Қабдолов Бекжасар Табиғи-техногенлік қауіп қатер



Дата31.12.2021
өлшемі18,09 Kb.
#21170
Байланысты:
тарих сөж


Қабдолов Бекжасар

Табиғи-техногенлік қауіп қатер

1курс

СӨЖ -1


Қазақстандағы ашаршылық 1921 жылғы және 1931-33 жылдардағы

Менің атамның айтуы бойынша.

Менің атама бұл оқиғаны атамның әкесі айтқан екен. Ашаршылық жылдар басталар жақын қарапайым халықтан көбінің малдарын , егістіктіге егіндерін жоғары жақтан тартып алынды.содан көп адам азық түліксіз қалған. Ашаршылық кезінде көп адамдар жердегі жәндіктер жеуге шейін дайын, шөптіде жеген кездер болған. Кейбір ақшасы бар адамдар басқа жаққа көшіп өздерін аман алып қалған. Ақшасы жоқ кедейдер өліп көмусіз жатқан. Менің атамның әкесі ашаршылық кезі шет ел көшіп өзін отбасын сақтап қалған. Содан 20 жыл соң Қазақстан оралған екен.

Деректер бойынша.

1931-1933 жж. Қазақстандағы ашаршылық әуелеіздітімізді алып, егеменді ел болып жатқан кезде ұзақ жылдар бойы отаршыл ықтың тұтқынына түскен санамыз қайта жанданып, даму үрдісін бастан өткізуде. Кеңес үкіметі кезіндегі айтылмаған, айтылуға тыйым салынған көптеген тарихы құнды деректерімізді зерттеуге бет бұрып жатырмыз. Соның бір жарқын көрінісі ретінде ұлттық демографиямызда орын алып отырған өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары қазақ халқының демографиялық мәліметтерді білуге деген қызығушылығы артып, қазақ ұлты өз жерінде қалай азшылыкка үлырады деген сауалдар әркімді де ойландырары сөзсіз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ Қазақстанда ХХ ғасыр ірі тарихи оқиғалармен срекшеленеді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы – қазақ халқының өмірінде бетбұрысты кезең деп саналады. Әсіресе 20-30 жылдарындағы ашаршылық апаты немесе «Ұлы жұт» қазақ тарихының қасіретті беттерін айғақтайды. Зертеуші ғалымдар осы мәселемен айналысып, Қазақстанда халқы бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен және оны үш кезеңге бөліп қарастырады:

1919 - 1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам)



1931 - 1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам) 1946 жылдары болған аштық. Әрине, бірінші ашаршылық та сұмдық болды. Бірінші ашаршылық 1919-1922 жж. болған. Осы жылдары аштық кезінде 1,5 млн жуық адам шығыны болды. Ол көбінесе елдің оңтүстік аймақтарын қамтыды, нак осы және басқа да деңгейде Қазақстанның барлық тұрғындары да зардап шекті. Екінші ашаршылық, әртүрлі мәліметтер бойынша, 1930 -жылдарда 1,5 млн нан 2,5 млн. адамға дейін болды. Ал, үшінші ашаэшылық соғыстан кейінгі еліміздегі экономикалық ахуалдарға байланыты туындады. Бірақ та, бұл ашаршылық сол жылдары халыктан жасырын түрде ұстады. Осылайша,қазақтар іс жүзінде 15-20 жылдың ішінде халқының жартысына жуығынан айырылған. Әтемдік тарих мұндай кең ауқымды ашаршылықты білген емес.Сондықтан, осы қасіретті әрбір қазақ білуге міндетті және есте сақтап,ұмытпауымыз тиіс.

