Абдрахманова Жаннур Сериковна Мекеме



бет1/4
Дата06.10.2023
өлшемі67,32 Kb.
#112992
  1   2   3   4
Байланысты:
Экономика


Абдрахманова Жаннур Сериковна
Мекеме: К.Нургалиев атындагы колледж
e-mail: abdrakhmanova.zhannur@inbox.ru

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ТАЛДАУ




Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасының медициналық қызметтерінің соңғы 5 жылдық нарығы талданады. Дамыған мемлекеттер қатарына қосылудың бірден-бір кепілі – дені сау ұрпақ пен қоғам. Осы тақырыпта медициналық қызметтердің аясын кеңейту және қолжетімділігін бақылау мақсатында мақаланың негізгі өзегі сақталып отыр.
Соңғы жылдарда денсаулық сақтау саласында көптеген қаржылық-экономикалық өзгерістер орын алуда. Оған қарамастан саланың тұтастай, әрі толық қаржылық қамтамасыз етілуі, тұрғындардың сапалы медициналық қызметтерді пайдалануы және білікті медициналық кадрлармен жеткілікті түрде қамтамасыздануы сияқты күрделі мәселелер өз шешімін толық таппай келеді.
Қазақстандағы медициналық қызметтерді жетілдіру аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып, мемлекеттік және нарықтық реттеу шараларын тиімді қолдана білудің күрделі кешенін көрсетеді. Сондықтан, зерттеу тақырыбының өзектілігі отандық денсаулық сақтау жүйесінде болып өткен терең қайта құрулардың әсерінен, денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістер мен экономикалық мәселелерге байланысты анықталынған.
Кілт сөздер: Қазақстан Республикасы, нарық, мединициналық қызметтер, денсаулық сақтау.
1 Кіріспе. (Абдрахманова Ж.С.)
Адамның өмірі және денсаулығы кез келген қоғам мен мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын аса жоғары әлеуметтік кұндылықтар болып табылады. Бүгінгі таңда адамның денсаулығы гылыми және әлеуметтік проблема ретінде жаһандық деңгейде қаралатын басымдығы жоғары мәселелердің қатарына кіреді. Адамның денсаулығы ұлттық байлық, еңбек әлеуеті және еңбек ресурстары жайында мәселелерді талқылаған кезде ескерілетін бірден-бір маңызды фактор болып табылады. Нәтижесінде адамның денсаулығы өндірістік қатынастардың барлық жүйелерінің тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып саналады.
Нарықтық қатынастарға негізделген, көптармақты, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру тек қана позитивті өзгерістерге (мемлекеттік бюджеттен басқа да қосымша қаржыландыру көздерін құру, саладағы бәсекелестікті дамыту, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын көтеру, денсаулық сақтау мекемелерін басқару жүйесін жетілдіру және т.б.) ғана алып келмей, шешімін табуды қажет ететін көптеген сұрақтарды туғызады. Бұл сұрақтардың шешімін ғылыми түрде негіздеу денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жүйесінің өзекті мәселелерін кешенді түрде зерттеуді талап етеді. Еліміздің денсаулық сақтау саласының экономикасын зерттеуге арналған ғылыми жұмыстарда денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың жекелеген сұрақтары, саланы тиімді ұйымдастырудың кейбір мәселелері қаралғанмен, республикалық деңгейде денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын және оның әлемдік стандарттарға сай келуін қамтамасыз ететін қаржыландыру жүйесінің қалыптасуы мен даму мәселелері кешенді түрде зерттелмеген. Осы орайда таңдалып алынған тақырыптың өзектілігі ешқандай күмән тудырмайды. Яғни денсаулық сақтау саласын қаржылай қамтамасыз ету мәселелерін теориялық және әдіснамалық негізде талдау, саланың бәсекеге қабілеттілін қамтамасыз ететін факторларды ғылыми тұрғыда негіздеу тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер нарығын талдау барысында алдымызға мынандай мақсат-міндеттер қойдық:

  1. ҚР денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін көрсеткіштерді анықтау және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметтер нарығын теориялық тұрғыда негіздеу;

  2. қаржыландырудың әлемдік денсаулық сақтау жүйелерінде қолданылатын үлгілеріне баға беру және Қазақстанның денсаулық сақтау саласын қаржыландыру моделінің авторлық нұсқасын ұсыну;

  3. денсаулық сақтау саласының қаржы ресурстарының қазіргі жағдайына талдау жасап, саланың қаржылық қажеттілігіне баға беру;

  4. денсаулық сақтау мекемелерінің ресурстар базасының жағдайына талдау жасап, оны жетілдірудің басыңқы бағыттарын ашып көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет