2. Негізгі бөлім Ерте темір дәуірі тайпаларының мәдениеті. Хронологиясы.
Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ғасырда) Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды.Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды.Үйсін мемлекетінің басында үлкенкүнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған.Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды.
2. Негізгі бөлім Ерте темір дәуіріндегі тайпалар мәдениеті; Хронологиясы
Қаңлы мемлекеті( б.з.д 2-3-б.з 5)- Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды.
2. Негізгі бөлім Ерте темір дәуірі тайпаларының мәдениеті. Хронологиясы
Ғұндар (б.з.д 4-б.з 3ғ)— көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Сонау Еуропаны жаулап алған алғашқы тайпалардың бірі.
Сарматтар(б.з.б 8-б.з 5 ғ) - Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, солтүстік Қара теңіз өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы.Сарматтар”,“Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады.