44
құралдармен және тәсілдермен жүйелік тіркеу жүргізу;- қайталанатын
жағдайларды жасау, шарт сипатының және айқасқан әсердің өзгеруі, бұрын
алынған мәндерді растау немесе жоққа шығару мақсатымен күрделі жағдай
жасау; - эмпирикалық зерттеуден логикалық жалпылауға, талдауға және
алынған материалдың теориялық өңдеуіне ауысу.
Сондықтан, әдістемеге талдау жасау және анықтау өте мұқият жүргізілуі
керек. Әдістемені анықтаған кезде тек қана өзіңнің сынағыңда ғана емес,
жолдастарыңның және басқа коллективтің сынағын қолдану керек. Міндетті
түрде әдістеменің ғылымның қазіргі деңгейіне және зерттеу орындауда
қойылатын талаптарға сәйкес келуіне көз жеткізу керек.Тәжірибенің
әдістемесін таңдап алып, зерттеуші оның практикалық қолданылуына көз
жеткізу керек. Оны тіпті әдістеме басқа зертханалық практикада
апробацияланған жағдайда да орындау керек, себебі ол климаттың өзіндік
ерекшелігіне, бөлмеге, зертханалық жабдыққа, персоналға, зерттелетін
объектіге байланысты күрделі немесе тиімсіз болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: