Абайдың жетінші қара сөзі


Абай Құнанбаев  Отыз алтыншықара сөз



бет3/4
Дата02.12.2023
өлшемі28,85 Kb.
#131572
1   2   3   4
Байланысты:
Ар ұят адамгершілік туралы қара сөздер

Абай Құнанбаев  Отыз алтыншықара сөз
Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһиуәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән ләхаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұятыжоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздіңқазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді: ұят өзіиманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмеккерек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялғансекілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақәншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болсада, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялғанмұндай ұят шын ұялу емес – ақымақтық, жамандық.
Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себептіболады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі – ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтенадамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамдыесіркегендіктен болады. «Япырым-ай, мынабайғұсқа не болады, енді мұның өзі не болады» дегендей, бір нәрсе іштен рахым секілді болыпкеліп, өзіңді қысып, қызартып кетеді. Біреуі сондайұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиұрлы бойғатеріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнаншыққандығынан болады. Мұндай ұят қылыққылғандығыңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіңе жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісібетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтанқалатұғыны да бар, хатта өзін-өзі өлтіретұғынкісілер де болады. Ұят деген – адамның өзбойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өзмойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты. Олуақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіпалуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісібетіне қарамақ түгіл, ешнәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісікешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріпсөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десеболар.
Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақтүгіл, қызармайды да. «Ол істен мен ұятты болдымдедім ғой, енді нең бар?» дейді. Я болмаса «Жә, жә, оған мен-ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтіп пеедің?» дейді. Немесе «пәленше де, түгенше де тіріжүр ғой, пәлен қылған, түген қылған, менікі оныңқасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емес пе еді?» деп, ұялтамын десең, жап-жайотырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісідейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? Ұялған десек, хадис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындайадамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет