1.Тура геодезиялық кертпе
Тура геодезиялық кертпе сызықтық өлшемдердi атқару ынғайсыз жерде орналасқан қосымша нүктенің координаталарын жергiлiктi жердегі координаталары белгiлi екi бастапқы пункттердiн негiздері арқылы анықтау кезiнде колданылады. Ол үшiн 4 және В бастапкы пункттерiне , реттiлiк турде теодолиттi орналастырып бастапкы АВ бастапкы кабырғасы жане анықталатын нүктесі М арасындағы В, В2 горизонталь бұрыштарды өлшеу жеткiлiктi болды.Түсіріс геодезиялық торлардың пункттары көп немесе уақытша белгілермен бекітіледі: ағаш қазықшалар немесе метал трубалар бөліктерімен.
Тура геодезиялық керітпе геодезиялық тірек жүйелеріндегі пункттердің теодолиттік және тахеометрлік жүрістерге байланысы кезінде қолданылуы мүмкін, осыған қосымша белгілі бір нүктедегі φ1 (немесе φ2 ) бұрыштарын өлшеу қажет. Ізделінетін нүктенің координаталарын жоғарғы дәлдікте, сенімді анықтау үшін, үш немесе одан да көп пункттерден көпреттік тура керітпелер тәжірибеде жиі қолданылады. Геодезиялық кертпелер сонымен қатар геодезиялық жұмыстар тәжирибесiнде құрылыс және өндiрiс алаңдарында құрылыс тор төбелерiнiң координаталарын анықтау үшін қолданылады.
Дирекциондық бұрыш (. Фр direction — бағыт) — абсцисса өсіне Ох параллель сызық пен мәлім түзу сызық арасындағы бұрыш; ол Ох осінің солтүстік бағытынан сағат тілінің жүрісі бойынша мәлім бағытқа 0°-тан 360"-қа дейін есептеледі. Дирекциондық бұрыш бағыттын басы және соңы индекстермен көрсетілген а әрпімен белгіленеді.
Горизонталь бұрыш - горизонталь жазықтықта жатқан және вертикаль жазықтықтармен пайда болған екі кырлы бұрыш шамасын білдіретін жазық бұрыш.
Румб — солтүстік - оңтүстік сызығы мен көкжиектегі белгіленген объектіге бағытталған сызық арасындағы бұрыш. Навигацияда кеменің, ұшақтың бағытын, мұхит ағыстарының бағытын анықтау үшін қолданылады
Өлшем бірлігі. Геодезияда Румб — белгіленген нүктеге қарайғы, меридианнан екі жаққа 0-ден 90°-қа дейін есептелетін бағыт пен меридиан арасындағы бұрыш. Румб термині негізінен навигацияда кеме, ұшақтың және т.б. бағытын білдіру үшін немесе көрінетін затқа, маякқа бағыттау мағынасын, метеорологияда желдің бағытын білдіреді. Қазіргі кезде Румб термині кеме жүргізу саласында сирек қолданылады.(1-кесте)
1-кесте
Есепті шығару келесі тәртіп бойынша орындалады:
Достарыңызбен бөлісу: |