Қазақстандағы 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 1921-22 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да, жаралы жыл болып енді. Алайда бұл жылдардағы ашаршылық мәселесі тархымызда толықтай ашылып айтылған емес. Кеңес басшылары халық басынан өткен ашаршылық зардаптарын жасырып қалды. 1921-22 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама тоқырауға ұшырады. Әсіресе, Орталық, Батыс облыстар, атап айтқанда, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары, Адай уезі ашаршылық тырнағына ілініп, осының салдарынан мыңдаған адамдар аш-жалаңаш калды. 1921 жылғы аптап ыстық және қара шегірткенің қаптауы егістік пен шөпті толықтай жойды. «Қызыл Қазақстан журналында бұл жөнінде:«Астықтың жоқтығынан малдың көбі пышаққа ілініп, біразы жұтқа ұшырап, құруға айналды. Астық тұқымы тағы да жоқ. Егіннің шықпай қалуы да, мал өсіруші шаруаға көп зиянын келтіріп отыр, - деп жазды Ашаршылықтың шығу себебі біріншіден, азамат соғысы кезінде халық шаруашылығының күйзелуінен екіншіден, егіс пен мал шаруашылығының кері кетуінен деп түсіндірілді. Шындығында, да азамат соғысы қазақ шаруашылығына көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмеді. алық бидай алу үшін малдарын айырбастауға мәжбүр болды немесе сойып сатты. Бұл мал басының азаюына алып келді. Оның үстіне 1921 жылғы аптап ыстықтан малға азық боларлық шөп күйіп кетті.1920 жылы егіс көлемі 20 %-ға, ал мал басы 67 %-ға, ал 1921 жылы егіс көлемі 47 %-ға, мал 83 %-ға азайған Бұл көрсеткіш 1922 ж. бірнеше есеге көбейді.Халық арасында жұқпалы (эпидемиялық) аурулар кең етек жайды. Әсіресе, сүзек, тырысқақ, іш безгегі сияқты аурулар ашыққан адамдардың арасында тез тарады. Үкімет орындары бастапқы кезде бұл жұқпалы ауруларды ауыздықтауға дәрмені жетпеді. Оған себеп, ауылды жерлердеарнайы дәрігерлік бөлімшелердің болмауы мен медициналық дәрі-дәрмектің жетіспеуі болды. 1921 жылдың тамызында Сібірдегі ашыққандар Семей губерниясын арқылы қазақ жеріне ішкерілей еніп, Лепсі уезіне қарай жылжыды. Ашыққан босқындар үезге қарай оба ауруын ала келді. Оба ауруы Лепсі уезінің барлық ауылдарына тарап, Талдықорған уезіне де жетті. Бұл өлкеде аз уақыттың ішінде 2152 оба ауруына шалдығып, оның 1294 адамы өлген, бұл 55 %-ды көрсетеді. 1921 жылы Қазақстанда 2093000 десятина жерге егін егіліп, бұл жерлерден орта есеппен 70 миллион пұт астық алуға тиіс еді. Алайда, бұл көрсеткішке жете алмады. Халықтың тұқымдыққа деп отырған бидайлары тартып алынып, мемлекет есебіне өткізіліп, орталыққа жөнелтілді. Оның үстіне үкімет салығы халықты титықтатып жіберді. 1921 ж. Халық Комиссарлар Кеңесі ауыл шаруашылығының барлық өнім түрлеріне салық мөлшерін белгіленген құжаттырн жариялады. Салық белгілі бір мерзім аралығында төленуге тиіс болды. Егер де салық төленбеген болса, шара қолданылып, жауапкершілікке тартылды. Салық жинау барысында шолақ белсенділер салық төлей алмағандарға күштеп қысым жасап, дөрекі озбырлыққа дейін барды. Қазақ кедейлерінің қолындағы соңғы малына дейін тартып алу жәйттері де кездеседі. Онымен қоса, 1920 жылдың тамызынан жылдың маусымы аралығында Орталық Қазақстанға 35 млн. пұт астық жинауды міндеттеген. Ал 1922 ж. егістіктен жиналған қазақтардың 54 миллион 734 мың 449 пұт астығын, оған қосымша 41 Миллион пұт астығын салық деп тартып алған. Қазақ азаматтары салық мөлшерінен» тыс ашыққандарға көмек көрсетуге тырысты. Мысалы Қостанай уезінің Әйет болысының №1 ауылының қазақтары Иманбаев, Иманқұлов, Тілеубердиндер аштарға жәрдем үшін комиссияға ақшадан басқа екі ат берген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет