114
Оқу ғылыми семинарлары – бұл студенттердің алып жатқан мамандықтары
бойынша әртүрлі практикалық сабақтар жиынтығы. Олардың негізгі мақсаты
студенттерді өздерінің орындаған жұмыстарын немесе ұсынып отырған
теорияларын қорғап, дәлелдей білу. Мұндай семинарлар берілген тапсырманы
сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақыттада қарастыруға арналған.1-2
курстарда жалпы ғылыми және жалпы техникалық пәндерден лабораториялық
жұмыстарға зерттемелік тапсырмалар қосылуы мүмкін.Ал, 3 - курста
лабораториялық практикаға жалпы техникалық және мамандандырылған
пәндерден де ізденісті және зерттеулерді талап ететін тапсырмалар қосылуы
керек. Бұл жұмысты орындау кезінде студент өзі жоба құрып, лабораториялық
жұмысты орындауға керекті құрал - жабдықтарды таңдап алып, оны орындап,
ең соңында ғылыми есеп береді.Дипломдық жұмыстарға және нақты жобаларға
жоғары дәрежелі талаптар қойылады. Мұндай жұмыстар жеке немесе ұжымдық
түрде бір мамандық студенттері болып немесе әртүрлі мамандық студенттері
болып орындалады.
СҒЗЖ-ның оқудан тыс түрлері.
Оқудан тыс уақытта студенттердің
ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлері:
- Ғылыми студенттік үйірмелер;
- Студенттердің ғылыми техникалық ұйымы;
- Халық шаруашылығы келісім шарты және мемлекеттік бюджеттік тапсырма
бойынша орындалатын жұмыс;
- Дәріс беру жұмысының ғылым және техника саласындағы арнайы білім беру;
- Студенттер конференциясына және олимпиядаларға қатысу.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты:
- жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық экономика талаптары
сұранысына сәйкестендіре арттыру;
-
таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып,
шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру;
- бірыңғай білім (оқу және тәрбие), ғылым және тәжірибелік үдерістерді
қамтамасыз ету;
- әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және
ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстардың әрқайсысына сұранысқа сай
және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды
қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық т.с.с. бағытта
өсуіне жағдай жасау және оны дамыту.
«Биотехнолог»
ғылыми
үйірмесі.
Ғылыми
үйірме
биотехнология,
нанобиотехнология,
биохимия,
молекулалық
биология,
өсімдіктер
физиологиясы саласында белсенді қызмет атқарады: студенттер ғұлама
ғалымдармен кездесу жүргізеді, дөңгелек үстел ұйымдастырады, жаңа
технологияларды, ғылыми әдістерді қолдана отырып маңызды ғылыми
мәселелерді талқылайды. Студенттер бір-бірінің зерттеу жұмыстары бойынша
докладтарын тыңдап, дебаттар ұйымдастырады
Достарыңызбен бөлісу: