Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна



бет53/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89
А) академиялық эдвайзер қызметі бойынша:

  • қазақстандық кредиттік оқыту технологиясында эдвайзерлерді академиялық қолдау көрсетудің бөлігі ретінде қарастырып, оның іс- әрекетін дамытуға әсер ететін ғылыми негізделген тұжырымдама жасау;

  • қазақстандық эдвайзерлер ассоциациясын немесе белгілі бір кәсіби ұйымын құру, кеңес беру үрдісіне университет мүшелерін (профессор-оқытушы құрамы, инструктор, әкімшілік),университеттің академиялық қолдау көрсету ресурстарын қатыстыруға, кәсіби эдвайзерлер қауымдастығының бет - бейнесін (имидж) қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  • академиялық эдвайзерлердің біліктілігін арттыру жүйелі жүзеге түрде жүргізілсе, олардың кеңес беру іс-әрекетінің сапасы артады, соның нәтижесінде студенттің максималды жекедаралануына алғышарттар жасалады.

  • академиялық эдвайзерлерді студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға әсер ететін кәсіби маман ретінде қарау, жоғары оқу орындарда студенттердің жеке оқу траекториясын жобалауға әсер ететін эдвайзер мамандарын даярлауға мүмкіндік береді.

  • ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура мамандықтарына академиялық эдвайзер, тьютор қызметі, аясындағы арнаулы курс бағдарламаларын енгізу, болашақ жоғары мектеп оқытушысының эдвайзер, тьютор ретіндегі іс-әрекетін кәсібилендіруге, жетілдіруге мүмкіндік береді.

  • академиялық эдвайзердің әрбір студентпен жұмыс жасауына ұйымдастырушылық, қаржылық, әкімшіліу тұрғысынан жағдай жасау, оның әрбір студентке сапалы, жеке-дара кеңес беруіне мүмкіндік береді;

  • эдвайзерлердің бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейіндегі білім алушылардың жеке оқу траекториясын жүзеге асыруға әсер ететін, академиялық қолдау көрсету әдістемесін жасау;

  • эдвайзерлерге арналған әдістемелік құралдарда, оқулықтарда, академиялық кеңесші қызметінің мақсаты мен басты міндеттері, жұмысының ерекшеліктері, бағыттары, студентпен қарым-қатынас жасау философиясы ғылыми-теориялық негізделіп, студенттің академиялық тәжірибесін қанағаттандыру жолдары бойынша нақты әдістемелік ұсыныстар, дидактикалық материалдар берілуі қажет.

Б) тьютор қызметі бойынша:
- университеттік ортада, немесе кафедраларда пэр-тьютор бағдарламасын енгізу, студенттердің оқу үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді, жазғы семестрге қалған, немесе университеттен оқу үлгерімі бойынша шығарылған студенттердің санын қысқартады.
- университеттік ортада, кафедраларда оқу үлгерімі жоғары студенттер, магистранттар мен докторанттар қатарынан әртүрлі пәндерден пэр-тьютор курстарын ұйымдастыру, студент-студент қарым-қатынасындағы коллегиалдық әрекеттестікті дамытады;
- кафедраларда пэр-тьютор бағдарламасын ұйымдастыру, профессор-оқытушылардың әрбір студентпен жеке-дара жұмыс жасау уақытын үнемдейді;
- пэр-тьюторларды арнайы дайындықтан өткізуі, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, жарнамалық, техникалық жағынан тиімді ұйымдастырылуы, «студент-оқытушы-әкімшілік» қарым-қатынасының ынтымақтастығына, студенттердің академиялық жетістігіне, мотивациясына, сенімділігіне әсер етіп, жағымды «оқыту арқылы оқу» айналасының құруға жағдай жасайды.
Диссертациялық жұмыстың эмпирикалық мәліметтеріне талдау жасау, кредиттік оқыту технологиясында студенттің жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға кері әсерін тигізетін академиялық кедергілердің 4 тобын анықтадық: 1) Университетке бейімделу 2) Университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру 3) ЖОО-да студенттің өздік жұмысы 4) Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау. Демек, бұл мәселелердің алдын алу үшін, 1,2 тарауларда теориялық талдау жүргізілген АҚШ-тың академиялық қолдау көрсету барысындағы озық тәжірибесі ретінде қарастырылған, академиялық эдвайзер, тьютор қызметтерінің іс-әрекетін отандық университеттерде белсендіруді, пэр – ментор, пэр- тьютор, бағыт–бағдар курстары және т.б. сияқты академиялық қолдау көрсету компоненттерін оқу үдерісіне ендіруді қажет етеді.
Соған сәйкес, АҚШ-тың студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесіндегі ғылыми-теориялық материалдарға сүйене отырып, отандық университеттерде білім алушыларды кредиттік оқыту технологиясына бейімдеу, білім алушылардың академиялық кедергілерінің алдын–алу, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыру мақсатымен академиялық қолдау көрсету кешенін ұйымдастыру үшін келесідей ғылыми -теориялық нұсқаулар береміз:

  • студенттерді білім алудың өтпелі кезеңдерінде, жауапкершілікпен шешім қабылдауға көмектесетін қызметтермен, академиялық қолдау көрсету бағдарламаларымен қамтамасыз ету қажет.

  • университетте студенттің академиялық кедергілерінің алдын алуға бағытталған АҚК орталықтарын ұйымдастыруда, жоғары оқу орнының студенттік контингентін зерттеуді қажет етеді;

  • университет студенттерінің қажеттіліктері мен академиялық кедергілер тобын анықтау негізінде, академиялық қолдау көрсету бағдарламаларын ұйымдастыру қажет;

  • академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру - университеттің саясаты мен ерекшеліктерін, профессор-оқытушы құрамының, студенттердің ұсыныстары мен көзқарастарын ескеруді қажет етеді;

  • академиялық қолдау көрсету кешенін ұйымдастыруда ақпараттық–коммуникациялық құралдарды, университеттік сайттарын қолданып, оның білім алушылардың оқу үлгеріміне үлесін жарнамалау қажет;

  • академиялық қолдау көрсету кадрларының біліктілігін арттыру қажет.

  • пэр-тьютор қосымша сабақтары белсенді оқыту формасы ретінде «оқыту арқылы оқу» парадигмасы аясында жүзеге асуы тиіс.

  • тьютор, ментор студентердің мотивациясын, жауапкершілігін арттыру үшін «оқыту арқылы оқу» (learning by teaching), «оқыту арқылы екі рет оқу, қайталау» -(to teach is to learn twice) сияқты идеяларды қолдануға болады.

  • студенттер арасында, бір-біріне жәрдемдесуге негізделген адамгершілік, толеранттылық қарым-қатынасын қалыптастыратын пэр- ментор бағдарламасын енгізу қажет;

  • кредиттік оқыту технологиясына бейімделуге, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға әсер ететін бағыт-бағдар курстарын бірінші курс студенттеріне міндетті оқу компоненті ретінде оқу жоспарына енгізу қажет.

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде АҚК кешенін ұйымдастыруға, теориялық, тәжірибелік, әкімшілік, ұйымдастырушылық тұрғысынан алғышарттар жасалған, соған сәйкес жоғарыда берілген ғылыми-теориялық тұжырымдар мен нұсқауларды ескере отырып, отандық университеттерде академиялық қолдау көрсету кешенін жүзеге асыру қиындыққа соқпайтынын атап кету қажет [171].
Американың моделінің негізінде, болашақ мамандарға академиялық қолдау көрсету кешенінің ұйымдастырылуы, университеттің оқыту-тәрбие үдерісіне қатысты: Қазақстанның жоғары оқу орындарының Болон үдерісінің талаптарын толыққанды орындауға, университеттің миссиясы мен құндылықтарына сай, тұтас студентке бағытталған оқыту ортасын ұйымдастыруға, білім сапасын арттыруға институционалдық саясат арқылы білім алушылардың аудиториялық және аудиториядан тыс өздігінен білім алу тәжірибесін жетілдіруге, басқаруға, инновация мен өзгерістерге, жаңашылдыққа дайын болатын АҚК мамандарын дайындауға, университеттегі оқу үдерісіне байланысты студенттер, ата-аналар арасында жағымды имидж қалыптастыруға, профессор-оқытушылар құрамына қатысты: профессор-оқытушылардың әрбір студентпен жеке-дара жұмыс жасау уақытын үнемдеуге, жағымды «оқыту арқылы оқу» айналасы ұйымдастыруға басшылық етуге, студенттерге академиялық қолдау көрсету саласы бойынша білімін толықтыруға, жаңа бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, білім алушыларға қатысты: академиялық немесе жекетұлғалық кедергілердің алдын-алуға, студенттің университеттік тәжірибесін мазмұнды етуге, студенттік өмірге бейімдеуге, студенттің білім алу мақсатын анықтауға, студенттерді әлеуметтік біліктермен қаруландыруға, білім алушылардың іс –әрекетінде субъектік қарым-қатынас, дербес білім алу, жеке оқу траекториясы мен кәсіби келешегінде белсенділік, жауапкершілік, бастамашылық (инициатива) сияқты қабілеттердің көрінуіне, оқу үлгерімінің артуына, студенттің оқу - танымдық дағдыларын дамытуға, сайып келгенде кредиттік оқыту технологиясында білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға жағымды әсерін тигізеді деп қорытындылаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет