғы, жым-жырт жерде оқшаулану әдеті бар. Сезімдер тоқталып, ой ғана жұмыс істейді. Біраздан кейін ой да тоқталады, осылай Түп Иемен бірігу мүмкіндігі туады. Бұл әдіс өмірден толық қол үзіп, сезімдерді жүректегі Ғазиз Жанға толық шоғырландыруды керек ететіндіктен, қатаң аскетизммен (тақуалықпен) орындалады. Оқшау өмір сүру әркімнің қолынан келе бермейтін өте қиын, бірақ жеткізетін жетістігі өте биік және өте нәтижелі жол. Мысалы, Ахмет Яссауи өзінің рухани жолында осы әдісті пайдаланған. Ол алпыс үш жастан кейін жерден шұңқыр қазып, қалған өмірін сол «Қилуетте» өткізген.
Бұл деңгейге жеткен адамдарда қарапайым пенделерде жоқ қасиеттер қалыптасады. Олардың ақыл-есi, сана-сезiмi, яғни нәзiк денесi ғарыштық нәзiк әлеммен байланыса алатындықтан, материалдық әлемнiң көптеген эзотерикалық құпиялары ашылады. Олар өткендi және алдағы өмірдi көріп болжау, материалдық нәзiк әлемдердегi жан иелерiмен байланысу, тәннен бөлініп нәзiк денелерiмен басқа планеталарға ұшып бару тәрізді тыслым қасиеттерге ие болады. Мұндай «жоғары адамдарда» басқа да көптеген құпия қасиеттер болуы мүмкiн. Мысалы, ел аузында Ахмет Яссауи таң намазын Меккеге барып оқып келеді-мыс деген сөз тараған. Абайдың да ерекше қасиеттерден құралақан болмағанын білеміз.
Толық адамның негiзгi қасиетi – бұл фәни өмірге байланбай, оның аяқ тұсайтын ықпалынан шығуында. Ондай адамдар рух пен материяны айыра бiледi, жан тәннен бөлек екенiн сезiнiп, жанның ықпалымен өмір сүредi. Жан ләззатқа, бiлiмге толы және мәңгiлiктi болғандықтан, олардың өмірi толық ләззатты. Мұндай өмірді қарапайым адамдар түсiне де бермейдi.
Бұл деңгейге көтерiлгендер жұрттың құрметiне бөленген, бұрынғы заманда хандар сарайында емшi, ұстаз, немесе олардың ақылшы-көмекшiлерi болып, елдiң денсаулығын сақтау, бiлiм алуды басқарып салауатты өмір кепiлi болған.
Бұл деңгейдегiлер барлық жан иелерiне бiрдей қарайды. Олардың білімі толық болғандықтан, ешкiмдi жынысқа, ұлтқа, дiнге бөлмейді, барлық адами қасиеттерге ие. Өмірдiң түрлi зардап-қиыншылық, қайғы-қасiреттерiне төзiмдi.
Адам өмірінің екі мақсаты бар. Бiрiншiсi, өзiнiң материалдық құмарлықтарын қанағаттандыру. Екiншiсi, рухани құмарлықтарын қанағаттандыру. Абай біріншісін – «тән құмары» десе, екіншісін – «жан құмары» дегені айтылды. Жан құмары мақсаты – Алла тағаланың разылығы үшін әрекет жасау. Іс-әрекет Абсолюттың бір көрінісі. Сондықтан, жаман, не жақсы болмайды. Іс-әрекет қозғалыс түрі ғана. Мақсатқа байланысты ол жақсы, не болмаса жаман іс-әрекет болып бөлінеді.
Мысалы, хирург пышақпен операция жасайтын болса – бұл жақсы іс-әрекет. Себебі, ол адамға өмір беру үшін жасалды. Ал егер пышақты қылмыскер пайдаланса – жаман әрекет. Себебі, адамның өмірін алу үшін жасалды. Осылай жасалу мақсатына байланысты іс-әрекет жаман-жақсы болып бөлінеді. Өмірдің мәнді не болмаса мәнсіз болуы адамның мақсатына, оның ниетіне байланысты.
Адам мен толық адамның арасындағы айырмашылық та олардың ойлау, сөйлеу, іс-әрекетінің мақсатына байланысты.
Бірінші айырмашылық – ой жүйесі. Екеуі екі бөлек ойлайды. Материалдық әрекет жасайтын адамның санасы дене деңгейінде, сондықтан ол өзін «денемін» деп сезінеді. Соған байланысты «менiкi» – оның тәнiмен байланысты: отбасы, бала-шаға, мал-мүлiк, халық, отан, тағы сол сияқты болып кеңейе бередi. Толық адамның ойы рухани деңгейде. Ол үшін «Мен» – жан, ал «менiкi» – Алла тағала, яғни менiң Жаратқан Ием.
Толық адам болудың жолын Абай былай деп береді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет