9
Ежелгі грек ғалымы (Демокрит, б.з.д. 460-370 жж.; Аристотель, б.з.д. 384-
322 жж.) табиғаттың, қоғамның және ойлаудың даму заңдылықтарына алғашқы
сипаттама берген. Кейбір тарихшылар математика мен ғылыми таным жалпы
Ежелгі Грецияда өз бастауын алған деп санайды. Әсіресе, осы кезеңде Фалес
Милеттің еңбегі ерекше орын алады. Ол геометриялық бекітуді дәлелдеу
қажеттілігі туралы алғашқы сұрақтарды тудырып, бірқатар дәлелдерді
орындады. Грек философиясы ғылым дамуының бастапқы кезеңінде
табиғаттың, ғарыштың және бүкіл әлемнің мәнін түсінуге деген ұмтылысымен
ерекшеленді. Гректің алғашқы философтары әлемнің пайда болуына әсер еткен
жағдайды, оның құрылымын және оның бастамалары мен себептерін түсінуге
тырысты. Сондықтан, оларды «физиктер» деп атады, грекше «фюсис» сөзі -
«табиғат» деген мағынаны береді.
Ежелгі Грецияда дерексіз тұжырымдамалар жүйесі ақыл-ойдың іс-
тәжірибесіне негізделген әлемнің объективті заңдарын іздеу дәстүрінен
қалыптасқан. Осы кезеңде геометрияда (Евклид, б.ғ.д. IIIғ.), механикада
(Архимед, б.ғ.д. 287-212жж.) және астрономияда (Птолемей, б.ғ.д. IIғ.) алғашқы
теориялық жүйелер қалыптасқан.
Ортағасырлық дәуірде ғылымның дамуына Араб Шығысы мен Орта
Азияның (Ибн Сина, 970-1037 жж.; Бируни, 973-1048 жж. және т.б.) белгілі
ғалымдары үлкен үлес қосты. Олар медицина, философия, математика,
астрономия, физика, геология, тарих және т.б. салаларда ғылымды дамытты.
Ортағасырлық Еуропада схоластика, алхимия және астрология кең
дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: