Портфолионың мақсаты: - студенттің білім алу іс-әрекетін белсендіру; студенттің кәсіби міндеттерді шешу тәжірибесін жүйелеу және сақтау;
- студенттің алдыңғы және кейінгі білімдер арасында байланыстар орнатуына мүмкіндік беру;
- курсты меңгеру барысында студенттің жекетұлғалық, кәсіби өсуіне есеп жүргізу;
- өздік жұмыстар арқылы студенттің мүмкіндіктерін, білімді меңгерудегі жетістіктерін көрсету;
-студенттің өзін-өзі бағалауы, өзіндік рефлексия жасауына, оқытушының бағалауына негіздеме.
Портфолио-сіздің тақырыбыңыз бойынша арнайы өзіңіздің көзқарасыңызды білдіретін жинақталған материалдар құрамы. Ол сіздің тақырыбыңыздың қаншалықты терең зерттелгенін көрсетеді. Оған мынадай материалдар кіруі мүмкін:
7.Статистиканы немесе басқа мәліметтерді көрсететін кесте, сызбанұсқа, графиктер мен диаграммалар, суреттер
8.Сіздің қысқаша баяндама- ұсынысыңыз.
Портфолионың үлгілік құрылымы Бөлім 1 «Жалпы ақпарат» Резюме (берілген ресми сызба негізінде);
Өмірбаян (еркін түрде). Өміріңіздің негізгі оқиғаларына сүйене отырып, қысқаша баяндама жазу.
Өмірлік мақсаттар (2-3 жылға, немесе 5-7 жылға). «Мен болашақта қандай жетістікке жеткім келеді?» деген сұраққа жауап ретінде.
Тест нәтижесі (ҰБТ).
Бөлім 2 «Ресми құжаттар». Бұл бөлімде іс-әрекеттің белгілі бір саласы бойынша жеткен жетістіктеріңіз бойынша құжаттар жинақталады. Ресми құжаттардың тізімін келесідей орналастыруға болады: